Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет63/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

5.7. Ауыр металдар
Топыраққа түскен ауыр металдар негізінде оның беткі қабатында 
шоғырланады. Топырақта ауыр металдардың арылуы өте баяу. 
Топырақ қабатынан ауыр металдардың жарты мөлшеріне дейін ары-
луы Zn үшін – 70-510 жыл, Cd- 13-110 жыл, Cu – 310-1500 жыл, Pb- 
740-5900 жыл қажет.
Топырақ қабатындағы осы металдардың, əсіресе жылжымалы 
түрлерінің маңызы зор. Жылжымалы түрінде ауыр металдардың 
өсімдікке сіңу немесе суға еріп араласу мүмкіндігі жоғары. Осы 
себептен топырақ қабатындағы ауыр металдардың уыттылығы 
осы жылжымалы түрінің мөлшеріне тікелей байланысты. Ауыр 
металдардың жылжымалы түрлері химиялық реакциялардың сал-
дарынан қиын еритін қосылыстарға айналуы немесе топырақ 
қалдықтарымен сіңіріліп бекітілуі мүмкін. Керісінше жылжымайтын 
түріндегі ауыр металдар топырақ қабатындағы ортаның өзгеруіне 
байланысты жылжымалы түріне өтіп, топырақ ерітіндідегі ауыр ме-
талдар мөлшері артады. 
Топырақ қабатындағы ауыр металдар:
1) Топырақтың қатты фазасының құрамындағы берік байланған 
ауыр металдар;
2) Топырақтың қатты фазасы құрамындағы ауыр металдардың 
жылжымалы түрлері;


161
3) Топырақ ерітіндідегі ауыр металдар қосылыстары;
4) Топырақ ауасының құрамындағы ауыр металдар қосылыстары;
5) Тірі ағзалар құрамында ауыр металдар қосылыстары сияқты 
негізгі түрлерге бөлінеді.
Топырақтың қатты фазасымен берік байланған ауыр 
метелдарға – біріншілік жəне екіншілік минералдардың құрамына 
кіретін химиялық қосылыстар, қиын еритін тұздар, органикалық 
жəне органо-минералды заттар жатады.
Топырақ қатты фазасы құрамындағы ауыр металдардың 
жылжымалы түрлеріне – топырақтың сіңіру кешініндегі алма-
сып ауысуға қабілетті иондарды жатқызады, борпылдақ байланған 
қосылыстар – жеңіл жəне орташа еритін тұздар мен кешендер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет