мектептердің экономикалық базасының жəне мұғалімдердің ақпараттық сауаттылығының төмендігі. Сонымен, бастауыш мектептерде компьютерлік технологияны пайдалану үдерісін одан əрі дамыту үшін аса көңіл бөліпқарайтын мəселе, осыған сəйкесті педагогикалық бағдарламалыққұралдар жасалынып оқуүдерісіндеқолданылса, онда бұлқұралдарды оқушыларды оқыту мен дамыту ісіне тиімді пайдалануға жағдай жасалады. Өзіндік жұмыс тапсырмалары: 1. ォБілім беруді ақпараттандырудыサ қалай түсінесіз. Бастауыш білім беруді ақпараттандырудыңқазіргі кездегі жағдайын талдаңыз. 2. Электронды оқулықтарды сипаттап, электронды оқулықпен жұмыс істеу əдістемесін саралаңыз. 3. Қазіргі заманғы компьютерлердің техникалық мүмкіндік- терін айқындаңыз. 4. Интерактивті тақтамен жұмыс жасау іскерліктеріңізді жетілдіріңіз, интерактивті тақта элементтерін сипаттаңыз. 268 269 Ұсынылатын əдебиеттер: 1. Досжанов Б., Альменаева Р. Электрондық оқулықтарды даярлау əдістері. – Алматы, 2002. 2. Нұрғалиева Г. К. Компьютер əлемі. – ォҰлт тағылымыサ республикалықғылыми-педагогикалық __________журналы. – №2, 2012. 3. Апатова Н. В. Информационные технологии в школьном образовании. – М., 1999. 4. Полат Е. С., Бухаркина М. Ю. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. Электронды оқулық. – Академия, 2002. 5. Ошанова Н. Т. Білім беру жүйесінде коммуникациялық технологиялардың көмегімен оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарынқалыптастыру. – Алматы, 2008. 6. Түсіпова А. Ж. Компьютер – жаңа оқытудың технологиясы. – Алматы, 2012. 7. Абубаева А. Электронды оқулықтарды пайдалану. – // Инфор- матика негіздері, №4, 2006. 8. Бейсенова Г. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. –//Қазақстан мектебі №6, 2006. 9. Аяжанов С. С., Сатымбекова С. Б. Компьютерлік желілер. – Алматы, 2011. 10. Соболева Н. Н. и др. Электронный учебник нового поколения. – ォИнформатика и образование №6, 2002. 11. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудыңқазіргі технологиялары. Алматы, 2005. 12. ƏбдіғалиевҚ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. – Алматы, 2004. 13. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқытуқұралдары. – Алматы, 2007. 14. ЖүнісбекƏ. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008. 15. Педагогические технологии: Методические рекомендации /Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д. Ушинского, 2002. 16. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. – М.: Народное образование, 1998. 17. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. – М.: Педагогика, 1990 г. 13. ОҚУ МАТЕРИАЛЫН ƏДІСТЕМЕЛІК ЖЕТІЛДІРУ ЖƏНЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ НЕГІЗІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР Жоспар: 13.1. Модульдік оқыту технологиясы. 13.2. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы. 13.1. Модульдік оқыту технологиясы Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған. Оның мазмұнына: 1) оқытудың жалпы мақсатынқою; 2) жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу; 3) оқушылардың білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау; 4) оқыту əрекеттерінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс); 5) нəтижені бағалау енеді. Осының арқасында оқуүдерісіォмодульдікサ сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны əр түрлі жеке блоктардан жасалады. Модульдік оқыту технологиясының осы нұсқасынқұруда толық меңгеру əдістемесінің негізгі шарттары, құрылып жатқан педагогикалық технологиялардың негізгі қағидалары ескерілді. Осыдан келіп мұғалімнің оқуүдерісінқұрудағы жұмысының өзгертуі туындайды. Толық меңгеру əдістемесінде (Дж. Блок, Л. Андерсан жəне басқалар) əрбір оқу біліктері ауқымында мұғалімніңқызметі төмендегішеқұрылады: 1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру; 2. Сыныпты берілген тарау (оқу бірлігі) бойынша жалпы оқыту жоспарымен таныстыру; 3. Оқытудағы жүргізу (негізінен мұғалімнің оқу материалын өзі баяндауы түрінде); 4. Диагностикалық тестіні ағымдағы тексеру; 5. Тексеріс нəтижелерін бағалау жəне тарау мазмұнын толық меңгерген оқушыларды айқындау; 270 271 6. Толық меңгере алмаған оқушылармен түзете оқытуды жүргізу; 7. Диагностикалық тест өткізу жəне оқу бірлігін толық меңгерген оқушыларды айқындау. Модульдік оқыту XX ғасырдың 60 жылдарының аяғынан бастап ағылшынтілді елдерде дами бастаған. Оның негізгі мəні – сабақтың жоспары, ақпараттар банкі жəне сабақтың дидактикалық мақсаттарынақол жеткізуге бағыт беретін əдістемелік нұсқаулардан тұратын жеке оқу бағдарламасын оқушылардыңөзінеұсынып, сол бойынша оларғаөз бетімен жұмыс жасату. Педагогтыңқызметі əр түрлі болған: ақпаратты игеруге көмектесу, кеңес беру, бағыт беріп оқушының жұмысынұйымдастыру жəне бақылау. Модульдік оқыту ォмодульサ сөзінен шыққан. Модуль – бұл белгілі бір функционалдық жүктемесі бар қандай да бір жүйеніңөз алдына жеке бөлігі, бөлшегі. Оқыту теориясында функционалдық жүктеме болашақ маманның кəсіби білімі мен дағдыларынқалыптастыруға қажетті əрекеттердің жəне ақпараттыңбелгілі бір ォмөлшеріサ (ォдозасыサ) болып табылады. Осы айтылғандарды ескере отырып, модульге мынадай анықтама беруге болады: ォОқытушы модуль – бұл оқу пəнінің танымдық жəне кəсіби аспектілерден тұратын мазмұндық бөлігінің жүйелі түрде аяқталған формасы, ол оқушының берілген модульді толық меңгеруі нəтижесінде қалыптасатын білім, білік, дағдыларын бақылап, тексерудің тиісті формасымен аяқталуы тиісサ. Модуль: ақпараттардың аяқталған блогынан; оқушы іс-əрекеті бағдарламасынан; бағдарламаны табысты жүзегеасыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан тұрады. Модульдер белгілі бір ережелерге сəйкес жасалады, оларға мыналар жатады: 1) оқытудың мақсаттарын анықтау; 2) қойылған мақсаттарға сəйкес оқу материалының мазмұнын