сынып оқушылары да өзінің оқу жұмысындағыжетістіктер мен жіберген кемшіліктері туралы мəліметтер алып, өз еңбегіне талдау жасайды. Ең бастысы, бастауыш сынып оқушылары оқудан лəззат алуға, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады. Барлық оқушыөзқызметін ең төменгі түрде орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Мəселен, 3-сыныпта қазақ тілі сабағынанォЗат есімサ тақырыбын алайық. Бұрынғы дəстүрлі сабағымызда зат есім дегеніміз не, оның сұрақтарықандай, оның дара, күрделі түрі бар екеніне, жасалуына, деректі, дерексіз түріне мысал келтіріп, анықтамасынөзіміз айтып түсіндіретін едік. Оқушылар бейжай отырып тыңдайды. Содан соң кітаптағы жаттығуларды орындатумен шектелеміз. Қабілеті мол, шапшаң, дарынды балалар оны тез орындайды да əрі қарай бос отырады, ал үлгерімі төмен балалар кейбір жаттығуды жасап, кейбіріне шамасы жетпей отырады. Мұғалімқабылдауы тез, дарынды оқушыға əрі қарай іздендіретін, ойландыратын __________жұмыс беріп талпындыру жағдайынқарастырмайды. Ал профессор Ж.Қараев технологиясында Л.ВыготскийдіңォОқытуүдерісінде оқушының ақыл-ойының дамуыサ, ォөзектідаму аймағынанサ, ォжақын арадағы даму аймағына ауысуыサ туралы теориясы басты негізге алынған. Мұнда, ең алдымен, оқушыныңөздігімен жаңа тақырыпты меңгеруінеқолайлы жəне қызықты тапсырмалар беріледі. Олар ォсұрақ-жауапサ диалогы түрінде беріліп, оқушылардың дербестік қалпы мен танымдық іс-əрекетін дамытуға бағытталған. Бұл оқушыларды жаңа тақырып бойынша заңдар мен ережелерді өздігіненқорытуға жəне анықтамалардықарастыруға жетелейді. 214 215 Оқушының жаңа тақырып бойынша игерген білім сапасы оның жеке басы қабілетініңдаму мониторингі бойынша анықталады. Оқытудың бұл технологиясы оқушылардыңөздігімен жүретін танымдық іс-əрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылғанда; оқытуүдерісі – мəселелік жəне даму ұстанымдары бойынша жүргізілгенде; барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған жағдайларда оқушыларда ынталану пайда болады. Сондықтан да осы технология бойынша жұмыс жасауда оқушылардың, тіпті үзіліс кезінде де сабақтан бас алмайтындығын байқаймыз. Олар өзара бəсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус сияқты əр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көпұпай алуға тырысады. Оқушылардыңөзіндік іздену іс-əрекетінің əдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл əдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту əдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағыォоқыту əдістемесіサ деп отырғанымыз: ォоқушы- мұғалімサ ұстанымыныңөзара тығыз байланыстығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады жəне оныңөз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес жəне топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алғақойылатын басты мақсат – оқушыға деген сенім, оныңөз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау жəне түзету енгізуде ғана пайдаланылады. Қазіргі заманғы педагогикалықтехнологияның мақсаты бойынша ォоқытуды ізгілендіруサ қажет. Бұлүшін оқуқұралдары оқушылардыңөздігінен танымдық іс-əрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дəстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардыңөз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялық тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория – Л.С.Выготскийдің ォоқытуүдерісінде оқушының ақыл-ойының дамуы ォактуалды дамуサ аймағынанォжақын дамуサ аймағына ауысуыサ туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауғағана арналған бірінші деңгейденөнімді іс-əрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-əрекет арқылы жүзеге асады. В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей – ォміндетті, оқушылықサ, екінші – ォалгоритмдікサ, үшінші – ォэвристикалықサ, төртінші – ォшығармашылықサ. Оқушықабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу əрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту əдістері оның шығармашылыққабілетінің дамуына əсерін тигізеді. Деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді нəтижелі болуы үшін а) жеке тұлға ерекшеліктеріне, б) психологиялықдаму ерекшеліктеріне, в) пəн бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын. Сабақөткізу формаларын жəне түсіндіру əдістерінің жаңа тəсілдерін күнделікті сабаққақолдану керек. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлуқажет: 1) сабақтың __________мазмұны, 2) сабақтыөткізудегі тəсілдері мен əдістерін таңдау, 3) сабақтың нəтижелілігі. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, оқытудыңқазіргі заманғы педагогикалық технологиясы бойынша, дифференциалды жəне дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сəйкес өткізілетін əртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқуқұралдарықажет. Бұлар: əңгімелесуші-оқулықтар жəне оларғақосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дəптерлері. Əңгімелесуші-оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыптыөз бетімен меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу-мысалдармен оларды бекіткеннен кейін, жұмыс дəптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.