Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет17/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Топырақ түзілу процесінде биологиялық, экологиялық 
факторлардың рөлі төмендегідей жіктеледі.
1. Жоғары өсімдіктер əрекеті: топырақ өсімдік жүйесіндегі 
химиялық 
элементтердің 
айналымын 
жəне 
топырақтың 
органикалық затының синтезін қамтамасыз етеді.
2. Топырақ жануарларының əрекеті: өлі органикалық заттарды 
бұзып жəне түрлендіріп, топырақтың химиялық жəне физикалық 
қасиеттеріне зор əсер етеді.
3. Топырақ микроорганизмдерінің əрекеті: топырақтың 
органикалық жəне біраз мөлшерде минералды затын тереңдете 
түрлендіреді.
Топырақты мекендейтін, онда өсіп-өнетін организмдердің 
молдығы топыраққа жай ғана əсер етіп қоймай, топырақтағы 
қосылыстардың бағытына, олардың қасиеттеріне зор ықпал етті. 
Мəселен, топырақтың əр зонада орналасуына қарай, олардың əрбір 
грамында мыңдаған, миллиондаған, тіпті, миллиардқа шейін ми-
кроорганизмдер кездеседі. Олар да өнеді, өседі, өледі (14, 15-су-
рет). Топыраққа түскен бүкіл органикалық заттарды ірітіп-шірітіп, 
ыдыратып, оларды əртүрлі газдарға, минералды заттарға бөлетін, 
органикалық заттардан күрделі топырақ шіріндісін (гумусты) 
түзетін де осы – микроорганизмдер.
Өсімдік-топырақ жүйесіндегі органикалық заттың динами-
касын бағалау көрсеткіштері:
Биологиялық масса  өсімдік қауымдастықтары тірі органикалық 
затының жалпы мөлшері.
Өлі органикалық зат  өсімдіктердің өлген бөліктеріндегі жəне 
топырақта жиналған түсу өнімдеріндегі органикалық зат мөлшері.
Жылдық өсім  өсімдіктің жер беті жəне жерасты бөлігінде жыл 
ішінде өсіп қосылған органикалық зат массасы.
Түсінді (опад) – жыл ішінде өлген органикалық заттың аудан 
бірлігіне шаққандағы мөлшері (əдетте ц/га) 
Өсімдіктер топырақтан сіңірген күлдік элементтер (С, О, 
Н, N-тан басқа химиялық элементтер) оның органикалық заты 
құрамына кіреді. Өлгеннен кейін органикалық зат топыраққа түсіп 
микроорганизмдер əсерінен терең түрленуге ұшырайды, ал күлдік 


38
элементтердің басым бөлігі өсімдіктердің сіңіруіне қолайлы 
пішінге еніп, жаңа органикалық заттың құрамына кіреді, бір бөлігі 
топырақта кідіріліп немесе сумен төмен шайылады. Нəтижесінде 
топырақ-өсімдік жүйесіндегі күлдік химиялық элементтердің 
заңды айналымдық миграциясы, яғни биологиялық зат айналы-
мы жүреді.
Топыраққа тек микроорганизмдердің ғана емес, сонымен катар 
онда мекен ететін көптеген зоофауналар, қарапайымдылар төменгі 
жəне жоғары сатылы жан-жануарлар, кұрт-құмырсқалардың 
пайдасы көп. Мысалы, жауын құрты əртүрлі өсімдіктер қалдығымен 
қоректеніп, денесі арқылы органикалық заттарға бай, суға шыдам-
ды топырақ түйінділерін (капролитті құрылым) шығарып топырақ 
қабаттарын əрі-бері тесіп өтіп, ондағы су ауа режимін жақсартады. 
Осыған байланысты, Ч. Дарвиннің «Топырақты адам қоғамы соңғы 
мыңдаған жылдар бойы жыртып келеді. Ал оған дейін топырақты 
бірнеше мыңдаған жылдар осы жауын құрты жыртып келген» деген 
тамаша айтылған сөзі бар (Ч. Дарвин. 1986).
Қазіргі кезде топырақта өмір сүретін организмдерді тек оны 
мекендейтін тіршілік иесі ретінде емес, оның бір бөлігі деп қарайды, 
14-сурет. Топырақ актиномицеттері мен саңырауқұлақтары:
а – актиномицет мицелиі (х1000); б – бірклеткалы мукорлық 
саңырауқұлақ; в – көгерткіш саңырауқұлақ (х100) 
(В. В. Добровольский оқулығынан, 1999)


39
яғни бұлар да топырақ құрамына кіреді деген сөз. Сондықтан 
топырақты тірі дене деп есептейді. Топырақтану ғылымының 
геологиялық ғылымдар емес, биологиялық ғылымдар қатарына 
жатқызылуы да осыдан болса керек.
Ауа райының топырақ түзудегі рөлі орасан зор. Климатқа, яғни 
ауадан түсетін ылғал мөлшеріне. ауа температурасының ыстық, 
суығына, үсіксіз уақыттың қысқа немесе ұзақтығына қарай əр 
жерде əртүрлі өсімдік, жан-жануарлар мен микроорганизмдер 
тіршілік етеді. Олардың əрекетінен əр жерде əр түрлі топырақтар 
түзіледі. Мəселен, шөлде шөл топырағы түзілсе, тундрада мəңгі 
тоң астында дамымаған, мəңгі жас, құнары аз топырақ, ал ауа 
райы жайлы, одан түсетін ылғалы мол, күн сəулесі жеткілікті 
аймақтарда құнары мол қаратопырақ түзіледі.
15-сурет. Топырақ балдырлары: а – жасыл балдыр;
б – көк-жасыл жіпше балдыр; в – диатомдық балдыр (х 1000).
Топырақ түзілу құбылысының жылдамдығы (белсенділігі) 
ғарыштан келетін күн сəулесінің қуатына тікелей байланысты. 
Күн сəулесімен қатар, тірі организмдерге ылғал қажет, осыған 
байланысты топырақ түзілу жылдамдығы, күні, жылы əрі ылғалы 
мол аймақтарда өте жоғары, ал керісінше, ылғалы аз, күні суық 


40
немесе ыстық аймақтарда бұл құбылыстардың белсенділігі төмен. 
Осы себептен де климат жағдайларына топырақтың химиялық 
жəне минералдық құрамдары тікелей байланысты.
Күні жылы, ылғалы мол аймақтарда топырақ минералдары 
негізінен қатты үгілген, балшықты екінші минералдардан, ал 
күн райы ыстық немесе суық, ылғалы өте аз аймақтар топырақ 
құрамындағы минералдардың басым бөлігі, жөнді үгілмеген 
алғашқы минералдардан тұрады.
Ылғалы мол аймақтын топырағында суға ерігіш тұздар аз 
кездессе, керісінше, құрғақ, шөл аймақтар топырақ құрамы суға 
ерігіш тұздарға бай келеді. Ауа райының жиі желді болып келуі 
де топырақтағы құбылыстарға, оның құнарына көп əсер етеді. 
Сонымен қатар айналамызды қоршап тұрған экологиялық 
факторлардың əсерлері де топырақтың түзілуіне көптеген əсерін 
тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет