Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет104/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы, бастауыш мектептің
математика пəнінен, төмендегідей талаптар қойылады:
І деңгейлі тапсырмаларға:
тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті жəне өмірмен
байланысты болуы керек;
алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей
қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;
жаттап алуға лайықталған болуы керек.
Жалпы техникалық пəндерде мұндай талаптар жаңа тақырыпты
игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы
орындалады жəне олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама,
заңдарын бекітуге арналады.
216 217
Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың
танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған
жөн.
ІІ деңгейлі тапсырмаларға:
 Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін
тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп,
танымдық жəне үйретімділік маңызы болуы қажет болады.
 Өтіп кеткен материалдарды реттеуге жəне жүйелеуге
берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы
тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды
орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану
қажет.
Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық
жəне үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалық
есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар
ІІІ деңгейдегі тапсырмаларға:
 Оқушылардың жинаған өмірлік тəжірибесі мен қалыптас-
тырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой нəтижесінде
жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дəрежеде олардың жеке
басының икемдігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген,
өздігінен құрастыру жəне өздігімен шығаруға бағытталған, ой
қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
 Əр түрлі əдіс, тəсілдермен орындалатын тапсырмалар
 Танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды
орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген
алғашқы білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы жаңа
білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.
Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге
тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін
оқушы жаңа əдістер іздеуі керек.
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) Оқушылардың алған өмірлік тəжірибесі мен қалыптастырған
ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нəтижесінде
жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дəрежеде олардың жеке
басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген
(теорема дəлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің
көмегінсіз қорытып шығару). Сонымен, айтатын болсақ бұлар:
Бірінші деңгей үшін – игерілгенді пысықтау мен қайталауға,
жаттауға арналған.
Жоғары деңгейлер үшін – алған білімдерін өз бетімен қорыту
мен жүйелеуге оларды, тереңдетіп дамытуға жəне тəжірибеде
қолдануға арналған тапсырмалар.
Оқытудың осы деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
жағдайында:
- оқушылардың өздігімен жүргізетін танымдық іс-əрекеті үшін
тапсырмалар күнделігі төрт деңгей бойынша қарастырылып;
- оқыту-проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;
- барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған
болса оқушыларда ынталану пайда болады.
Сондықтан деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы бойынша
сабақ беруші мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан
бас алмайтындығын байқаған. Оларға өзара бəсекелесе отырып
жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус математикалық басқатырғыштар сияқты
əр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан ба-
рынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа тақырып
басталады.
Нəтижесінде екіліктержойылуымен қатар, үштікалып
жүрудің өзі де ұят саналатын болған. Осы жерде, үлгерімі кейіндеп
қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен, қуып жете алмайтын
оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет?サ – деген сұрақ туады.
Бұл мəселенің де шешуі қарастырылған.
Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған
оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі.
Сыныптың басқа оқушылары өздігімен жұмыс істеп жатқан
кезде мұғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек
көрсетуіне уақыты табылады. Ол сынып оқушыларының өздік
жұмыс іс-əрекеттерін тек ұйымдастырып, басқару, жалпы бақылау
жасау жəне балалардың өз-өзін бағалауын бақылау функциясын
атқарады. Бұл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылау
мен бағалауға қарағанда деңгейлеп оқыту барысындағы бақылау мен
бағалаудың ерекшелігі неде? Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі
басты мақсат сынып оқушыларын қабілеттіжəне қабілетсіздеп
жасанды түрде əртүрлі топтарға бөлуді болдырмау.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап; əрқайсысы
білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз билігіне жетеді. Бұл нақты пəн
бойынша ең нашар үлгеретін оқушыға тірек білімін ғана меңгеріп, үй
тапсырмасын орындау барысында тек сүйікті пəні бойынша жоғарғы
218 219
шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне уақыт үнемдеуіне себеп
болады.
Нақтырақ айтсақ:
Əр оқушының, əр пəннен 100 % үлгеріміне қол жеткізудің кепілі
болады жəне оқу пəнінің барлық тақырыбы бойынша, ең болмағанда
міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл, өз
кезегінде, мемлекеттік стандарттардың минималды талаптарының
орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан __________Республикасының Білім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет