Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет47/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

108
4.5. Балшықты минералдар
Балшықтар – сазды-минералдар борпылдақ жыныс құрамына 
кіретін екіншілік минералдар, суға жақсы иленеді, кұрғағанда 
қатаяды. Олар – кең тараған топырақ құраушы жыныс (жайылмалық, 
мұздық, лёстік, т. б.), төрттік дəуірдегі балшықты минералдар мен 
бастапқы минералдар түйірлерінен (дала шпаты, слюда, кварц, 
амфибол, т.б.) тұрады. Балшықты минералдарға сулы силикаттар 
(кремний қышқылының тұздары) жатады.
4-кесте
Балшықты минералдар қасиеттері мен құрамы
Балшықты 
минерал-
дар
Қасиеттері мен құрамы
0,001 
мм-ден 
төменгі 
түйірлер
0,2 мкр-
нан 
төмен 
коллоид-
тер, %
сіңіру 
көлемі, 
мг-экв 
100 г. 
Т-та
суда 
ісіну 
көлемі, 
рет
гигрос-
копия-
лыгы, 
%
Si, Аl, 
т.б. 
элемент-
тер, %
SiO
2

Al
2
O
3
рет
Монтмо-
риллонит 
Сулы 
слюда 
Каолинит
60
-
-
40–50
-
-
80–120
45–50 
25
5–10
орташа
аз
25
10 
5–7
4–5
Mg
6–8
-
4

2
Кристалдық құрамы оттекті кремнийдің тетраэдралы (төрт 
қырлы) жəне оттекті алюминийдің октоэдралы (сегіз қырлы) өте ұсақ 
түйірлерінен тұрады. Бұл минералдардың физикалық-химиялық 
қасиеттері (иленгіштігі, суда ісінуі, бөртуі, сіңіргіштігі) бастапкы 
минералдар құрамына байланысты. Бұлардың физикалық-химиялық 
қүрамы кестеде келтірілді.
Топырақ типтеріне сəйкес балшықты минералдардың түрлері мен 
түйірлер мөлшері өзгеріп отырады. Қара топырақта монтморилло-
нит қызыл топырақта каолинит, боз топырақта сулы слюда мен монт-
мориллонит, басым. Балшықты минералдар мөлшері жоғарылаған 
са йын топырақтың механикалық құрамы ауырлайды, түйірлер 
байланысы мен жабысқақтығы күшейеді жəне сіңіру көлемі еседі. 
Балшықты минералдар – топырақ түйіршектігінің негізі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет