Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Қазақстан топырақтарының экологиялық мəселесі



Pdf көрінісі
бет143/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

13.4. Қазақстан топырақтарының экологиялық мəселесі, 
оларды шешу жолдары
Топырақ жамылғысы Жер биосферасының маңызды құрамы 
болып табылады. Биосферада өтетін барлық үрдістер топырақпен 
тығыз байланысты. Топырақтың маңыздылығы органикалық зат-
тарды, түрлі химиялық элементтерді жəне энергияны жинау. Соны-
мен бірге топырақ жамылғысы өте қажеті. Ол ластайтын заттарды 
биологиялық сіңіру, бұзу, бейтарап күйіне айналдыру функцияла-
рын атқарады. Егер биосферада осы буында күрт өзгерістер болатын 
болса, ол жалпы биосферадағы қалпына келмейтін үрдістер пайда 
болуына алып келеді.
Топырақты ластайтын заттардың бірі – пестицидтер. Бүгінгі 
күнде əлемде 1 гектар жерге 300 кг. химиялық заттар енгізіледі. Өте 
көп мөлшерде пестицидтерді (гербицид, инсектицид, акарицид, фун-
гицид, дефолианттар) қолдану топырақтардың негізгі қасиеттеріне
теріс əсер етеді. Сондықтан оларды химиялық, биологиялық жол-
дармен залалсыздандыру маңызды шаралар болып табылады.
Қазіргі үлкен проблемалардың бірі – жауын-шашындар-
мен топырақтар қышқылдығының артуы. Қышқылды жауындар 
жалғыз судың ғана емес топырақтардың үстіңгі қабаттарының 
қышқылдылығында асырады. Азот, көміртегі, күкірт тотықтары 
атмосфераға көтеріліп, үлкен қашықтарға жылжуы мүмкін. Олар 


368
ауадағы сумен қосылып ерітінділерге айналады. Соның нəтижесінде 
«қышқыл жаңбыр» пайда болады. Жерге түскенде, ол өсімдіктер, 
топырақ, сумен əрекеттестікке түседі. Топырақтың құнарлылығы
төмендейді. Топырақты ластайтын заттардың қомақты бөлігі түсті-
қара металлургия, жылу энергетика, мұнай-газ өндірістерге байла-
нысты.
Топырақ қарашіріндісінің азғантай төмендеуі оның толық 
экологиялық функциясын атқаруға кедергі болады. Оның қасиеттері 
өзгеріп бұзылады (деградация). Əсіресе, агроэкожүйелердегі 
топырақтар бұзылуға бейімді. Мұндай жағдайды агроэкожүйедегі 
фитоценоздың қарапайымдылығымен түсіндіру мүмкін.
Адамның топыраққа əсер ететін негізгі түрлері эрозия (су жəне 
жел), ластану, қайта сорлану жəне батпақтану, шөлдену, құрылысқа 
жер бөлу болып табылады.
Топырақ эрозиясы (лат. erosio – жемірілу) – топырақтың құнарлы 
үстіңгі қабаттарының сумен шайылуы (су эрозиясы) немесе желдің 
əсерінен көшуі (жел эрозиясы).
Еліміздің белгілі топырақтанушы ғалымы Р. Д. Жанпейісовтың 
мəліметтері бойынша республикамызда жел эрозиясына 
(дефляцияға) шалдығу қауіпі бар жер ауданы 75 млн. 997 мың гек-
тарды құрайды. Оның ішінде 10 млн. 736 мың га карбонатты, 24 
млн. 361 мың га «жеңіл» гранулометриялық құрамды топырақтар 
жəне 24 млн. га құмдар. Су эрозиясына шалдығу қауіпі бар тау 
беткейінің, қырат жерлердің ауданы 50 млн. гектардан асады. Бұл 
жерлер, əсіресе, Қазақстанның таулы аймағында мол кездеседі. 
Осы топырақтардың экологиялық қызметін сақтап қалу үшін 
оларды қатерлі құбылысқа шалдықтырмай, топырақты дұрыс 
пайдалануды жүзеге асыру бүгінгі күннің негізгі экологиялық 
мəселелерінің бірі болып табылады.
Эрозияға ұшыраған топырақтарда өсімдіктердің биологиялық 
өнімділігі азаяды, дақылдардың өнімі жəне сапасы нашарлайды
топырақтың құнарлылығы төмендейді.
Жел эрозиясы немесе дефляция. Жел эрозиясының қарқындылығы 
желдің жылдамдығынаң, топырақтың тұрақтылығына, өсімдік 
жамылғысына, бедерге жəне тағы басқаларға байланысты. 
Өсімдіктерді жою, малдарды ойламастан жаю, агротехникалық ша-
раларды дұрыс қолданбау эрозиялық үрдістердің белсенділігін асы-
рады.


369
Дефляция жергілікті эрозияға жəне шаң борандарға бөлінеді. 
Солтүстік Қазақстанда шаңды борандар өте күшті (20-30 м/сек аса-
ды) жəне ұзақ уақыт созылады. Шаңды борандар бірнеше сағаттың 
ішінде 1 гектар жыртылған жерден 500 т топырақтарды ұшырып 
алып кетуі мүмкін. Əрине, бұндай құбылыс атмосфера ауасының, 
сулардың жалпы қоршаған ортаның ластануына, адам денсаулығына 
зиян келтіреді.
Топырақтың ластануы. Топырақтың үстіңгі қабаттары ластануға 
бейімді. Топырақта көп мөлшерде болған түрлі химиялық қоспалар 
(токсиканттар) топырақта тіршілік ететін ағзаларға теріс əсер етеді.
Топырақтарды негізгі ластайтын заттарға – пестицидтер, 
минералдық тыңайтқыштар, өндіріс бөліп шығаратын заттар, мұнай 
жəне мұнай өнімдері жатады.
Жылына əлемде 1 млн тоннадан көп пестицидтер өндіріледі. 
Жалғыз Ресейдің өзінде жылына 100000 тонна пестицидтер 
шығарылады. Краснодар өлкесінде жəне Ростов облысында əр 1 гек-
тар жерге 20 кг пестицид қолданылады.
Қазіргі күнде көп ғалымдар пестицидтердің адамзатқа тигізетін 
əсерін радиоактивтік əсерімен теңдестіреді. Пестицидтердің 
дақылдар өнімділігін асыруымен бірге зиянкестер түрінің көбеюі, 
өнімдердің сапасы, олардың сақталу қасиеттерін төмендетеді,
топырақтардың табиғи құнарлығы нашарлауына, т.б. теріс 
өзгерістерге алып келеді. 
Артық мөлшерде енгізілген минералдық тыңайтқыштар
топырақты ластайды. Бұндай жағдай азот, фосфор жəне басқа 
элементтердің биохимиялық айналымын бұзады. Нəтижесінде 
экологиялық жағдай əсіресе су ортада нашарлайды, эвтрофия 
құбылысы дамиды.
Нитраттардың көп мөлшерде болуы топырақтағы оттегі
мөлшерінің азаюына алып келуі анықталған. Өз кезегінде бұл 
атмосфераға тағы да екі «парникті» (азот шала тотығы жəне 
метан) газдар бөлінуіне алып келеді. Нитраттар адамның 
денсаулығына қауіпті болып саналады. Егер адам ағзасында 
нитрат мөлшері 50 мг/л-ден көп болатын болса, ол дененің ула-
нуына алып келеді.
Топырақ ауыр металдарды жинау қабілетіне ие. Сынап шығаратын
комбинаттардың маңайындағы топырақтарда сынап мөлшері шек-
телген мөлшерден жүз есе артық болады.
24–1427


370
Жолдардың жағасындағы топырақтарда қорғасын мөлшері 30 
есе көп болуы мүмкін (ластанбаған жерлерде -20 мкг/г- норма).
Топырақтың мұнай жəне мұнай өнімдерімен ластануы 
мұнай өткізетін құбырлар апатқа ұшырағанда, мұнай өндіретін 
технологиялардың нашарлығына, апат жəне технологиялық үрдістер 
нəтижесінде пайда болған шығындарға байланысты. Ресейдегі Тю-
мен жəне Томск облыстарында топырақтағы мұнай, көмірсулары 
мөлшері фондық көрсеткіштерден 150-250 есе көп.
Ластанған топырақтардағы түрлі ауру қоздырғыштар адам 
денсаулығына өте қауіпті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет