Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет140/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

операциялар), нəтижесін шығару.
Бүгінгі кезде жоғарыда жазылған барлық сипаттаушы
қасиеттерін игерген мектеп саны жоққа жуық. Бірақ, бұл мақсатқа
ынталанған мектептер бар (В. А. Карковский, Е. А. Ямбург,
А. Н. Тубельский, т.б. мектептері).
Сонымен жалпылап айтқанда, оқушы тұлғасының дамуына
ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бəріне жүктелетін міндеттер
жүйесі төмендегідей:
- оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім
беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
- оқыту үдерісінде оқушының теориялық жəне өнімділік ой
құрастыру əрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру;
- оқушылардың танымдық қызығушылығын, оқуға деген мо-
тивациясын дамыту;
- оқу материалын игеруде жəне оқу іс-əрекеттерінде жете
ұғынуға талпындыру;
- белгілі бір мəселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын,
серіктестігін ұйымдастыру;
- көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
- оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу
түрлерін ұйымдастыру;
- оқу үдерісінде компьютерлік технологияларды қолдану;
- оқыту барысында əр түрлі шапшаңдықпен жəне əр түрлі
көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу;
- дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану;
- жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникация-
лық жаттығулар, зейін, ес, ойлау жəне т.б. жаттығулар).
Осы міндеттерге жүгіне отырып, дəстүрлі білім беру жүйесінде
де оқушы дамуына жəрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар.
Олар:
- мектепте жəне əрбір сыныпта, оқу тобында мұғалімдер
мен оқушылардың күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай
тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру;
- оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы əрекеттестік
ұстанымымен жеке тұлғалық түсінушілік негізінде жүзеге
асырылуы;
- оқыту үдерісінде репродуктивтік жəне шығармашылық
іс-əрекеттер __________оқушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша
жағдаймен, оқыту материалының деңгейімен анықталуы;
- оқыту деңгейінің анықталған бір ізділікті-біртіндеушіліктің
болуы;
- оқу материалы бөлекөлек пəндерге бөлінуі жəне соған
қоса кіріктірілген курстардың да болуы;
- оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін тудырып,
қабілеттерінің жан-жақты дамуына ынталандыруды көздеген əр
түрлі əдіс-тəсілдерінең кең қолданылуы;
- оқушылар əжептəуір уақыт аралығында, мысалы, белгілен-
ген бір тұрақты топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз
санды топтар қалыптасып уақытша қызметтесуінің мүмкіндігі
жəне жұппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі;
- балалардың эмоционалды-сезімділік жəне абстрактілі,
логикалық ой құрастыруын дамытуға ықпал етілуі;
- үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары
бəріне бірдей екендігін естен шығармай, жалпы білім беруді
кемсітпей, оқыту үдерісінде əрбір оқушының қажеттіліктері мен
қызығушылықтарының ескерілуі;
- оқу жоспарларында міндеттелген жəне таңдап оқитын
пəндердің үйлесімді қосылуы;
- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып
жəне білім алу нəтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалау;
- оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып,
өздік бағалау əрекеттерінің ұйымдастырылуы.
Қазір біздің елдің мектептерінде осының бірталай баптары
игерілу үстінде. Олар: мектептерде өзіндік басқару ұйымдары,
топтық жұмыс істеу əдістері мен түрлері, таңдап оқитын курстардың
санының көбеюі, т.б.
Балама мектеп идеяларын дəстүрлі мектепке енгізудің
қажеттілігінің негізгі дəлелі білім беру мақсатының, бағытының
өзгеруінде жатыр, яғни ол таза əлеуметтік бағытталған мақсаттан
тұлғалық бағытталған мақсатқа ауысуында.
Осының барлығын іске асыру үшін кəсіби шеберлігін шыңдауға
шаршамайтын, ұстаздықтан жалықпайтын, жаңалықтан жаны
шошымайтын, танымгер, өз ісіне құштар, яғни деонтологиялық
əлеуеті жете дамыған мұғалім қажет. Бала ұрпақты баулу, тəрбиелеу
320 321
аға ұрпақтың мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті уəзипа
деп, ақылшы ақын М. Əлімбаев айтқандай, əрбір ересек адамның
сана-сезімінде салмақты орын алуы тектік қорымызды сақтауға
жетелеуші алғышарт деп ойлаймыз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой əрекетін
меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту
сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше
қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп
қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-əрекетті ұйымдастыратын
ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың
интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
15.4. Дəстүрлі жəне дамыта оқыту жүйелерін салыстыру
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-ойлау əрекетін
ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған
дейінгі білетін амалдарының, тəсілдерінің жаңа мəселені шешуге
жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның
білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға əрекеттенеді.
Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден
тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Жауаптарды тыңдағанда əр оқушының өз ойын, пікірін айту
мүмкіндіктері
Бұлүшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин-В. В. Давыдов
жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу
мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу
іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім
сабақ үдерісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім
табылған кезде əркім оның дұрыстығын өзінше дəлелдей білуге
үйретіледі. Əр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі,
жауаптар тыңдалады. Əрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет