Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет117/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

тек компьютермен қарым-қатынаста болған балалар гуманитарлық
қызмет түрлеріне аса қажет сезімталдық пен мейірбандылықты
жоғалтып алып, дəлдік пен қырағылыққа ғана құрылған қарым-
қатынасқа бас ұрулары əбден мүмкін.
Ақпараттық технологияны пайдаланудың жағдайында
оқушылардың білімдерін жетілдірудің мүмкіндігі кең, соның
бірі оқыту үдерісінде электрондық оқулықтарды қолдану болып
табылады.
Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио
қондырғылар мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай
нəтижелер беруде. Зерттеуіміз көрсеткендей, кез келген сабақта
электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық
оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық,
сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа
деңгейде болуға тиіс. Электрондық __________оқулық оқушының уақытын
үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген жəне оқушының
ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Осы принципті басшылыққа ала отырып, Ə. І. Тəжіғұлова
Кəсіптік білімді ақпараттандыру жағдайында электрондық
оқулықтарды құрастырудың педагогикалық принциптерідеп
252 253
аталатын кандидаттық диссертациясында мынадай мəселелерді
қарастырған: кəсіптік білімді ақпараттандырудың қазіргі
жағдайдағы педагогикалық мəселелерінің жағдайын жəне даму
тенденциясын зерттеуді, кəсіптік білімді ақпараттандырудың
жағдайында электрондық оқулықтарды құрастырудың
педагогикалық технологиясын негіздеу, сондай-ақ кəсіптік білімді
ақпараттандырудың жағдайында электрондық оқулықтардың
тиімділігін эксперимент арқылы тексеруді қарастырған.
Оқу үдерісінде соның ішінде, математикадан мəтінді есептерді
шығару барысында компьютерлік технологияларды жəне
электрондық оқулықтарды пайдалану оқытудың мотивациясын
күшейтіп, оқушылардың сабаққа белсенді жəне қызыға қатысуына
жағдай жасайды.
Электрондық оқулықтарғылыми негізде дайындалған
педагогикалық ақпараттық өнім.
Электрондық оқулық дайынаудың тұжырымдық негізі
оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымсн
қатар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық,
ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сəйксс
келеді. Электрондық, оқулықтармен жұмыс істеу əрбір оқушының
өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып-үйрену ісін жеке дара
жүргізуге жол ашады.
Электрондық оқулық – оқу пəнінің негізгі ғылыми мазмұнын
қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау,
моделдеу, тестілеу, т.б. бағдарламалардың жиынтығы.
Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша
мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:
- кері байланысты іс жүзілік тез арада қамтамасыз етеді; жəне
оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса,
электрондық, оқулық қажетті оқулықты табуға тез мүмкіндік береді;
- гипермəтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты
үнемдеуге көмектеседі.
Ең бастысы, электрондық оқулықтарды дайындаудың бір
жүйеге келтірген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты
электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық
шарттарды ескерген жөн:
- белгілі бір пəнге байланысты дайындалатын электрондық
оқулықтың сол пəннің типтік бағдарламасына сəйкес болуы;
- электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен
тақырыптарға қатысты дəріс мəтінін қамтитын негізгі зертханалық
жəне тəжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша
материалға қатысты анықтама, библиогрофиядан тұратын көмекші,
аралық жəне қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест,
материалдарды дайындауда пайдаланылған əдебиеттер тізімдері
бөлімдерін қамтуы;
- электрондық оқулықтың кəдімгі оқулықтар мазмұнын
қайталамауын, яғни берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың
нақты, əрі қысқа берілуін ескеру;
- белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен
артық болмау.
Сонымен, электрондық оқулықтар мен үйретуші
бағдарламалардың негізгі ерекшеліктері – бұл оқушыларға өз
бетімен есеп шығаруға, ізденуге, өз жұмысының нəтижесін көріп,
өз-өзіне сын көзбен қарауына жəне жеткен жетістіктерінен лəззат
алуға мүмкіндік беруі.
Бастауыш мектепте компьютерлік технологияны қолданудың
қазіргі жағдайы. Қазіргі ақпараттық-қатынастық технологиялардың
ҚТ), мультимедиялық технологиялардың (ММТ) жəне интернеттік
технологиялардың (ИТ) отандық жəне шетелдік педагогикалық
ғылымда жəне білім беру практикасының жетістіктерінің негізінде
оқу, тəрбие үдерісінің заңдылықтарын зерттейтін педагогика
ғылымдарының саласы болып табылатындықтан, бастауыш сынып
оқушыларын компьютерлік технологияларды қолданып математика
есептерін өздігінен шығару біліктіліктерін қалыптастыруды
қамтамасыз ететін ғылыми негізделген жəне педагогикалық
тұрғыдан тиімді əдістемесін жасау қажеттігі туындайды.
Бастауыш білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі
мақсаты оқушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастыру. Осы
мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мəдениетін
қалыптастыруда жаңа əдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр.
XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін
білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:
компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық
жəне телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды,
электрондық оқулықтарды оқу үдерісіне тиімді пайдалану арқылы
білім сапасын көтеру.
254 255


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет