14
сыздығы. Дамудың қайтарымсыздығы дегеніміз – біздің балалық
шаққа, жеткіншек кезеңіне қайта орала алмайтынымыз. Мəселен,
40-45 жас шамасындағы дағдарыс кезеңінде жастық шақтың сим-
волды өлімін қабылдау қажет. Дамуды алға жылжу бар да, кері
қайту жоқ. Алайда, біз ойша өткен шаққа орала аламыз, оны
өңдеуге мүмкіндігіміз бар, психоанализ бен психотерапия дəл
осы əдіс-тəсілдерге сүйенеді. Мұрагерлік сапалы, қайтарымсыз
өңдеудің сақтаумен жəне тұрақтылықпен үйлесімін білдіреді.
Мəселен, «эго-ұқсастық» ұғымы орын алған барлық өзгерістерге
қарамастан «Мен» ұғымының мұрагерлігі мен сəйкестігінің
сақталуын білдіреді. Эго-ұқсастықтың құрылымы тұлғаның
тұрақты негізін құрайды. Даму əрдайым қайсыбір тұрақтылықты
болжайды. Тұрақтылықтың түрлері 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: