ォАдасқан əріптерサ ойыны дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса. 1. р, о, б. – бор 2. а, ш, а, ғ. – шаға Лексика бойынша ォЖалғасын тапサ ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс. 1. Ұяда.... Ұшқанда 2. Көп... Терең... ォКім білгірサойыны. Тақтаға заттардың, жан-жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал-мəтелдерді кім біледі? ォЖылдам жауапサ ойыны. Оқушыларға əзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен жəне мақал- мəтелдермен дұрыс əрі жылдам жауап берілуі керек. Морфология саласы бойынша ォОйлан тапサойыны. 1. Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? Асқазан 2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? Ақбөкен 3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? Жетісу, Талдықорған ォОйна да ойланサ ойыны. 1. Адамның туыстық атауларын білдіретін зат есімдерді жаз. 2. Қолмен ұстауға, көзбен көруге болатын зат есімдерді жаз. ォКім тез тауып, оқи алады?サ ойыны. Берілген сөйлемдерде сөздердің орын тəртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тəртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады? ォҰйқасын тап ойыныサ. Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. /қоян/. Бата алмас түлкі, Үсті тікен.. /кірпі/ ォЖалғасын тап ойыныサ. Атаңның баласы болма, /адамның баласы бол/ ォСөз қуаласпақ ойыныサ Ойынның шарты: 1-қатардағы оқушыларға ォбастауышサ, 170 171 2-қатарға ォбаяндауышサ деп ат қойылады. ォБастауыштарサ сөйлемде бастауыш болатын сөздерді айтады, ォБаяндауыштарサ оған қимылды білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құрайды. Араларға көмек ойыны. Ойынның мақсаты: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ойынның шарты: тақтаға араның ұясындағы балға келе жатқан аюдың сүреті ілінеді. Аюдың балға келе жатқандығын ескертуге күзетші ара басқа араларға кетеді. Оқушыларға тақырыпқа байланысты грамматикалық тапсырмалар беріледі. Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрау. Көптік жалғауын дұрыс жалғау. Септік жалғауларын табу. ォАдасқан айларサ ойыны. Төрт қорап дайындайсыз. Əр қорап сыртында жыл мезгіліне сай сурет болады, ай аттарын ауыстырып саласыз, оқушы əр айды жыл мезгіліне сай тауып салады. Бұл ойынды уақытпен ойнатуға болады. Ойын оқушының тез оқу, қимылдау дағдысын қалыптастырады. Мұғалім оқушының ай аттарын, жыл мезгілін есінде қалай сақтағанын бағалайды. ォСымсыз телефонサ ойыны. Лексикалық бақылауды ауызша жүргізілгенде қолданамыз. Мысалы тақырыбы: ォҚалада. Қаладағы мəдени орындарサ. Оқушы телефон тұтқасын алады да сөзді айтады. Біздің қала – аудармасын 2 - оқушы. Ары қарай жалғаса береді. Сөздік диктант үнемі жүрсе баланы жалықтырады, сондықтан бұл ойынды оқушылар қызыға ойнайды. Осы ойын арқылы шағын диалогты ойнатуға болады. Бұл ойын оқушыны дұрыс мəдениетті сөйлеуге үйретеді, сөздік қорын бағалауға мүмкіндік береді. Үлкен бір модульді аяқтаған кезде нəтиже сабақта ォҚоржынды кім тез шешеді?サ деген ойын ойнаймыз. Үш қатар болса (немесе 3 топ) үш қоржын дайындайсыз. Əр қоржында аударма жұмысы, сөз тіркесін құру, буынға бөлу, модулға сəйкес грамматикалық тапсырма, мəнерлеп оқу, диалог болады. Қай топ тез дайындалып,