йынша есепке алынады.
кез келген кейінгі жинақталған шығындарды шегеруді білдіреді.
283
бағалануы мүмкін. Белсенді нарық болмаған жағдайда материалдық емес ак-
тив іс жүзіндегі шығындар бойынша ескеріледі.
Материалдық емес активтің баланстық құны жыл соңында есепті күндегі
оның əділ құнынан елеулі ерекшеленбеуі тиіс. Қайта бағалау бюджетті атқару
жөніндегі уəкілетті орган белгілеген мерзімде жəне кезеңде, бірақ материалдық
емес активтің əр түрі бойынша бойынша 3-5 жыл жиілікпен жүргізіледі.
Материалдық емес активті қайта бағалау негізгі құралдарды есепке алғанда
қолданылатын қағидаттар бойынша жүргізіледі, мысалы:
– құнның артуы тікелей таза активтердің/капиталдың есебіне (5112
«Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв» қосалқы шо-
тына) кредиттелуі тиіс;
– құнның төмендеуі бұрын танылған құнның өсуімен жабылған
жағдайлардан басқа кезеңнің шығыстарына жатқызылады;
– осы сыныптағы барлық материалдық емес активтер қайта бағалануы тиіс.
Егер активтер сыныбының баланстық құны қайта бағалау нəтижесінде
жоғарыласа, онда мұндай ұлғаю 5112 «Материалдық емес активтерді қайта
бағалауға арналған резерв» қосалқы шотының кредитіне тікелей жатқызылады.
Егер бұрын активтер сыныбының төмендеуі танылса, онда келесі қайта
бағалаумен байланысты сол активтер сыныбының құны артқан кезде, құнның
төмендеуінің қайтарымы жүргізіледі.
Егер активтер сыныбының баланстық құны қайта бағалау нəтижесінде
төмендесе, азаю есепті жылдың қаржылық нəтижесінде танылады. Алай-
да, егер бұрын актив құнының артуы танылса, кез келген кредиттік қалдық
көлемінде азаю 5112 «Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған
резерв» қосалқы шотының дебетіне тікелей жатқызылуы тиіс.
Бір активтер сыныбы ішіндегі жекелеген активтердің қайта бағалауынан
құнның артуы не төмендеуі осы сынып ішінде өзара есептесуі тиіс, бірақ басқа
активтер сыныбына жататын активтермен өзара есептеспеуі тиіс.
Егер материалдық емес актив қайта бағаланатын болса, қайта бағалау күнгі
кез келген жинақталған амортизация не:
– активтің баланстық құнының өзгеруіне, активтің баланстық құнын қайта
бағалағаннан кейін оның қайта бағалау құнына тең болатындай теңбе-тең
қайта саналады;
– активтің баланстық құнын азайту жолымен есептен шығарылады, ал таза
шама активтің қайта бағаланған құнына дейін қайта есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: