Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет51/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

4.7.3. Метаморфтық тау жыныстары
Үлкен тереңдікте өтетін ауысу процесінде шөгінді немесе магмалық 
тау жыныстарының тек сыртқы түрі ғана өзгеріп қоймайды, соны-
мен қатар оның минералдық құрамы жəне құрылымы өзгереді. Мы-
салы, кеуекті бос əктас, тығыз кристалдық мраморға – метаморфтық 
жынысқа айналады. Теңіз немесе мұхит түбінде жиналған əк тас 
қабаты уақыт өте келе оған қысым түсіріп, мұхит түбін оя бастайды. 
Пайда болған шұңқыр қысымының əсерінен күн өткен сайын тереңдей 
береді. Тереңдік өзгерген сайын əктас жыныстары температурасы жəне 
қысымы да, жоғары жер қойнауына ене береді. Уақыт өте келе ол балқи 
бастайды. Нəтижесінде құрамындағы молекулалар бастапқы орында-
рын ауыстырады да басқа түрде топтаса бастайды. Осы масса қайтадан 
жоғары көтеріліп, жер бетіне шыққанда, суынады жəне кристалданады. 
Бірақ ол сол əк тас түрінде қалмайды, мраморға айналады. Оның түсі 
де əртүрлі болады. Егер осындай метаморфизация процесінде таза бор 
немесе əк тас түсетін болса, ақ мрамор түзіледі. Егер əк тас құрамында 
темір тотықтары болса, қызыл мраморға ал көміртегі заттарынан қара 
сұр мрамор түзіледі.
Егер құм жоғары температура жəне жоғары қысым жағдайында 
жартылай балқып, содан кейін кристалданатын болса, құмтас пай-
да болады. Гранит метаморфизация процесіне ұшыраса гнейстер 
түзіледі. Сазды сланецтер-шынылық яшмаға көшеді.
Маңызды метаморфтық жыныстардың қатарына кристалдық 
сланецтерді жатқызуға болады. Олар кварцтан дала шпатынан, слю-
далардан жəне басқа минералдардан (магмалық) тұрады.


123
Сазды сланецтер үлкен қысым жəне жоғары температура жағ-
дайларында цементтелінген саз материалдарынан түзілген. Бұл 
теңіз түбінің біртіндеп жер қойнауына енуінен болған. Уақыт өте 
келе теңіз түбі қайтадан орнына келген онымен бірге сазды сла-
нецтерден құралған геологиялық қабаттастық та жер бетіне 
көтеріледі. Олардың бірнеше қабаттан тұр механикалық жəне 
химиялық құрамының ерекшеліктеріне байланысты болады. 
Сланецтердің тығыздығы əр түрлі жəне түсі де əр алуан болуы 
мүмкін. Олар көбінесе, кеуекті құрылымға ие болып, түсі сарғылт-
сұр болып келеді, тіпті, қара қошқыл түрлері де кездеседі. Мұны 
оның құрамындағы көмірге айналған органикалық қалдықтардың 
қоспаларымен түсіндіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет