Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет5/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

Бесінші қарама-қайшылық: адам адамзат қоғамынан тыс 
ортаға түсетін болса, оның жағдайы қандай болмақ? Оның психи-
касы, ақыл-ой қабілеттері, тұлғасы дамуын тоқтатпай ма?
Маугли-балалар, яғни жануарлар ортасында тəрбиеленген 
балалардың психикасы, адамның адами қоғамнан тыс дамуының 
салдарын көрсететін айқын мысалдың бірі. Аталмыш жəйтке 
қатысты ғылыми дəлелденген деректер өте аз болғанымен, аңыз 
өте көп. 
Мəселен, Амала мен Камала атты үш-төрт жəне тоғыз жас 
шамасындағы, үнді джунглилеріндегі қасқырлар тобырында 
табылған қыздардың тағдыры жоғарыда айтылған жайтқа ең 
дəлелді дерек. Олар қасқырлардың барлық қылықтарын меңгерген, 
адамның тілін игермеген жəне тік жүруге дағдыланбаған. Оларды 
қайтадан тəрбиелеп, əлеуметтік ортаға бейімдеуге қаншалықты 
күш салынғанымен, өкінішке орай қыздардың біреуі араға көп 
уақыт салмай қайтыс болса, екіншісі өз жасына лайық дамудың 
біршама деңгейіне қол жеткізумен ғана шектелген. 
Ғылыми əдебиетте авейрондық жабайының жағдайы тама-
ша баяндалған (Франция, 1799). Авейрон маңындағы тұрғындар 
адамның тілін түсінбейтін, сөйлемейтін, төрт аяқтап жүретін, адам-
ға тəн қарапайым дағдылар мен қолмен жасалынатын əрекеттерді 
меңгермеген он екі жас шамасындағы ұл баланы тауып алады. Ба-
ланы Виктор деп атайды. Оның тағдыры балалар психологиясы 
мен дефектологиясының дамуына қомақты үлес қосқан дəрігер, 
гуманист, педагог, психолог Ж. М. Итардтың қызығушылығын 
тудырады. Зерттеушінің ақыл-ойы кем балалардың тəрбиесіне 
арнап құрастырған əдістемелері əлі күнге дейін қолданылуда. 
Баланың тағдыры Ж. М. Итард жəне сол кезеңнің жетекші 
қайраткерлері үшін 1789-1799 жж. Француз төңкерісінің барлық 


12
адамдардың бастапқы теңдігі жайлы негізгі ұранының пайдасы-
на шешілді. Біздің əртүрлілігіміз қабілеттеріміздің əртүрлілігінен 
емес, əлеуметтік жағдайларымыздың əртүрлі болуында. 
Ж. М. Итард Вик-тордың интеллектісі сақтаулы деп есепте-
ген, өйткені ол орманда адамдардың қолдауы мен қорғауынсыз 
тірі қалмас еді. Бастапқы сабақтарда балада біршама алға жыл-
жу байқалады, ол фразаларды түсіне бастайды, құралдармен 
қарапайым амалдарды жəне тұрмыстық əрекеттерді атқара ба-
стайды. Алайда біраз уақыттан соң, оның дамуы тоқтап, жоғары 
психикалық қызметтер – жазу, оқу дағдыларын қалыптастыру 
мүмкін болмады. Сонымен бірге жыныстық жетілу кезеңінде 
мінез-құлықтың агрессивтілігі мен оғаштығы орын алады. 
Қырық жас шамасында Виктор қайтыс болады. Өмірдің өзі 
жасаған осындай еріксіз «эксперимент» адамның психикалық 
дамуының себептері мен шарттарына қатысты проблемаларға на-
зар аударуға міндеттеді. Ол үшін əлеуметтік орта мен тəрбиенің 
мəні жайлы мəселе кеңінен талқыланып, кейінірек қоғамдық 
білім беру жүйесін құрудың əлеуметтік проблемасына алма-
сады. Тұрғындардың барлығына бірдей қолайлы мектептерді 
құру қажет пе əрі олар қандай болуы тиіс? Егер біз ерте балалық 
шақта адамзат қарым-қатынасының молшылығынан айырылатын 
болсақ, қандай күй кешер едік? 
Аңызға сүйенсек германдық княздің ұлы Каспар Хаузердің 
оқиғасы тағы бір ерекше мысал бола алады. Тақтың мұрагерлігіне 
қатысты 
қастандықтардың 
салдарынан 
оны 
нəрестелік 
шағында басқа баламен алмастырып, төгілген қанның өзінен 
қорыққандықтан, баланы тірі қалдырғанымен қатаң түрде 
оқшаулап, тұтқында ұстайды. Жастық шағында ол күтпеген жер-
ден еркіндікке шығады. Каспар Хаузер көшеден табылады, ол 
уақыт пен кеңістікте бағдарлана алмағанымен, сөйлей алатын бо-
лады. Тəрбиенің барысында Каспар Хаузер Викторға қарағанда 
үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Алайда оның тағдыры 
қыршыннан қиылып, бірнеше жыл өткен соң ажал құшады. 
Қарым-қатынастың жетіспеушілігінен психикалық дамудың 
бұзылуы депривация немесе госпитализм атауына ие болады. 
Депривация дегеніміз – қайсыбір қажеттіліктің шектеулілігі, 
аталмыш жағдайда баланың өзге адамдармен қарым-қатынастың 
жетіспеушілігі. Неліктен сепарация (баланы жақындарынан айы-
ру) жəне депривация оған соншалықты жойқын əсер етті?


13
Сонымен, баланың онтогенезде психикалық дамуының 
қозғаушы күштері мен себептері жайлы мəселе теориялық 
тұрғыда əрі əлеуметтік-практикалық жоспарда маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет