Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Тайгалы-орманды зоналарының топырақтары



Pdf көрінісі
бет129/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

12.12. Тайгалы-орманды зоналарының топырақтары
Тайгалық аймақтың климаты заңды солтүстіктен оңтүстікке 
қарай өзгереді, яғни радиация балансы артып батыстан шығысқа 
қарай ызғарлы өседі. Карелия тайгасында орташа жылдық жəне 
шілделік температура сəйкес -10-нан +15
0
С-қа ауытқиды, орташа 
жылдық атмосфералық түсім 500 мм-ге тең. Енисейден əрі шығысқа 
жылжығанда аймақтың климаты ызғарлана түседі жəне элементтері 
сəйкес -30
0
+7,5
0
С мен 200 мм-ге дейін төмендейді. Аймақтың жазы 
қоңыр салқын, оң ылғал балансты, яғни ылғал түсімі буланудан асады 
да, топырақ, кескінінде ылғалдану шайылмалы типті қалыптасқан. 
Оған таяз жатқан тоңда ықпалын тигізеді. Топырақ құраушы жыстар 
көбінесе мұзаттық немесе мореналық ысырындыларынан тұрады. 
Сирек көл мен мұзарттың ауыр салындылары жолақты балшықтар 
кездеседі. Орал тауына қарай жылжығанда, борпыл жыныстар 
қойтастардан ажырап, құмбалшықтанады.
Аймақтағы басты өсімдік типі – бүрілі орман. Балтық қалқаны 
территориясындағы басым ағаш түрлері – аққарағай, шығыс жағында 
– шырша, май қарағай, Оралдан əрі соңғысы көбейіп, балқарағай мен 
самырсын қосылады. Орталық жəне шығыс Сібір жерін ашық бүрілі ор-
ман басқан, ол: солтүстік аймақшада батпақты бүрілі ормандар, оңтүстік 
аймақшада биік діңді бүрілі ормандар тараған болып екіге бөлінеді.
Шығыс-Еуропалық солтүстік жəне орталық тайгасында 
иллювийлі-қарашірінділі жəне иллювийлі-темірлі күлгіндер тараған. 
Шығыс Еуропа тайгасында гидроморфты топырақтар жаралуы 
батпақтану процесіне байланысты. Батпақты ойпаңдар жағалауында 
батпақты-шымтезекті, торфты-глейлі топырақтар қалыптасқан. 
Оларда шымтезек қабаты 30 см-ге жетеді, оның астында көгілдір 
глейленген жиек жатады.


329
Күлгін топырақтар айқын құмды жəне құмайтты жыныстарда 
дамиды. Топырақ кескіні қалыптасуында минералдық түйірлердің 
жылжуы байқалмайды, өте майда түйірлер тым аз. Күлгіндік жиек-
те темір тотығының азайғаны көрінеді де, В жиекте оның мөлшері 
артқан.
Шымды күлгінді топырақ – Шығыс Еуропалық тегістігіндегі 
оңтүстік тайгада аралас ормандар мен шабындық шөптесіну өсетін 
жерде жаралатын топырақ. Күлгін қабатын шым басып, топырақтың 
құнарлығы арта бастайды. Шымды қабаттың қалыңдығы өскен са-
йын күлгін қабат бірте-бірте жұқаланады да, күлгінденуі басылады. 
Соған сəйкес жұқа орташа жəне қалың шымды, қалыңдығы орта-
ша жəне өте күлгінді топырақтар құралады. Құнарлығы жоғарысы- 
қалың шымды аз күлгінді. Топырақ шым қабаты гумуске, қорек зат-
тарына бай, бейтарап орталы жұту сыйымы жоғары, берік, уақ дəн 
түйіртпекті келеді. Одан төмен элювийлі күлгін қабатша керісінше, 
қышқыл орталы, құнарсыз болады.
Топырақ құралу жағдайлары тайга аймағында, Енисейден 
шығысқа қарай, күрт өзгереді, климаты ызғарланады. Бұл өлкеде 
тұтас мəңгі тоң тараған өсімдік жамылғысы да ерекше, топырақ 
құрайтын жыныстар тас сынықтары мен үгіндісінен тұрады, қабаты 
жұқа болады. Сондықтан Орталық пен Шығыс Сібірде күлгін 
процесі айқын басылып, ерекше тайгалық қоңыр тоңды темірлі 
топырақтар қалыптасқаны дəлелденген. Бірақ оларға жалпы əлпет 
тəн болғандықтан, бір қышқыл қоңыр тайгалық топырақ типіне 
жатқызады.
Тайгалы-ормандық топырақтарды игеру өте қиын іс, себебі 
мұнда өсімдік жамылғысы – тұтасқан орман, басым батпақтану мен 
тоңдану құбылыстары, топырақтың құнарлылығы төмен.
Тайгалы аймақтың Шығыс Еуропа – Батыс Сібір облы сының 
оңтүстік жартысында егіншілік алабы 2-ақ %, ал солтүстік жар-
тысында тіпті, аз (0,1%). Топырақ құнарлығын көтеру жолдары: 
органика-минералдық тыңайтқыштарды үстеп беру, қышқыл 
ортаны əк беріп бейтараптау, ауыспалы егіс пен озат агротехно-
логияны енгізу, микроэлементтер қолдану топырақтың ылғал-
жылу тəртібін жақсарту, эрозияға тосқауыл қою, т.б. Картоп өнімі 
əжептəуір (130%) əсіресе, мол берілген NPK+ торф пен көң ком-
постынан көтерілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет