барысында қажетболса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар. Екінші режим – Offi ce режимі. Бұл режим сабаққақажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мəтіндік редакторының, Excel электрондық кестесініңқұжаттары, Power Point презентациясы болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мəтіндік тапсырмаларды қамтитынқұжат əзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тап- сырмаларды сурет салу панелініңォтөртбұрышサ объектілерімен жа- сырамыз. Сабақтақажет кезде бұлқұжатты интерактивті тақтаның Offi ce режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Offi ce-нің барлық мүмкіншілігінұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған құжатқа мəтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады (ォтік төртбұрышサ объектісін жылжыту немесе жою арқылы) жəне дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтапқоюға болады. Үшінші режим – тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Сабақтарды жүргізудеөткен материалды қайталауқажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Offi ce құралдары арқылықұрылғанқұжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдас- тыруға мүмкіншілік береді. Прожектор жəне Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралыаудиторияның назарын бір объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оныңқажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған. Шторка экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған (есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға əзір белгісіз ақпаратты) жəне материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаныңқажет бөлігінде көрсету. Қазіргі уақыттаォқоғамды ақпараттандыруサ, ォбілім беруді ақпараттандыруサ деген сөз тіркестері біздің сөздікқорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нəтижесі, яғни адам өміріне іс-əрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты əсер етуі мен рөлінің жоғарылауынабайланысты объективті үдеріс. Ол оқыту мазмұны, əдісі мен ұйымдастыру түрлерініңөзгерісін тездетеді. Бұлүдерістегі негізгі мəселе білім берудің мазмұны мен мақсатынөзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету – өндірістік мəселе. 250 251 Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мəселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушыныңқоршаған əлем жайында табиғиғылымиболжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады. Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пəнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік жəне ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тəрбие ісіне еніп, оқытудыңқазіргі заманғы педагогикалық технологиясын шебер меңгерген жан болғандағана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Компьютермен оқыту – оқушыны субъект дəрежесіне көтеретін, жеке тұлға ретінде дамытуға игі ықпал ететін, оқушыныңөз бетімен білім іздеуіне мол мүмкіншіліктер табатын білім беру əрекеті. Компьютермен оқыту технологиясындағы мұғалімнің оқыту қызметін, негізінен, мынадай деп қарастыруға болады: - талдау-болжау қызметі; - жобалау қызметі; - коммуникативтік қызметі; - дидактикалыққызметі; - бақылау-түзетуқызметі; - психологиялық демеу болу қызметі; ұйымдастырушылық қызметі. Компьютермен оқыту технологиясында оқушыныңөз бетімен білім іздей алатын болуы – көзделетіннегізгі нысан ретінде қойылады. Компьютермен оқыту барысында білім алудың жасанды сипатын барынша табиғиқылуға жағдай жасалынады. Сол табиғилықтыңөзі компьютермен оқытудың гуманистік сипатын көрсетеді. Компьютермен оқыту технологиясында үлкенүш кезең анықталады. Ол кезеңдер іштей кіші кезеңдерге бөлінеді. Мектептерде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі жолдарына баға бере отырып, ォЖас балаларға компьютердіңқанша қажеті барサ? – деген сұрақты айналып өту еш мүмкін емес. Осы мəселе бойынша пікірлер алуан түрлі. Бірқатарпедагогтар бастауыш сыныптардағы компьютер тек балалардың назарын басқаға аударады деп санайды. Ал екіншілері компьютерді тұрақты пайдалану бара-бара оқушылардың, егер компьютер қастарында болмаса, екі санды қоса алмайтын, қарапайым мəтінді оқи алмайтын жағдайға жеткізеді деген негізді бір қауіп білдіреді. Компьютер мектептегі лингафон кабинеттері немесе сыныптағы теледидар сияқты дүниелер, сондықтан да білім беру мен оқу үдерісіне айтарлықтай зияны жоқ деген пікірлер де бар. Компьютерлерді мектептің оқыту мазмұнына енгізуге қарсы салмақты аргументтің бірі – ақпараттық технологияның екпіндеп дамуы мектеп бағдарламасыныңүнемі жаңартылып отырғанына қарамастан оның созылмалы аурудай артта қалуына əкеп соқтырады деп санайды. Мына бір қауіп пен алаңдаушылыққа да назар аударған жөн: