берілуіне тəуелді. Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының компьютермен жұмыс жасауғақызығушылықтары байқалады, бұған бастауыш білім мазмұнында көңіл бөлінбегендіктен икемділіктің қалыптасуы төмен деңгейдеқалып отыр. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының сапалы білім алуы үшін ақпараттық технологияны қолдану əдістемесін жасау талап етіледі жəне мұны бүгінніңөзінде жасау қажет екендігін анықтаған. Көптеген жаңашылғалымдардың зерттеулерінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін дамытудың жаңа бағыттарының бірі – білім мазмұнын оқушының толық меңгеруін іске асыратын оқыту технологиясын жетілдіру мəселелері айқындалады. Ақпараттық технологияны пайдалану негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін дамытудың тиімділігі оған қажетті мазмұндық жобалау, іс-əрекеттік, технологиялық шарттарды орындағандағана мүмкін болатындығын көрсеткен. Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін дамытудыңқұрылымдық моделі жасалған. Бұл зерттеулер компьютерлік технологияны қолданып оқытудың көрнектілігін арттыруға, математикалықұғымдарды қалыптастырғанда олардың дерексіздендіруден (абстрактілігінен) туындайтын қиыншылықтарды болдырмауға, оқушылардың, оқу əрекеттерін даярлау арқылы олардың белсенділігін арттыру мəселелеріне қатысты проблемаларды шешуге жағдай жасайды. Ақпараттық технологияларды пайдалану, сондай-ақ компьютерлік технологияларды жасау мен қолданудықажет етеді. Ол бағдарламада дəстүрлі оқытудан ерекше педагогикалық-үйретушіліктің логикасы жүзеге асырылады. Бастауыш сыныптарда математика сабағында компьютерлік оқыту бағдарламалары оқушылардың математикалық үдеріске сергек қатысуға, компьютердің көмегімен мəселенің шешуін іздеуге ұмтылысын оятады. Демек, бастауыш сынып оқушыларында математикалық есептерді шығаруғақажетті біліктіліктерді қалыптастыруда компьютерлік технологияны пайдаланудың маңызы зор десек қателеспейміз. Психологтардың пікірлерінше, оқушының негізгі логикалық ойлау құрылымы, оның интеллектті 5 жастан 11 жас аралығында қалыптасады екен. Осы жаста теориялық сана мен ойлау пайда болып, тиісті қабілеттер (рефлексия, талдау, ойша жоспарлау) дамып, осы жаста балаларда оқуға деген қажеттіліктің мотиві де пайда болады. Екінші жағынан балалардың іс-əрекетіндегі сүйікті форма – ойын екені де белгілі. ССРО-дағы психология мектебінің негізін салушы Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин жəне басқалар ойынды жетекші деп бекер атамаған, яғни балалардың психикалық дамуын анықтаушықызмет деп бағалаған. Ойын неғұрлым табиғи жолмен баланы əртүрлі əрекет түріне жақындастырады жəне осы кезде қажетті де пайдалы дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастырады. Тəжірибе көрсеткендей, компьютерлерді балалардың ойындық дамытушы əрекетінде 3-4 жастан бастап пайдалану мүмкін екенін жəне компьютер ойын элементтерінің түрін едəуір арттырып өзгертуге, олардың ойынға кіру əдісін түрлендіруге ықпал етеді. Əрекеттің жаңа түрлерін игеру заңдылығын көрсететінөзгеріс- тер ең алдымен баланың танымдық санасында байқалады. Компью- тер психикалықүдерістің дамуының бірқалыпты емес динамикасын (қабылдау, образдық, қимылдық, логикалық ойлану) ォтеңестіругеサ мүмкіндік береді. Екінші жағынан компьютер бала үшін танымның күрделі объектісі болып, оны меңгеру баланың іс-əрекетін ұйымдастыруға, оныңқұрылымдылығына, яғни интеллектуалдық құрылымның белгілі бір дəрежеде жетілуін талап етеді. Компьютер оқуқұралы ретінде потенциалдық мүмкіндіктерді іске асыруға жағдай жасайды, мысалы, графикалық образдың бейформалылығы немесе оны жүзеге асырудың стереотиптік жағдайы. Бастауыш мектептердегі оқытудың сипаттық ерекшелігі – ең алғашқы күннен бастап оқушылардың меңгеруге тиісті ақпарат көлемінің күртөсуі болып саналады. Бұл оқушылардың көпшілігінде ақпаратты саралау мен есте сақтауда едəуір қиындықтар туғызады. Өйткені, адаптация – жағдайға бейімделу барысы мүлдем баяу, ал ақпараттарды толықтыруөте тез жүреді. Сондықтан да осы кезеңдегі 264 265 педагогиканың көкейкесті міндеті оқытуүдерісінің тиімділігін арттыру, материалды меңгеру уақытынқысқарту. Оқушылар ақпарат тасқынының салмағынқалыпты көтеруіүшін, оларды ақыл-ой əрекетінің (заңдылықты іздеу, ұқсастық бойынша ойлау, обьект пен түсінік арасындағы тəуелділікті табу, теңеу, жалпыны тауып, жекені ажырату, логикалық тұжырымқұру) əдіс-тəсілдеріне баулыған жөн. Осы мəселелерді шешу үшін жаңа компьютерлік технология да табыспен қолданылып келеді. Мектеп информатикасының негізгі міндеті 1980 жылдар соңында-ақ оның басты идеологы академик А. П. Ершовтың еңбектеріндеқарастырылған болатын. Бұл еңбектердеォкомпьютерлік сауаттылықтыңサ əрбір адам үшінөтеқажет жəне олар өз қызметтерінде компьютерді пайдалана білуі керек деп түсіндірілген болатын. Алайда, ақпараттық технологияныңқаулапөсуі мен ақпараттық қоғамныңқалыптасуы, өркениетті елдердегі сияқты біздің республикамызда да ақпараттық мəдениетті қалыптастыру талабы туындады, яғни оқушылардан заманауи компьютерлік технологияларды меңгеруіғана емес, өмірге жаңа көзқарасты, жаңаша ойлау стилін қалыптастыруды талап етіп отыр. Бірінші сынып үшін курстың мазмұны: пернетақтамен жəне ォТышқанサ манипуляторымен жұмыс істеуді үйрену, тура жəне кері санаққа, сандар құрамына жəне қарапайым арифметикаға, əріппен, буынмен, жəне сөзбен жұмыс істеуге жаттығу. Мұғалімнің оқулығынанөзге, оқушыүшінォКомпьютер – сенің досыңサ атты бояу кітапша да бар. Екінші сынып үшін курстың мазмұны: алғаш рет жиын ұғымымен, олардың заңдылықтарымен, жиындарды кластарға бөлу сияқтыұғымдармен танысу. Оқушылардың есте сақтауқабілетін жетілдіру үшінォСанақшы, тапқыш, есте сақтағышサ атты жаттығулар жинағықарастырылған. А. В. Горячев басшылығымен Мəскеу экономика-статистикалық