284
– тозуды біркелкі есептеу əдісі;
– азаятын қалдық əдісі;
– өнім (өндірістік) бірліктерінің əдісі.
Тозуды біркелкі есептеу əдісі активті пайдалы қолдану мерзімі ішінде
тұрақты аударымдарға əкеп соқтырады.
Азаятын қалдық əдісі активті пайдалы қолдану мерзімінің ішінде аударым-
дарды азайтуға əкеп соқтырады.
Өнімнің бірліктер əдісі алынған өнімнің күтілетін пайдаланылуына немесе
санына негізделген аударымдарға əкеп соқтырады.
Материалдық емес активті пайдалы қолдану мерзімі əрбір есепті күнге
қарастырылады.
Материалдық емес активтің тарату құны нөлге тең деп қабылданады.
Тозудың біркелкі есептеу əдісін қолдану кезінде материалдық емес
активтердің амортизациясын есептеу мынадай тəсілдермен:
1) амортизацияның белгіленген нормаларын пайдалана отырып;
2) активті пайдалы қолданудың белгілі бір мерзімін пайдалана отырып
жүргізіледі.
Амортизацияның белгіленген нормаларын пайдалана отырып материалдық
емес активтер амортизациясының сомасы материалдық емес активтердің
бастапқы құнын (қайта бағаланғандар үшін – ағымдағы құнды) тозудың
бекітілген жылдық нормаларына сүйене отырып анықталған амортизацияның
ай сайынғы нормаларына көбейту жолымен анықталады.
Негізгі құралдар нысандарын амортизациялау əдісі мен тəсілі бірыңғай
есеп саясатымен анықталады жəне кезеңнен кезеңге кезекті қолданылады.
Материалдық емес активтердің амортизациясы ай сайын есептеледі.
Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу бастапқы тану ай-
ынан кейінгі айдың 1-күнінен басталады жəне шығып қалу айынан кейінгі
айдың 1-күнінен тоқтатылады.
Материалдық емес активтер бойынша амортизация есептеу 7110 «Ұзақ
мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар» шотының дебеті
жəне 2721 «Материалдық емес активтердің жинақталған амортизация-
сы» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Алайда кейде активте
жасалған болашақ экономикалық пайдалар басқа активтердің өндірісі кезінде
сіңіп кетеді. Бұл жағдайда есептелген амортизация осындай басқа активтің
іс жүзіндегі құнының бір бөлігін құрайды жəне оның баланстық құнына
енгізіледі.
Қаржыландыру есебінен сатып алынған материалдық емес активтің амор-
тизациясын есептей отырып бір уақытта тұтынудан түсетін кірістерге осы
актив жатқызылатын топ амортизациясының нормасы бойынша есептелген
сома мөлшерінде материалдық емес активтерді сатып алуға күрделі салым-
дарды қаржыландыру сомасы есептен шығарылады жəне мынадай тізбекпен
көрсетіледі: 5010 «Күрделі салымдарды қаржыландыру» шоты қосалқы
285
шотының дебеті, 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын
кірістер» шотының кредиті [13.1-кесте].
Мемлекеттік мекеме пайдалы қызмет мерзімі белгіленбеген материалдық
емес активті құнсыздануды оның өтелетін сомасының жыл сайынғы негізінде,
сондай-ақ əрқашан да материалдық емес активтің ықтимал құнсыздану
белгісі болған кезде баланстық құнымен салыстыру жолымен тестілеуі тиіс.
Материалдық емес активтердің құнсыздануы түгендеу комиссиясының актісі
негізінде түгендеу қорытындысы бойынша мынадай жазбамен көрсетіледі:
7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының дебеті
жəне 2722 «Материалдық емес активтердің құнсыздануына арналған резерв»
қосалқы шотының кредиті.
Мемлекеттік мекемедегі материалдық емес активтердің құнсыздану
фактілерін анықтау рəсімі «Активтердің құнсыздануы» бөлімінің ережелеріне
сəйкес танылады.
Материалдық емес активті тану оны есептен шығарған кезде немесе оны
пайдаланудан немесе есептен шығарудан қандай да бір болашақ экономика-
лық кіріс күтілмегенде тоқтатылады.
13.1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: