Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет4/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

ǺǼǹǮǻNJǩǺǸǩǴǭǩáǻǩǹ
ǺǼǹǮǻèȈȁȄáǻǩǹ
Даму қарама-қайшылығы дара нұсқауларға, тұрақтылық 
пен вариативтіліктің арақатынасына байланысты болады. Бізді 
бір-бірімізден ерекшелендіріп тұратын тектілік, тұрақтылық
өзгермейтін жəне даралықтың арақатынастары қандай? 
Төртінші қарама-қайшылық: дамудың гетерохрондығы неме-
се біркелкі болмауы. Дамудың біркелкі болмауы, бұл – бірқатар 
көріністері бар дамудың ортақ заңы. 
Адамтану мəселелерін жасау мен жүзеге асыру саласындағы 
маман, белгілі ресейлік психолог Б. Г. Ананьев адам өмірінің 
барлық фазалары мен кезеңдері жайлы мəліметтерді қамтитын 
жəне адамның дара дамуының бірлігін ашатын, адамның жас 
ерекшелік дамуының біртұтас жүйесін құру қажеттігіне нұсқаған. 
Б. Г. Ананьев адамның дара дамуы кез келген басқа ағзаның да-
муы сияқты филогенетикалық бағдарламаланған онтогенез деп 


9
есептеген. Өмірдің қалыпты мерзімі жəне дара даму кезеңдерінің 
немесе фазаларының бірізді алмасып отыруы қатаң түрде сол 
бағдарламамен анықталады.
Адамның онтогенезінде тұқым қуалаушылық пен орта 
арасындағы, тіршілік əрекетінің əрқилы реттеушілерінің 
арасындағы, ағзаның біртұтас құрылымындағы əртүрлі жүйелер, 
органдар жəне ұлпалар, тканьдар арасындағы көптеген қарама-
қайшылықтар туындап, жүзеге асырылып отырады. 
Сол тектес ішкі қайшылықтардың бір көрінісі – дамудың 
əркелкілігі, яғни əрқилы психикалық қызметтер, қасиеттер 
жəне құрылымдар біркелкі дамымай, əрқайсысы жетілуінің, 
тұрақталуының жəне төмендеуінің өз кезеңдері орын алатын 
жағдай. 
Дамудың гетерохрондығы дегеніміз – жеке ағзалар мен 
қызметтердің даму фазаларының уақыт бойынша сəйкес келмеуі. 
Мəселен, қиялдың дамуы, ерік əрекеттері қызметтерінің дамуына 
сəйкес келмейді. 
Алғашында ғалымдар даму фазаларының өзгерістері мен 
гетерохрондығының сəйкессіздігі – жетілу мен өсу үдерістеріне 
ғана тəн құбылыс деп есептеген. Алайда, бұл құбылыстардың 
инволюциялық үдерістердің гетерохрондығы жəне жеке 
жүйелердің қартаюының əркелкілігі сияқты қарттықта көрініс 
беретінін тəжірибе аңғартты. 
Дамудың жеке фазаларының ерекшеліктері тек биологиялық 
алғышарттармен ғана анықталмайтынын ескерген жөн. Тұқым 
қуалаушылықтың ұзақ өмір сүрудің маңызды дерегі екендігі 
белгілі, алайда ол жалғыз дəйек емес: ол тіршілік ету жағдайлары, 
тəрбиенің, іс-əрекеттің сипатын да қамтиды. 
Демек, онтогенезді сөз еткенде, адамның өмір жолын да ескеру 
қажет, яғни тұғланың белгілі бір қоғамда қалыптасып, дамуының 
тарихын ескеру қажет. Өйткені əрбір адам нақты дəуірдің заман-
дасы жəне белгілі бір ұрпақтың құрдасы. 
Адам өмірінің алғашқы кезеңдерінен-ақ тіршілік пен тəрбиенің 
əлеуметтік жағдайларына тəуелді болады. Тұлғаның қалыптасуы 
– индивидтің адам өмірінің екінші-үшінші жылдарында қарқынды 
жүретін ерте əлеуметтенуінің ұзақ жəне көп фазалы үдерісі болып 
табылады. Осылайша, тұлғаның тарихы дүниеге келу мерзімімен 
белгіленсе де, кешірек басталады. 


10
Адамның индивид (дене дамуы), тұлға (азаматтық даму), 
танымның (ақыл-ойдың дамуы) жəне еңбектің (еңбекке 
қабілеттілік) субъектісі ретінде ер жетуінің мерзімдері сəйкес 
келмейді. Дамудың осы бағыттарының жиынтығы адам 
даралығының қалыптасуы үшін негіз болып табылады. 
Осылайша, адамның жас ерекшелік есебі хронологиялық 
жастың есебіне ғана сүйенбейді, сонымен бірге ол төмендегідей 
өлшемдерді де қамтиды:
1) Адамның жас ерекшелік, психологиялық, əлеуметтік 
өлшемдерін қамтитын өмір жолы.
2) Мəдениет пен қоғамның бала тəрбиесінің дəстүрлі əдістері,
отбасының құрылымы, басым бағдарлар, ұлттық психологияның 
ерекшеліктері тəуелді болатын жалпы қасиеттер.
3) Адамның дамуы, сол буынының ерекшеліктері орын алған 
тарихи жағдаят (қазіргі заманғы оқушылар мен олардың 30-40 
жылдардағы құрдастарының мінез-құлқы мен даму деңгейлерін 
акселерацияның ықпалынсыз салыстыруға болмайды).
4) Адамдардың даралық-типтік, атап айтқанда дифферен-
циялық-психологиялық 
ерекшеліктері 
(жыныстық, 
дене 
ерекшеліктері, жүйке жүйелерінің түрлері, жетілу ырғақтары).
Осылайша, адамның жасы əрқашан биологиялық, тарихи жəне 
психологиялық уақыттың конвергенциясы болып табылады. 
Гетерохрондықтың бірінші көрінісі – адамның өмірінде 
тұрақтылықтың, кейде тіптен тұлғалық құрылымда ешбір 
күрделі өзгеріс орын алмайтын тоқырау кезеңдерінің, тұлға үшін 
тұтастай өмір мен оның мақсаттарының мəні ашылатын тағдырлы 
мезеттермен жəне қарқынды даму кезеңдерімен алмасып оты-
руы. Мұндағы гетерохрондық дамудың тұрақты кезеңдерінің 
дағдарыстармен орын ауыстыруымен сипатталады. 
Гетерохрондықтың екінші көрінісі тұлғалық жəне танымдық 
аумақтар дамуының арақатынасына байланысты. Онтогенезде 
тұлғалық аумақтың тұрақтылығы мен өзгермеушілігі жағдайында
интеллектінің қауырт даму кезеңдері жəне интеллектілі даму 
деңгейінің тұрақтылығында қайта құрылу кезеңдері алмасып 
отырады.
Гетерохрондық мотивациялық-тұлғалық жəне операциялық-
техникалық аумақтар дамуының біркелкі болмауымен анықталады 
(Д. Б. Эльконин). Аталмыш заңдылықтың қайталануында нақты 


11
мəні бар даму механизмінің құпиясы бар. Жасөспірімдік кезеңде 
тұлғаның дамуы дамудың гетерохрондығының тамашы мысалы. 
Психологтар адамның өмір жолын толықтай зерттеп болма-
йынша, маңызды өзгерістер жетілудің алғашқы сатыларында жəне 
қарттықта орын алатыны сияқты; есею ең жоғары дəрежедегі 
тұрақтылықтың сатысы ретінде есептелінген. Алайда, соңғы 
жылдардағы зерттеулер ересектің дамуының мақсаты жəне ақыр 
соңы болмайтынын көрсетті: даму үдерісі шексіз, өйткені даму 
тұлғаның тіршілік етуінің негізгі əдісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет