Психологтар дəлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеруүшін оқушылардың мақсатты түсінуі (мақсаттыңқозғаушы, қызықтырушы күш болуы) аса маңызды. Ол үшін, психологтардың пікірінше, мақсат (нені білу, нені үйрену), оның мағынасы (бұл не үшінқажет) нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тəсілдері көрсетілуі керек. Объектілердің нақтықасиеттері жайлы білімді қалыптастыруда түсіндіруді сызба жəне белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан əрекеттен бастаған тиімдірек екенін эксперимент көрсетіп отыр (Салмина 1981, 47). Жадыны жəне келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғауүшін, психолог Л. В. Шешневтің пікірінше, біріншіден, алғашқы түсінбеушілік сезімі жадыда сақталмауы тиіс; екіншіден, жады меңгерілгенұғымдар мен түсініктердіқорғауқапшығына, берік жабылғанォорамағаサ салып сақтауы жəне ұсынуы тиіс. Мұндай ォорамаサ қызметін белгі (термин), белгілік жүйе атқарады. Сөйтіп, оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім: а) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен жəне мазмұнымен таныстырады; ə) оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдыққызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, əсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді əрбір оқушыныңォқабылдауынаサ, түсінуіне ерекше көңіл бөледі; б) тірек сызбаларға (ォорамаларғаサ, белгілік үлгілерге) сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша (15-20 минут ішінде) түсіндіреді. Сөйлесу бөлімінде əрбір оқушының танымдыққызметі əр сабақтаүш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын таңдау, жазу, көру жəне айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғыртып, қарапайым білік пен дағдықалыптастыру мақсатында, кейіннен алынған білімді талдау, жинақтау жəне бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады. Сөйлесу бөлімі сабақтарыныңұйымдастырылу формасы бойынша əр оқушыөзініңқалай жəне немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен (егер ол оқытаүйрету ойыны болса) немесе оныңқұрылысымен жəне жүру барысымен алдын ала таныстырады. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды (тақырыпты) тұтас оқып- үйренудің екінші – операционалдық-танымдық кезеңін іске асыру болып табылады. Бұл бөлімдіқарастырғанда Л. Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйендік: 1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрліқызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлау қабілеттерін, көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашылығын жəне т.б. дамытуға, яғни білім беруді мақсаттары болып табылатын тұлғалыққасиеттерін дамытуға бағытталған. 2. Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі – ең алдымен, оқушыныңқажеттіліктерін, қызығушылығын дамытуға жағдай жасау. 3. Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсіп жүргендеғана, балалардың білім дəрежесінің артуына қарай мүмкін болады. 4. Оқушылар нақты оқу кызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғаға бағытталған болуы тиіс. Оқуүдерісін тұлғалық басқару дəрежесі оқушылардыңөсуіне қарай артып отыруы жəне оқудың жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс. 5. Оқуүдерісін басқару бастауыш сынып оқушыларының ішкі қуатына жəне мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс. Оқу модулінің сөйлесу бөлімін даярлағанда мұғалім оқу материалының негізгі мазмұнын бөліп, құрылымдайды. Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның əр сабақта жеке бөліктермен берілетінін есепке алу керек, бұл беліктерде қысқаша, сиымды түрде тұтас тараудың (тақырыптың) ォмазмұны беріледіサ. Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың өзара сөйлесуінқамтамасыз етуге баса көңіл бөледі. 278 279 Мұнда оқу материалының мазмұны оқушылардыңөзара сөйлесуінің арқауы жəне құрушы болады. Сөйлесу бөлімінқұруқағидалары Алғашқыүш əрекет-қадам мұғалімнің оқу (ғылыми) материалының мазмұнын бөліп, оқу модулінің сөйлесу бөліміне орналастыруын құрайды. Сөйлесу бөлімінің жұмысы төмендегідей негізгі қағида- ларды есепке ала құрылады: Оқу материалын бір тұтас беру қағидасы. ォөсуサ бағытымен оқып-үйренуқағидасы (басында шағын түрде, соңынан мазмұнын біртіндеп аша отырып, көлемін арттырып, қосымша жаттығулар мен актілер енгізу аркылы). Бұл оқушының оқу материалын бөлек-бөлек емес, кешенді түрде, тұтас тарау (тақырып) бойынша пысықтауын білдіреді. Сөйлесу бөлімінің əр сабағында оқу модулінің тақырыбына ォқайта оралып отыруサ қағидасы (қайталаумен шатастыруға болмайды!). Іс жүзінде тақырыпқа оқу материалының көлемі жағынан да, тапсырмалардың күрделілік деңгейі тұрғысынан да ォөсуサ бағытыменқайта оралып отыру, меңгерілген білімді бекіту үшінқажет. Зерттеулер көрсеткендей, жады ақпараттыұзақ уақыт есте ұстап, білім деңгейіне жеткізу үшін оны саналы түрде бірнеше мəрте (7 ретке дейін) қайта оралып отыру кажет. Мұндағы басты