Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет142/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

Оқушылардың осы сəтті сезінуі мұғалімге олардың
таңғалысымен, кез болған проблеманы шеше алмаған қиналысымен
танылады. Мұндай ерекше сəтті туғызуда бастауыш сынып мұғалімі
сол пəннің ішкі заңдылықтарын тауып ала білуі керек жəне мұғалім
сол сəтті өзінің эмоционалдығын қоса жұмсауы керек.
Туындаған проблемалық жағдаят оқушыларды осыны туғызған
себептерді іздеуге күшті түрткі болады. Ал мұғалімнің сезімге толы
сөзі мен түсіндіру барысы оқушылардың танымдық. Ізденімпаздық
қабілеттерін оятып, іске қосуға күшті фактор ретінде қызмет
атқарады.
XХІ ғасыр Педагогикалық технологияның бір түрі – сын
тұрғысынан дамыта оқытуда баланың ізденушілік зерттеушілік
əрекетін ұйымдастыру алға қойылады.
Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдары мен
324 325
тəсілдерінің жаңа мəселені шешуге жеткіліксіз екенін түсінетідей
жағдайда болуы керек. Содан барып оның білім алуға ынта-ықыласы
артып, əрекеттенеді.
Сабақ 3 құрамдас бөліктен тұрады:
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дəлелдеу.
Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эдьконин, В. В. Давыдов
жасаған жүйесінің негізгі компонеттері.
Оқушыларға ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты
шешу, талқылау мен жинақтау арқылы жүзеге асады. Ал мұғалім
тек ұйымдастырушы-бағыттаушы. Шешім табылған кезде əркім
оның дұрыстығын өзінше дəлелдей білуге үйретіледі. Əр оқушыға
өз ойын. Пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Жауаптары тыңдалады.
Əрине, жауап үнемі дұрыс бола бермес.
Дамыта оқыту жүйесінің тағы бір ерекшелігі – сынып
оқушыларын жақсы-жаман деп бөлмей, олардың жетілуі, дамуы
үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс.
Əр оқушының өз қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі
ойластырылған. Сол арқылы ол өзін дамыта алады. Мұғалім мен
оқушының арасында жақсы қарым-қатынас туады. Ол үшін баланың
жауабы мұқият тыңдалып, дұрыс мақталып, қатесін ептеп түзету
керек. Сын тұрғысынан дамыта оқыту сынақ емес, ой-өрісті шыңдау.
XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап
тербетер, баптап өсірер тəрбие керек.
Еліміздің қоғамның экономикалык, саяси-мəдени дамуына
үлес қосатын, əлеуметтік цивилизацияға көтертетін, қарасатын,
денсаулығы мықты азаматты тəрбиелеп шығару – мектептің ұстаздар
қауымының бүгінгі тандағы басты міндеті.
Сондықтан мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі –
талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу. Оны өсіру. Əр оқушыдан
қабілетін танып-біліп, дамытып, адам дəрежесіне жеткізу үшін
жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.
Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа
көзарастар пайда болды. Əрі білім беру құрылымында қазіргі
заманғы педагогикалық технология өмірге келді.
Технология дегеніміз – қандай да болсын істегі, шеберліктегі,
өнердегі адамдардың, ал педагогиакалық технология – педагогика-
лық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисынды ілім
амалдары мен əдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы, – деп
түсіндіреді В. Кларин.
Педагогикалық технология тəжірибеде жүзеге асатын
педагогикалық жүйенің жобасы. Ал, педагогикалық жүйе дара
тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Белгілі бір мақсатқа жету
жолындағы арнайы педагогикалық, ықпалды ұйымдастыруға қажетті
өлшем. Байланыстардың əдістердің, құралдардың жиынтығы.
Олай болса, дəл қазір бізге осы педагогикалық технологияны
дамыту, оның практикада пайдалану шарттарын білуіміз керек.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. Бастауыш мектептің оқу-тəрбие үдерісінде дамыта оқыту
технологиясын пайдалану мүмкіндіктерін айқындап, 3 сыныптың
математика сабағын проблемалық технология арқылы өткізудің
сабақ жоспарын əзірлеңіз.
2. Дамыта оқыту технологиясының негізгі шартын анықтаңыз.
3. Дамыта оқыту технологиясының дəстүрлі оқыту
технологиясынан айырмашылықтарын саралаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Якиманская И. С. Развивающее обучение. – М.: Педагогика,
1979.
2. Давыдов В. В. Теория развивающего обучения. – М., 1996 г.
3. Давыдов В. В. Проблемы развиваюшего обучения. – М.:
Просвещение, 1984.
4. Дьяченко В. К. Новая дидактика. – М.: Народное образование,
2001.
5. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология-
лары. Алматы, 2005.
6. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –
Алматы, 2004.
7. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен
оқыту құралдары. – Алматы, 2007.
8. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология
негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
9. Педагогические технологии: Методические рекомендации
326 327
/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им.
К. Д. Ушинского, 2002.
10. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –
М.: Народное образование, 1998.
11. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.
ҚОСЫМША
«Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар» пəні бойынша
тест тапсырмалары
1. «Технологиясөзінің құрамдас бөлігі грек сөзі Techne-ні
мағынасы:
А) Техника
В) Ғылым
С) Əдіс
Д) Шеберлік
Е) Ойын
2. Шикізат пен материалдарды айыру мен өңдеудің əдістері
мен құралдары жиынтығы:
А) Педагогикалық технология
В) Технология
С) Білім беру технологиялары
Д) Оқытудың технологиясы
Е) Еңбек технологиясы
3. Білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатын
көздейтін жəне оқытудың көзделген мақсаттарына жетуге
кепілдік беретін педагогиканың бағыты:
А) Этнопедагогика
В) Арнаулы педагогика
С) Медиапедагогика
Д) Жалпы педагогика
Е) Педагогикалық технология
4. «An education technology» термині əлемдік педагогикада пай-
да болды:
А)XVIII ғ. 60 жылдарының басында
В) XIX ғ. 60 жылдарының басында
С) XX ғ. 60 жылдарының басында
Д) XVII ғ. 60 жылдарының басында
Е) XVI ғ. 60 жылдарының басында
5. Педагогикалық технологияның қойылған мақсаттарға сай
білім, білік, дағдыларды қалыптастыру жəне оларды бақылау
операцияларының жиынтығы ретіндегі анықтамасының авторы:
А) А.К. Калеченко
328 329
В) Я. А. Коменский
С) В.В. Давыдов
Д) Г. М. Коджаспирова
Е) А. Сухомлинский
6. Педагогикалық технология ұғымына енгізілмейді:
А) Барлығы да енгізіледі
В) Оқыту мен тəрбиенің мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет