Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Топырақтың қарашірінді жағдайлары



Pdf көрінісі
бет86/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Топырақтың қарашірінді жағдайлары. Топырақтың қара-
шірінді жағдайлары – органикалық заттардың барлық мор-
фологиялық белгілерінің, жалпы қорларын, қасиеттерінің, олардың 
түзілу, өзгеру, трансформация жəне топырақ қабаттарында жылжу 
көрсеткіштерінің жиынтығы.
Топырақтың қара шірінді көрсеткіштерінің жүйелерін Л. И. Гри-
шина, Д. С. Орлов (1977) ұсынған. Сол көрсеткіштер арқылы то-
пырақтың əртүрінің қарашірінді жағдайларына сипаттама беріледі. 
Осыған қарап, топырақтың құнарлылығы туралы айтуға болады.
6.5. Топырақтағы қара шірінді мөлшерінің азаюы – маңызды 
экологиялық мəселелердің бірі
Топырақ қара шірінді өсімдікті азотпен жəне басқа қоректік 
элементтермен қамтамасыз етудің ең негізгі қажетті көзі бо-
лып табылады. Топырақта қара шіріндінің жиналуына байланы-
сты қоректік элементтердің мөлшері арта, ал олардың ыдыра-
уы топырақ құрамында өсімдікке сіңімді элементтерді көбейте 
түседі. Демек, қара шірінді мөлшері топырақ құнарлылығының ең 
маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Топырақтағы қара 
шірінді мөлшері ондағы жалпы органикалық заттардың жəне оның 
физикалық, химиялық қасиетінің өзгерісінен реттеліп отырады. 
Өнім жиналғаннан соң, топырақта өсімдік қалдықтарының қалуы 
(жоңышқа, т.б.) немесе органикалық тыңайтқыштар қолдануы оның 
құрамындағы қарашіріндінің мөлшерін көбейтіп отырады.
Өкінішке орай, қазіргі уақытта, өсірілген өсімдікпен бірге кететін 
органикалық заттарды топырақ құрамына қайтару үшін қажетті 


206
органикалық жəне минералдық тыңайтқыштарды жеткіліксіз 
қолдануға байланысты топырақтағы қара шірінді түзілу процесi 
қарқыны төмендей түсіп, топырақтың бiртiндеп азып-тозуы, 
құнарсыздануы байқалады.
Демек, топырақ тозуының негізгі факторларының бiрi оның 
құрамындағы гумустың азаю процесі болып табылады. Сондықтан 
суармалы алқаптардағы егіншілік жүйесінде қара шірінді қорын 
қажетті деңгейде сақтау жəне үнемдеу қазіргі таңдағы негізгі өзекті 
мəселелердің біріне айналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет