Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет62/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

5.6. Биогенді элементтер
Топырақ, ауа, су – тіршілік көзі екендігі белгілі. Ендеше, 
тіршілікке əсер етуші биогенді элементтер жайындағы ғылыми-


159
жобалы жұмыстарды өзекті зерттеулердің қатарына жатқызуға бо-
лады.
Соңғы жылдарда əлемдік жаһандану үрдісінде табиғатта тепе-
теңдік жағдайында сақталып тұрған кейбір химиялық элементтердің 
адам ағзасында бірден көбейе түсуі жəне ағза үшін маңызы бар эле-
менттер мөлшерінің кеміп кетуі байқалуда. Химиялық элементтердің 
барлығы да тиісті мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам 
ағзасына кері əсер ететіні анықталған. Химиялық элементтердің 
табиғатта таралу жағдайларына жасалған зерттеулер бойынша 
жердің массасының шамамен, 50%-ын оттек, 25%-дан астамын крем-
ний құрайды. Он сегіз элемент – оттек, кремний, алюминий, темір, 
кальций, калий, натрий, магний, сутек, титан, көміртек, хлор, фос-
фор, күкірт, азот, марганец, фтор, барий – жер массасының 99,8%-ын 
құраса, ал қалған 0,2%-ы барлық басқа элементтердің үлесіне тиеді.
Элементтердің ағза мен қоршаған ортада əркелкі таралуы 
олардың сіңірілуіне, табиғи қосылыстардың судағы ерігіштігіне 
байланысты. Суармалы жерлерден жылына 6 млн.т. тұздар ша-
йылып, жер бетіне таралып отырады. Бұл көрсеткіш жылдар 
өткен сайын 12 млн. тоннаға дейін артатындығы жайлы ғылыми 
болжамдар бар.
Кремнийдің, алюминийдің табиғи қосылыстары суда ерімейді, 
сондықтан олар тірі ағзаларға сіңірілмейді. Тірі жүйелер негізін, 
ағзаның 97,4%-ын құрайтын элементтер – органогендер: көміртек, 
сутек, оттек, азот, күкірт, фосфор (көміртек негізгі органоген). От-
тек пен сутекті көміртектің органикалық қосылыстарының тотығу 
жəне тотықсыздандыру қасиеттерін реттеуші ретінде қарастыруға 
болады. Қалған үш органоген – азот, фосфор, күкірт ферменттердің 
белсенді ортасын түзушілер. Элементтерді тірі ағзалардағы орташа 
мөлшеріне қарай үш топқа бөледі:
1. Макроэлементтер (оттек, сутек, көміртек, азот, фосфор, күкірт, 
кальций, магний, натрий жəне хлор); ағзадағы мөлшері 10%-дан 
жоғары болады.
2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, строн-
ций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері 10%-15%.
3. Ультрамикроэлементтер – сынап, алтын, уран, торий, радий 
жəне т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15%-дан төмен.
Əртүрлі жасушалар мен ағзалардың түзілуі мен өмір сүруі үшін 
қажетті элементтер биогенді элементтер болып табылады. Тіршілік 


160
үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа 
бөледі:
1. Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі 
болады жəне ферменттер, гормондар, дəрумендер құрамына 
кіреді : H, O, Ca, N, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, 
Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін 
бұзады.
2. Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам 
ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, 
Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық 
маңызы осы уақытқа дейін толық зерттелмеген.
3. Өте аз элементтер. Адам жəне жануар ағзаларынан табылған, 
мөлшері жəне биологиялық маңызы белгісіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет