материалдық емес активті тану өлшемдеріне, яғни сəйкестендірімділікке ре-
беруі тиіс.
279
пайдалануына шек қою мүмкіндігі (коммерциялық құпияны жариялағаны
үшін заңдық жауапкершілік арту арқылы).
Материалдық емес актив мынадай: осы активтің қолданылуына қатысты
болашақ экономикалық табыстар жəне қызметтер əлеуетінің ұйымға келетіні
ықтималдылығы болса жəне активтің құны сенімді бағаланған болса таныла-
ды.
Материалдық емес актив бастапқыда нақты құны бойынша өлшенеді, ол
құн сенімді өлшенуі жəне мына көрсеткіштерді қамтуы тиіс:
– сауда жеңілдіктерін жəне арзандатуларын шегеруден кейін импорттық
баждарды жəне сатып алуға өтелмейтін салықтарды қоса алғанда материалдық
емес активті сатып алу құны (акциздер, салықтар, кедендік баждар);
– активті мақсаты бойынша пайдалану үшін жұмыс істеу жай-күйіне
келтіруге жұмсалған кез келген тікелей шығындар.
Тікелей шығындарға мыналар жатқызылуы мүмкін:
– активті жұмыс істеу жай-күйіне келтіруге байланысты пайда болатын
қызметкерлерге сыйақы төлеуге байланысты шығындар;
– активті жұмыс істеу жай-күйіне келтіруге байланысты пайда болатын
кəсіби қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығындар;
– активтің тиісті жұмыс істеуін тексеруге жұмсалған шығындар.
Материалдық емес активтің іс жүзіндегі құнының құрамына енгізілмейтін
шығындарға мыналар жатқызылуы мүмкін:
– жаңа өнімдерді немесе қызметті енгізуге байланысты шығындар
(жарнамаға жəне оларды жылжыту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге
жұмсалатын шығындарды қоса алғанда);
– əкімшілік жəне басқа да жалпы үстеме шығыстар.
Материалдық емес активтің баланстық құнындағы шығындарды тану ак-
тив басшылықтың мақсатына сəйкес пайдалану қалпына келтірілген кезде
тоқтатылады [13.1-сызба].
Материалдық емес активтердің өзіндік құны бойынша есеп моделінің сыз-
басы:
13.1-сызба
Достарыңызбен бөлісу: