Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет123/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Шымды-күлгінді топырақтардың күлгінді топырақтардан 
айырмашылығы сол, мұнда орман төсеніші жөнді емес, қалыңдығы 
небары 2-3 см ғана. Төсеніштің өзі тек сынып түскен, шіріген 
ағаштар мен қураған шөптердің қалдықтарынан тұрады.
Бұл төсеніштен кейін шымды қабат басталады. Оның түсі – 


305
қоңыр-сұр, қалыңдығы 10-20 см. Бұл қабатта негізінен шөптердің 
тамырлары таралған. Ал одан кейін аса дамымаған күлгінді қабат 
жатыр. Тек қана шалғын шөп өсетін ормансыз жерлерде шымды-
шалғынды топырақтар кездеседі. Бірақ бұл зонада олар көп емес. 
Оның біразын шалғынды батпақты топырақтар алып жатыр.
Өсімдіктер үшін қоректік заттарға бұл зонаның топырақтары ке-
дей, оның қарашірігі де өте аз (0,5-1,5%), топырақ ортасының реак-
циясы кышқыл (рН 4,5-5,5).
Бұл зонада ТМД елдерінің негізгі орман шаруашылығы дамыған. 
Егін, бау-бақша егуге зонаның батыс еуропалық жақ бөлігінде тек 
4,5-5,0% жері ғана игерілген.
Халық тығыз орналасқан Мəскеу, Санкт-Петербург, Балтық бойы 
мемлекеттері, Беларус аймақтарындағы зонаның көп жерлері көптен 
егіншілікке игеріліп, топырақтары жақсы өңделіп, тыңайтқыштар 
енгізудің. нəтижесінде қолдан мəдениленген топырақтарға айналып 
жақсы өнімдер беруде. Бір жақсысы бұл аймақтарда ауадан түсетін 
ылғал еккен егістіктерді жақсы қамтамасыз етеді. Сондықтан мұнда 
көптеген көкөністер, картоп, мал азықтық шөптер, астық егістері 
тұрақты жақсы өнім береді. Тек бұл аймақтарда күн көзін мол пай-
даланатын дақылдар егілмейді.
Бұл топырақтарды егістік жерге айналдыру үшін міндетті түрде 
органикалық жəне минералды тыңайтқыштар ендіріп, топырақтың 
қышқыл реакциясын төмендететін əк қолдану қажет. Соңғы жылдары 
ТМД елдерінің қара топырақты емес алқапты ауыл шаруашылығына 
кең көлемде игеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет