Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


– табиғатгың қымбат байлығы, құрлықтағы биоценоздар тіршілігінің  арқауы. Аты əлемге əйгілі эколог Ж. Дорст топырақтың маңызын:  «Топырақ –



Pdf көрінісі
бет16/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

 табиғатгың қымбат байлығы, құрлықтағы биоценоздар тіршілігінің 
арқауы. Аты əлемге əйгілі эколог Ж. Дорст топырақтың маңызын: 
«Топырақ біздің ең қымбат байлығымыз. Ол құрлықтағы табиғи 
жəне жасанды биоценоздар кешенінің баянды ортасы. Сайып келген-


35
де, тіршілік жердің ең бетінде орналасқан жұқа қабатына тəуелді», 
– деп сипаттаған.
Топырақ түзуге негізгі алты фактор: ауа райы, тау жынысы, 
жоғары жəне төменгі сатыдағы өсімдік пен жануарлар дүниесі, жер 
бедері, аймақтың геологиялық жасы жəне қоғамның өндіргіш күші 
қажет. Осыларға жеке тоқталайық.
Тірі организмдер жəне олардың топырақ түзілуіне əсері. Жер 
бетінде алғашқы пайда болған тірі организмдер өсімдік те, жəндік 
те емес – ультрабактериялар. Олар өздері өмір сүретін ортаға өте 
бейім келеді. Олардың кейбіреулері тіпті, тастарда да өсе бастаған. 
Олар өздеріне керекті көмір қышқыл газы мен азотты ауадан ғана 
емес, тастан да алды. Сөйтіп, олар тіпті тасты бірте-бірте бұзып, 
бүлдіре бастады. Ал үгілген ұнтақталған тау жыныстары оларға 
таптырмас мекен болды.
Бұл микроорганизмдер табиғаттың ыстық-суығын, оттегінің ба-
рын, не жоғын, ортаның қышқылдығын, не сілтілігін таңдамады. 
Сондықтан олар табиғатта кез келген жерде кездеседі. Оларға су 
мен қорек болса жеткілікті. Бактериялардан басқа, алғашқы тау 
жыныстарында балдырлар, саңырауқұлақтар да өсіп-өнді.
Бұлардың артынша бүлінген тау жыныстарында қыналар 
мен мүктер өсе бастады. Клетка сөлінде қымыздық қышқылы 
болғандықтан, қынаның тау жынысының бұзылуына əсері 
алғашқы микроорганизмдерге қарағанда əлдеқайда белсендірек 
болды. Қыналар жер тандамайды. Тау шыңдарында оның сөлінің 
тасты ерітіп, орнында майда шұңқырлар қалдыратынын көруге 
болады. С. А. Захаров бойынша топырақтың негізгі құрылымының 
түрлері 13-суретте көрсетілген.
Сонымен, алғашқы тірі организмдер, су, жел жəне мұздармен 
бірге Жердің тасты қыртысын бұзып, өздері өлгеннен кейін 
шіріп, ыдырап қарашірінді (гумус) құрады. Шырын желім тəрізді 
болғандықтан, қопсыған, үгітілген жыныстарды бір-бірімен жым-
дастырып, біріктіреді, сөйтіп алғашқы құнары аздау топырақтар 
пайда бола бастады. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы созылып, 
алғашқы микроорганизмдер мен төменгі сатылы өсімдіктер 
өздерінен кейінгі дамып өсетіндерге жағдай жасады. Құнары аз 
топыраққа енді жоғары сатылы өсімдіктердің өсуіне аз да болса 
мүмкіндіктер туа бастады.


36
Осы алғашқы топырақта өскен шөптер мен бұталар тастардың 
жарықтарына да шығып, оларды ыдыратты, бұзды.
Тастар мен тауларды бүлдірумен қатар өсімдіктер өзі түзген 
топырақты қорғай да алады. Қарашірік пен өсімдік тамырлары 
топырақ бөлшектерін біріктіріп, жымдастырып, желден, судың жу-
ып-шаюынан сақтады.
Тау жынысының үгілуінен бөлінетін қоректік заттардың 
бір бөлігі енді топырақтың тіршілік көзі болып саналатын 
организмдер бойына ауыса бастады. Ал олар өліп, ыдыраған 
кезде, топырақтың жоғары қабаттарында жəне оның белгілі 
бір тереңдіктерінде қоректік заттарға айналып, топырақ 
құнарлығын арттырды. Бұл келесі өсетін өсімдіктергс қолайлы 
жағдай жасады.
Сонымен, араға ғасырлар салған уақыт өте келе алғашқы пайда 
болған топырақ жетіліп, шын мəнісіндегі құнарлы топыраққа ай-
13-сурет. С. А. Захаров бойынша топырақтың негізгі құрылымының түрлері:
І типі: 1 – кесек, 2 – орташа кесек, 3 – майда кесек, 4 – шаңды, 5 –
іріжаңғақ тəрізді, 6 – жаңғақтай, 7 – майдажаңғақ тəрізді, 8 – ірі дəн тəрізді, 
9 – дəн тəрізді, 10 – ұсақ, 11 – моншақ тəрізді топырақ.
ІІ типі: 12 – тік бағаналы, 13 – бағана тəрізді,
14 – ірі призматикалық, 15 
– призматикалық, 16 – майда призматикалық, 17 – жіңішке призматикалық.
ІІІ типі: 18 – жалпақтау, 19 – платика тəрізді, 20 – жапырақ тəрізді, 21 – 
пішіні тұрпайы, 22 – майда тас.


37
налды. Оларда өсетін өсімдіктер, мекендейтін жəндіктер көбейді, 
төменгі сатыдағы өсімдіктермен қатар, жоғары сатылы өсімдіктер 
өсіп, тірі жəндіктер мен жануарлар пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет