негізгісі – дамыта оқыту педагогикасын қалыптастыру, яғни дамыта оқытудың педагогикалық не балалық психологиясын емес, дамытушы ағартудың жүйесінқалыптастыру. В. С. Лазаревтің ойы бойынша, дамыта оқыту бөлек бір сыныпта болуы мүмкін емес, ол үшін əбден жаңа типті мектеп қажет, сондықтан педагогтерді ғана дайындамай басқарушыларды да арнайы даярлау қажет. Орта мектепте дамыта оқыту бағытымен іргелі түрлендіруді Ю. В. Громыков қолдайды, бірақ оның пікірінше, бөлек сыныптарда ғана дамыта оқыту теориясын толыққолдануға мүмкіндік бар. А. Б. Ворнцовтың пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесіне енген мұғалім тұлғасы да өзгереді. Оның сөйлеген сөзі, келбеті, белсенділігі, жауапкершілігі жай мектеп мұғалімдерінеқарағанда ерекше жетіледі. Қазіргі кезде дамыта оқытумектебін қалыптастыру жер- жерлерде ынталы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Мəскеу, Санкт- Петербург, Харьков, т.б. қалаларында Давыдов пен Элькониннің, Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі оқу-тəрбие үдерісінде қолданылып жүр. Бірақ, біздің елде, əсіресе, қазақ мектебінде бұл игі іс айтарлықтай əлі қолға алынған жоқ. Мұнда білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетін баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқтыөнімсіз еңбекке жұмсалып жатады. Осының нəтижесінде мектептерде дағдынықалыптастыру күні бүгінге дейін осылай істе деген ұстаным бойынша танымал жəне тəжірибелік 316 317 міндеттерді шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүргені жасырын емес. Дамыта оқыту технологиясы балағаөз бетінше ойланып қорытынды жасай білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауды үйренуге машықтандырады, теориялық мəселелерді практикада қолданабілуге баулиды, шығармашылық ізденіс əдістерін игеруге көмектеседі. Əлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні – Л. С. Выготский- дің идеяларына негізделген В. В. Давыдов пен Д. В. Эльконин жəне Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л. С. Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген университеттерінің педагогика факультеттерінде оқытылады. Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын табуда. Бірақ жалпы білім беру мектебінде іске асыру көптеген қиындықтар тудыруда. Өйткені, ұсынылған əдістемеліктер мен технологиялар көбіне дербестік сипатта, сондықтан кез келген мектепте əр түрлі ерекшелікті балалар арасында қолдануын таба алмай жүр. Сонымен қатар оқушы тұлғасын дамыта оқытудың мақсаты ма, əлде мақсатқа жетудің амалы ма деген сауалға нақтылы түсінік берілмеген жəне тұлға дамытудыңөзіне тəн түрлі-түрлі көзқарастары бар. Біздің елде білім беру мекемелері, мектеп мұғалімдері жəне көптеген педагогика ғылымының зерттеушілері тəлім-тəрбие беру үдерісінің негізгі мақсатын оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтардың айтуы бойынша, əр адамның дамуы өзқолында, оны сырттан əсер етер күшпен дамытуғаболмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толықөзіндікөсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерініңөзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үдерісінұйымдастырудың түрлі əдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет. Бұдан шығар түйін, дамыта оқыту – білім беру мекемесінің əрбір сабақта, күнделіктіқарым-қатынаста, мектепте жəне мектептен тыс іске асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар болашаққа болжаған оқушы тұлғасынөзіндік жетілдіруіне, өзіндікқалыптасуына жеткізетін амал. Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне, оның қалыптасуына, біртұтастығына жəне бөлек бөліктеріне позитивті өзгерістер енеді. Дамыта оқыту тікелей баланы (субъекті, объекті) жан-жақты дамыта отырып (жеке басын, дүниетанымын, ойлауын, т.б.) оқытуға негізделеді. 15.3 Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері Дамыта оқыту мақсаттары төмендегідей: - оқушы субъекті, яғни ол өзін-өзі дамыта алады, жетілдіреді, тəрбиелей алады; - баланыңқабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды (іскерлігі, машығын дамыту емес); Білім дайын күйіндеұсынылмайды, бала – тыңдаушы, мұғалім – ақпаратберуші емес керісінше, бала – зерттеуші, ізденуші, жаңалық жаратушы. Олардың дағды, іскерлігі белгілі бір мəселе, жағдаятты шешу арқылықалыптасады. Демек, мұғалім – оқушы іс-əрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші ғана. Дамыта оқытудағы басты іс-əрекет – диалог, пікірлесу, пікірталас. Дамыта оқытудағы мұғалімқызметі – диалогты ұйымдастыру- шы, бағыт беруші балалардың іс-əрекеті, ынтымақтастығын бір бағыт, бір мақсатқа бағыттаушы. Білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеруде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім – сабақүдерісінұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде əркім оның дұрыстығынөзінше дəлелдей білуге үйретіледі. Əр оқушығаөз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндікберіледі, жауаптар тыңдалады. Əрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, əр бала жасаған еңбегінің нəтижесін бөлісіп, дəлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тəжірибесін қорытындылауғаүйренеді. 318 319 Осындай негізде құрылған іс-əрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты: Қажеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету жолдарын ашу, мақсатқа жету үдерісі (əрекет,