туралы Заңының талаптарына сай келеді жəне дəстүрлі оқытудағы оқушылардың артық жүктеме тарту проблемасын шешеді. Олардың əрқайсысы 1-ші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті жəне жоғарғы деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы, Осылайша, бір деңгейден бір деңгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өзқабілетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау əр оқушының күнделікті мақсатына айналады. Қорыта келе, саралап-деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері – оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын жəне өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тəрбиелеуші тұлғақалыптастыруға болады. Бақылау сұрақтары: 1. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын сипаттап беріңіз. 2. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының түрлерін атап, оларға сипаттама беріңіз. 3. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының төрт деңгейін ашып көрсетіңіз. 4. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ерекшеліктерін айқындаңыз. 5. Бастауыш мектепте деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдалану мүмкіндіктерін анықтаңыз. Өзіндік жұмыс тапсырмалары: 1. Бастауыш мектептің оқу-тəрбие үдерісінде деңгейлеп- саралап оқыту технологиясын қолдану жағдайын анықтыңыз. 2. Бастауыш мектепте деңгейлеп-саралап оқытудықолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындаңыз. Оны Венн диаграммасы арқылы кескіндеңіз. 3. Деңгейлеп оқытудағы мұғалімнің орнын көрсетіп, бастауыш мектепте оқытылатын кез келген пəн бойынша деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын пайдаланып сабақ жоспарын құрыңыз. Ұсынылатын əдебиеттер: 1. Қараев Ж., Қуанбаев Б. Жетірілдірілген педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары. – ォІзденісサ республикалық ғылыми-педагогикалық журналы. – №1, 2004. 2. Қараев Ж. Оқушылардың шығармашылыққабілетін деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы дамыту жолдары. – Алматы, 2008. 3. Кобдиқова Ж. У. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдіруサ. – Алматы, 2005. 4. Сейтқазиев Ж. Деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу. – Тараз, 2013. 5. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудыңқазіргі технология- лары. Алматы, 2005. 6. ƏбдіғалиевҚ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. – Алматы, 2004. 7. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007. 8. ЖүнісбекƏ. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008. 9. Педагогические технологии: Методические рекомендации /Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д. Ушинского, 2002. 10. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. – М.: Народное образование, 1998. 11. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. – М.: Педагогика, 1990 г. 12.4. Дифференциалды оқыту технологиясы Дифференциациялап оқытудың мəні. Қазіргі əлеуметтік- экономикалық жағдай мұғалімдердің алдында тұрған оқу-тəрбие жұмысын жетілдіруде, оқушыныңөзіндік, шығармашыл ойлауын дамыту жəне білім деңгейін жоғарылатудықамтамасыз ету міндеттерін маңызды күрделендірді. Көп уақытқа дейін барлық оқыту жəне тəрбие əдістемесі оқушының орташа деңгейіне бағытталды. 220 221 Онда оқушылар сыныбы жекелеген тұлғалардан тұрады, яғни олардың əрқайсысыныңөзіне тəн психологиялық жəне адамгершілік ерекшеліктері, өзініңқызығушылығы жəне бейімділігі, шындықты көруі болды. Мұндайқұбылыстың себебі тəрбиелей жəне дамыта отырып оқыту тұлғаға тікелей емес, оның дамуында ォішкі жағдайサ арқылы əсер етті. Ішкі əлемнің əртүрлілігі əр баланың ерекшелігін анықтайды. Оқушылардың оқуынұйымдастыруда, мұндай факторларды жеткіліксіз есептеу ォорташа оқушыныңサ пайда болуына əкелді. Əрбір оқушының ішкі дүниесінің бірегейлігі, оның ерекше дүниетануы оқушының танымдық мүмкіндіктерінің пайда болуын қамтамасыз етеді. Мектепте мұндай ерекшеліктерді ескеру оқытудың қызметтік жəне мотивациялық аспектілерін жоғарылатуда көрінетін əрбір оқушының дұрыс нəтижелерге жетуінде басты рөл атқарды. Оқытуда, оқушылардың барлық ерекшеліктерін ескеруді жүзеге асыратын құрал – дифференциация болып табылады. Дифференциациялап оқыту – бұл əр оқушыныңқабілетін, бейімділігін, қызығушылығын ескере отырып жеке басын дамытуды қамтамасыз ететін білім берудің жүйесі. Оқыту жəне білім берудегі дифференциация дегеніміз: білім берудің мазмұнын, түрін, əдісін, темпін, көлемін таңдау арқылы əр оқушыға білім меңгеруінеқолайлы жағдай жасалатын оқу іс-əрекетін ұйымдастыру. əр түрлі білім алу қажеттіліктердіқамтамасыз етуге арнап оқыту жүйесін бағдарлау. Дифференциацияның мəні – оқушыларды бөлу емес, оларды біріктіруде дер кезінде дифференциалды көмек көрсету. Дифференциацияның тиімділігі – мұғалім оқушылардың жұмысын бақылапқанақоймай, осы уақытта жеке оқушылармен жекеше жұмыс жасайды. Оқушыларүш режимде жұмыс істей алады: мұғаліммен бірігіп, жеке жəне өз бетімен мұғалімнің жетекшілігімен. Дифференциалды оқыту технологиясының тарихи даму кезеңдері. Мектептің білім беру тарихы, дифференциация барлық жағдайда оқушыларды оқытудақолданылғандығын дəлелдейді. Мектептік білім беру пайда болғанда, мемлекеттен жеке алынған, əрбір дəуір талаптарына сəйкес дифференциалды оқыту мəселесі де дамыды. Мысал ретінде біздің отандық мектептерімізде, бұл мəселесінің пайда болу жолын үш кезеңге бөлуге болады: бірінші кезең – 1918-1930 жылдары, дифференциалды оқытуды ұйымдастыруға жалпы амал, тəсіл іздеу; екінші кезең – 1930-1990 жылдар, мектептік білім беруді ұйымдастыруда эгалитарлы амал контекстінде дифференциалды оқыту пікірінің дамуы; үшінші кезең – 1990-2000 жылдар, мектептік білім беруді бұқарашылдандыру жағдайында дифференциалды оқытуды жүзеге асыру үшін жаңа амалдарды анықтау. XX мыңжылдықтың 20 жылында, яғни алғашқы кезеңде – бұл мектеп тəжірибесінде жəне педагогикалық теорияда