Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Əртүрлі тау жыныстарынан түзілген топырақтардың



Pdf көрінісі
бет49/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

4.7. Əртүрлі тау жыныстарынан түзілген топырақтардың 
минералогиялық құрамы
Жер қыртысында белгілі бір массивтер немесе қабаттар түрінде 
орналасатын минералдар жиынтығын тау жыныстары деп атай-
ды. Олар топырақ түзілетін жыныстардың беткі қабатынан 
құнарлы топырақтың қабаты пайда болады. Сондықтан тау 
жыныстарының ерекшеліктері топырақтардың физикалық жəне 
химиялық қасиеттерін анықтайды. Мысалы, құм қабаттарынан саз-
ды топырақтар түзілмейді, сазды жыныстарда құмдақ топырақтар 
құрылмайды. Граниттерде құнарлы заттары аз топырақтар түзіледі, 
ал базальттар, керісінше, құнарлы заттарға бай топырақтардың 
түзілуіне ықпал жасайды. Өзінің құнарлығымен белгілі қара 
топырақтар едəуір дəрежеде, лескежіне лестік саздақтарға міндетті. 
Өйткені осы жыныстардың қасиеттері қара топырақтардың пайда 
болуына сепебкер болады.
Тау жыныстарының сипатына жəне оның жатыс жағдайларына 
табиғи ландшафттың ерекшеліктері, гидрография, өсімдік 
жамылғысының түрі жəне таралуы бағынышты болады.


115
Тау жыныстарының жоғарғы, бұзылу процестеріне ұшыраған 
тығыз немесе тығызданбаған бөлігі үгітілу қабығы деп аталады.
Түзілу жағдайларына байланысты тау жыныстары массивті 
– кристалдық (магмалық), шөгінді жəне метаморфтық деп 
бөлінеді. Біріншілерінің үлкен бөлігі кристалдық құрылымға ие, 
кей жағдайларды ғана əйнектік құрылымы болады, екіншілеріне 
сынықтық құрылым тəн, үшіншілерінің құрылымы кристалдыққа 
жақын.
Массивті – кристалдық жыныстар жердің ішкі қойнауынан 
көтеріліп, төгіліп қатқан магмадан құралады. Бұлар жердің қатты 
қабығын құраған бірінші жыныстар болғандықтан бастапқы деп 
аталады.
Шөгінді жыныстар бастапқы жыныстардың үгітілуі нəтижесінде 
жəне осы үгітілуге ұшыраған жыныс бөліктерінің желмен, сумен 
немесе мұзбен тасымалданып жер бетіне немесе су айдындарына 
жиналуынан пайда болған. Сондықтан олар туынды немесе екінші 
жыныстар деп аталады.
Метаморфтық жыныстар қойнауына тереңірек енген шөгінді жы-
ныстардан құралған. Жоғары температура жəне қысымының əсерінен 
шөгінді жыныстар қатты тығыздылады, бір бөлігі балқиды жəне 
цементтелінеді. Шөгінді жыныстардың барлық өзгеру процестерін 
метаморфизация деп атайды. Осындай метаморфизация процесіне 
мессивті кристалдық жыныстар да ұшырау мүмкін.
Жоғарыда аталып өткен үш топтың əрқайсысы жатыс сипаты-
мен химиялық, минерологиялық жəне физикалық қасиеттерімен 
ерекшеленеді.
4.7.1. Массивті-кристалдық тау жыныстары
Массивті-кристалдық тау жыныстары: эффузивтік жəне 
интрузивтік сияқты екі үлкен топқа бөлінеді. Жер қойнауындағы 
магма жоғары көтеріліп жер бетіне жетпей жатып біртіндеп суы-
нып, жоғарғы қысымда қата бастауы мүмкін. Осындай жағдайларда 
түзілген тау жыныстарының химиялық жəне минералогиялық 
құрамы бірдей болса да, сыртқы пішіні, физикалық қасиеттері 
өзгеше болады. Бірінші жағдайда түзілген жыныстар шөгінді немесе 
эффузивтік, екіншісі – тереңдік немесе интрузивтік деп аталады. Осы 
екі топтың жыныстарын құрамындағы минералдардың қасиеттері 
арқылы тұрғыдан алғанда массивті кристалдық жыныстардағы 


116
кремнеземнің (SiO
2
) мөлшері ерекше рөл атқарады. Оның мөлшеріне 
қарай жыныстар қышқыл, орташа, негізгі жəне ультра негізгі болып 
бөлінеді.
Магмалық жыныстардың сипаттамасы:
Гранит – сұр, қызғылт, қоңыр түсті тереңдік қышқыл жыныс. 
Оның негізгі түсі (бояуы), далалық шпаттың түсіне байланысты бо-
лады
Граниттің құрамындағы далалық шпаттың мөлшері 40-60% 
құрайды. Граниттің құрамына далалық шпаттан басқа, кварц, слюда, 
авгид кіреді. Жыныстың құрылымы – толық кристалды түйіршікті, 
текстурасы біртекті шомбал, жатыс пішіні батолиттік, шток, дайка.
Сиенит – ортоклаздық толық кристалды тереңдік жыныс. Орта-
клаздан, биотиттен, пироксиъениттен құралған. Сиенит гранитке 
ұқсас, бірақ құрамында кварц жоқ.
Трахит сиенит тəріздес. Құрамы да сонымен бірдей, бірақ майда 
түйіршікті.
Габбро – қара, сұр жəне жасылдау түсті негізгі тереңдік жыныс. 
Үгілуге ұшырағанда жасылдау түске енеді. Құрылымы бірыңғай 
түйіршікті, кристалдары майдадан іріге дейін өзгереді.
Андезит – эффузивтік жыныс, плагиоклаздан құралған. Түсі 
ақшыл сұр немесе солғын қызғылт. Құрылымы жасырын кристалды. 
Текстурасы шомбал немесе порфирлі.
Базальт – габбро жынысының эффузивтік аналогы. Түсі қара 
сұрдан қараға дейін. Плагиоклаз авгит, оливиннен құралған. Кей-
де құрамына айтарлықтай мөлшерде магнетит түйіршіктері кіреді. 
Тығыз, аракідік, порфирлі құрылымы бар. Қара қошқыл түсті жалпы 
массадан авгиттің қара, оливиннің сары жасыл кристалдары көзге 
түседі. Базальт бағалы топырақ түзуші жыныс.
4.7.2. Шөгінді жыныстар
Шөгінді жыныстар жер қыртысының беткі қабатында əртүрлі 
жолдармен түзіледі. Бастапқы тау жыныстарының үгітілуге 
ұшыраған бөлшектері сумен, желмен жəне мұздықтармен тасымал-
данып, орнын өзгертіп басқа жерлерге жиналады. Ол сонымен қатар, 
химиялық жолмен жəне организмдердің тіршілік əрекеттерінің 
əсерінен де пайда болады.
Шөгінді жыныстардың құрамы жəне құрылымы алуан түрлі. 
Сондықтан оларда физикалық жəне химиялық қасиеттері əртүрлі 


117
топырақтар түзіледі. Олардың түзілуінде климат жəне жер бедері 
(рельеф) үлкен рөл атқарады. Осы факторлардың арқасында үгітілуге 
ұшыраған бөлшектердің алынатын жəне жиналатын аймақтары 
анықталады. Шөгінді жыныстарының құралу кезеңін:
1. Мүжілуге ұшыраған заттардың жиналуы;
2. Мүжілуге ұшыраған заттардың тасымалдану;
3. Осы заттардың жаңа орынға жинала бастауы;
4. Тығыздалып, тасқа айналуы деп 4 кезеңге бөлуге болады.
Тасқа айналу кезінде жыныстардың тығыздығы құрылымы, 
минерологиялық құрамы өзгереді.
Шөгінді жыныстар магмалық жыныстардан құрамы жəне 
құрылымы жағынан айырықшаланады. Олар борпылдақ, сусымалы 
жəне цементтелген күйде болады. Магмалық жыныстарға қарағанда, 
жалпы калийдің, натрийдің көп болуы, судың жəне СО
3
2-
ионының 
мөлшері жоғары болуы шөгінді жыныстарына тəн мəселелер. 
Минералогиялық құрамында да айтарлықтай өзгешелік бар. Жер 
қыртысының жоғары бетінен кездесетін магмалық жыныстардың 
минералдың көбісі тұрақсыз, бір түрден екінші түрге ауысып кетіп 
отырады. Мысалы, оливин – серпентинге, далалық шпат – саздық 
минералдарға. Шөгінді жыныстардағы көптеген минералдар мыса-
лы көмір тұзы, гипс, фосфоттар, магмалық жыныстарда кездеспейді. 
Шөгінді жыныстардың өзіндік ерекшелігі – химиялық құрамы 
жағынан біртектес минералдың көп мөлшерде шоғырлануы: көмір 
қышқыл кальций, гипс, фосфориттердегі фосфоттар, ас тұзы, бок-
ситтер жəне басқалар.
Шөшінді жыныстарды сынықтық, химиялық жəне органогендік 
деп бөледі (5-кесте).
5-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет