Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет127/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

мəселе материалды қайталау емес, тақырыпқа қайта орала отырып,
оны адамның өз алдына қойған проблемаларын шешудегі құрал-
жабдығы ретінде пайдалану.
Сондықтан модульдің осы бөлімінде оқу материалын меңгеру
тек қажетті кұрал ғана, онсыз негізгі мақсаттарға жету: қисынды
ойлауды, түрлі құбылыстар мен фактілер арасындағы байланысты
көре білуді дамыту; ұғымдар қалыптастырып, оларды ғылыми
негіздеуге үйрену; интеллекті жəне креативтілікті (шығармашылық
қабілетті) дамыту мүмкін емес. Бұл бөлімде оқу үдерісіндегі
оқушылардың барша танымдық қызметінің қорытындысы болып
табылатын мақсатқа жəне оқушылардың білімі мен білігінің
мемлекеттік білім стандартына сай келуіне қатар қол жеткізіледі
(олардың caй немесе сай еместігін салыстыру оқу модулінің үшінші
қорытындыөлігінде жүргізіледі).
Оқу модулінің сөйлесу (даярлық) бөлімін құрудағы мұндай
тəсілдің оқушы тұлғасын дамытуға жағымды ықпал етеді.
3, 4-сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына
сай сараланған тапсырмалар беріледі (І, ІІ жəне ІІІ деңгейлер).
Тақырыпта үш деңгейдегі (жеңілдетілген стандарт,
стандартты, стандарттан жоғары) оқушыларға арналған топтық
тапсырмалар ұсынылады.
ІІІ деңгей – білім стандартының талаптарына сай қарапайым
білім мен түсінік деңгейіндегі тапсырмалар.
ІІ деңгей – стандарт талаптарына сай алған білімін қолдану жəне
талдау деңгейіндегі тапсырмалар.
І деңгей – шығармашылық жəне ізденушілік сипаттағы
тапсырмалар. Қорытынды бөлімде барлық оқушыларға бірдей
мемлекеттік білім стандартына сай тапсырамалар беріледі.
І деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне
интеллектуалдық жəне креативтік дарынды балаларға арналған.
Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері
таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезек
кезегімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің
орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
Оқу модулінің сөйлесу (даярлық) бөлімінің тағы бір
ерекшелігі бар. Атақты педагог ғалымдардың зерттеу нəтижелері
көрсеткендей, оқудың белсенді жəне ойын формаларын кеңінен
қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мəрте (13-тен
24 ретке дейін) қайта оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде оқушылар білімін бағалаудың
дəстүрлі бес балдық (шын мəнінде, үш балдық) жүйесін емес,
тоғыз балдық жүйені қолданған дұрыс, бұл оқушыға бір деңгей
тапсырмаларынан екіншісіне жеңіл, көңіліне қаяу түсірмей өтуіне
мүмкіндік береді, өйткені əр деңгей ауқымында өте жақсы,
жақсынемесе қанағаттанарлық__________баға алуға болады.
Үшінші жеңілдетілгендеңгей тапсырмаларын орындау
білім деңгейі төмен кейіннен жоғарырақ деңгей тапсырмаларына
көшуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларын оқу модулінің орта
кезінде-ақ орындап болған оқушылар, қалауы бойынша мұғалімге
көмекші бола алады. Олар кеңесшілер, жүргізушілер, т.б. рөлдерді
атқара алады. Оқу модулінің сөйлеу бөлімі оқушылардың өзін-өзі
оқытуына жəне өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуынан жəне
бірін-бірі бағалауынан құрылған. Бұл əрбір оқушы үшін тек ІІІ
280 281
деңгейлік тапсырмалар ғана емес, олардың үлгі жауаптарын да
даярлау арқылы іске асырылады.
Сөйлесу бөлімі оқыта үйрету ойындары арқылы жүреді.
Мысалы: Брейн-ринг, Қарлы кесек, Білім биржасы,
Акционер, т.б ойындар.
Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу
бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі,
бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып
келсе, енді қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде
алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі
тиіс.
Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік
тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант
оқу пəнінің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу модулінің осы
қорытынды бөлімінде беріледі.
Оқушылардың тақырып немесе тарау бойынша білімін,
дағдысын бағалауда оқу модулінің қорытынды (бақылау) бөлімінде
алған бағалары қойылады.
Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларға үш деңгейдегі
(жеңілдетілгенстандарт, стандартты, стандарттан жоғары)
тапсырмалар ұсынылса, қортынды бөлімде барлық оқушыларға
бірдей мемлекеттік білім стандартына сай тапсырмалар беріледі.
Оқушылардың өз бетінше ізденіп шығармашылықпен
айналысуына Модульдік оқытутехнологиясы тиімді. Оның
ерекшелігі оқушының білімді өз бетінше меңгеруге ұмтылғандығы,
алуан түрлі (есту, көру) арнайы жасалған оқу жəне танымдық
жағдайлар арқылы дамытуға, шығармашылық қажеттілігін
қанағаттандыруға, сөздік қорын (ауызша, жазбаша) дамытуға
бағытталады.
Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап
алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын жəне нəтижелерін,
сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын
ойластырып, оқу модулін құрады.
Мұғалімнің алдын ала жұмысы төмендегідей əрекет –
қадамдардан тұрады:
1-қадам: Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша
бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік
пен дағдыларды, сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін
айқындау.
2-қадам: Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас
мазмұнын оқып-зерттеу.
3-қадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін
түйінді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет