Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Дамудың əртүрлі кезеңдеріндегі «Мен – тұжырым-



Pdf көрінісі
бет93/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

6. Дамудың əртүрлі кезеңдеріндегі «Мен – тұжырым-
дамасының» қалыптасуы
Сенім негіздерінің дамуы
Э. Эриксонның теориясына сəйкес адам тұлғалық даму 
негіздері ең алғашқы кезеңдерде қаланады, яғни ол кезең 
туылғанынан бастап 18 айлық жасына дейін. Бұл кезеңде 
нəрестеде қоршаған əлемге деген сенім арту сезімі пайда болуы 
тиіс. Бұл жағымды өз-өзін сезінудің қалыптасу негідері болу ке-
рек. Əлемге сенім арту сезімі баланың жаңа тəжірибе жинақтауға 
жəне дамудың келесі кезеңдеріне дұрыс өтудің кепілі, тірегі 
болып қызметін атқарады. Бұлай болмаса, ол қызметтің басқа 
түрлеріне жеңілдікпен, шын ниетпен қарай алмас еді.
Сенуге тұрарлықтай ортада бала өзін барлығына сүйікті, 
жəне оны барлығы өзін жақсы көретінін сезіп, бала санасын-
да болашақта өзгелермен қарым-қатынасына жəне өз-өзіне де-
ген жағымды көзқарас қалыптастыратын мықты негіз қаланады. 
Бұның барлығы ананың қамқорлығымен қалыптасады. Сенім 
тек бір нəрсеге ғана қатысты екенін ескерсек, ол бірден дамып 
кетпейді, өйткені бала адамдар мен объектілерді ажырата білуі ке-
рек немесе оның санасына «Мен» де бір жеке адам екенмін ғой 
деген сезім пайда болу керек.


256
Өзін-өзі билеу еркіндігінің дамуы
Бала дамуының екінші кезеңі бір жарым жастан үш-төрт 
жасқа дейін созылады. Бұл кезеңде бала өзінің даралық баста-
уын жəне де өзін-өзі бір белсенді əрекет етіп жатқанын сезіне 
бастайды. Дамудың бұл кезеңіндегі басты жағымды қорытынды, 
ол – тəуелсіздік сезіміне қол жеткізу. Ол дегеніміз бала ата-анаға, 
үлкендерге тəуелді емес екенін білдіріп, біршама өзін-өзі басқару 
мүмкіндігіне ие болады. Бұл жаста бала барлық нəрсені өзінше, 
өз бетінше істеуге ұмтылады, біреудің тамақтандырғанынан, 
киіндіргенінен серуенге шыққанда қолынан ұстап жетелегенінен 
бас тартады, ұнатпайды. Бірақ үлкендер бұл іс-əрекеттерге 
бірқатар шектеулер қойған. Расында, салынған тыйымдарға 
өз көзін жеткізбейінше, олар оның мəнін түсінбейді. Міне, 
осы жерде дау туындауы мүмкін. Эксперименттік зерттеулер-
де сүйенсек, ата-ана мен баланың арасындағы қақтығыстар мен 
келіспеушіліктердің туындауының себебі баланың өзін-өзі билеу 
еркінің дамуымен өз пікірінің қалыптасуынан туындайды. Сон-
дай дау баланың бойында өз күшіне, өз-өзін билеу еркіне де-
ген сенімсіздікті тудырады. Өз-өзін билеу еркі, дербестік сезім, 
өзін-өзі бағалауы ары қарай дамиды да, белгілі бір жағдайдан 
кейін сенімділігі артып, таңдау еркімен ұласып кетеді. Ата-
ана тарапынан балаға өзінің іс-əрекетін еркіне беріп, біртіндеп 
қалыптастырады.
Бұл кезеңде бала, əсіресе мейірімділікті, (рухтандыру) жанын 
түсінуді, қолдау көрсетуді қажет етеді. Жаңадан пайда болған 
өзін-өзі билеу еркі сезімінің дамуына қолдау көрсете білу керек: 
ересектердің тыйым салуы баланы ұялшақтыққа немесе өзінің 
күшіне деген сенімсіздіктің болмауын қадағалау керек. Бала мен 
ата-ананың қылықтарының өзара бейімделуі – өте қиын мəселе. 
Ата-аналар ұстанатын жалғыз ғана конструкциялық ереже, шын 
мəнінде болмайтын нəрсеге тыйым салу жəне шешіміміз нақ болу 
керек. Қатаң бағып-қағу, шектеу жəне де еркін бағып-қағу баланың 
бойында ұят, күмəнділік, ал қылығында қырсықтық пен жуастық 
туғызады, сондықтан Э. Эриксонның пікірінше, мектепке дейінгі 
жастағы балалардың, біріншіден ата-анасының ерекшеліктеріне 
байланысты қоршаған əлемге деген сенім, сезімінің негізі 
қалыптасады, ал екіншіден, өзін-өзі билеу еркінің сезімі белгілі 
бір деңгейде дамуы керек. Жаңадан өзінің «Мен» сезімі дами 


257
бастаған бала үшін маңызды болып табылатыны оның қоршаған 
ортаға бейімделуі. Өзін-өзі еркін ұстайтын жəне əр нəрсені 
білгісі келіп тұратын баланың өзін-өзі бағалау өлшемі мүлдем 
жоғары болады. Мұндай бала қоршаған ортаны зерттеуге ерекше 
белсенді құлшынады жəне өзінің мүмкіндіктерінің шегін тапқысы 
келеді. Ес білуі əлі нақ болмаса да, ол өзінің жəне өзгелердің 
қозғалыстарын бақылауға қабілетті. Осы даму деңгейінде өзін-өзі 
бағалаудың өлшемі болып қызмет ететін – ол қоршаған əлемге де 
қызығушылығының деңгейі жəне өз аяғымен нық тұрсам деген 
ұмтылыс. Сонымен, балалық шақ, ерте кезеңнің ерекшелігі, яғни 
«Мен тұжырымдамасының» дамуы болып табылады. Көптеген 
адамдар үшін дəл осы жас олардың тұлға болып қалыптасуында 
шешуші рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет