Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет124/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

12.7. Əлемнің топырақ қорлары
Күн жүйесіндегі планеталар ішінде тек қана Жерде тіршілік бар. 
Себебі мұнда құнарлы топырақ, ал топырақта əрқилы өсімдіктер 
өсіп, органикалық заттар қорын жинап ауаға оттегіні бөліп шығарып, 
басқа тіршіліктің дамуына жағдай туғызады. Дегенмен, планетамыз-
да да тіршілік дамыған, яғни құнарлы топырақ қабаты бар аймақтар 
аса көп емес. Жердің басым көпшілігін, 71%-ын мұхиттар алып жа-
тыр, онда тек су өсімдіктері, негізінен балдырлар өседі. Сонда құрғақ 
жердің үлесі небары 29% ғана. Құрғақ жердің барлығында бірдей 
құнарлы топырақ қаптап жатқан жоқ. Көп жерлерді мəңгі қарлар 
мен мұздар алып жатса, біраз аймақтарда жылжымалы құмдар мен 
20–1427


306
жалаңаш тастар, біраз аймақтарды жалтыр, тақыр жерлер қамтиды. 
Құнарлы жерлердің көп аймақтарың халық мекендеген қалалар мен 
ауылдар, жолдар мен су қоймалары, аэродромдар, т.б. көптеген ком-
муникациялар алып жатыр. Бұл жөнінде жалпы мəліметтер 22-кес-
теде келтірілген. Ф. Н. Шипуновтың мəліметі бойынша (1968) 
құрғақ жерлердің мөлшері миллиард гектар есебімен.
22-кесте
Дүние жүзілік топырақ картасының авторының бірі В. А. Ковданың 
мəліметіне қарағанда (1974),
Құрғақ 
жер 
көлемі
Антарктида 
көлемі
Антарктиданы қоспағандағы құрғақ жерлер
Жыртылған
жерлер
Шалғынды 
жерлер мен 
жайылым
Орман-
дар
Қазіргі 
пайдала-
нылмай 
жүрген 
жерлер
Басқа 
жерлер
Бар-
лығы
14,9
1,4
1,4
2,6
4,0
0,4
5,1
13,5
Құрғақ жерлерде 70%-ы аз өнім беретін алқаптар, онда 20%-ы өте 
салқын аймақта, 20%-ы өте құрғақ аймақта, 20%-ы өте биіктік бет-
кейлерде орналасқан, ал 10%-ы топырақ қабаты өте жұқа. Сонымен, 
құрғақ жердің тек 30%-ы ғана ауыл шаруашылығына пайдаланылып 
жүр. Оның ішінде 10%-ында егіншілік егілсе, 20%-пайызы жайы-
лым, шалғынды жəне шабындық жерлер.
23-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет