264
Олар басқаларға сын көзбен қарағанды жақсы көреді. Мінездері
қызғаншақ, дөрекі болып келеді. Айналасындағылармен еркін
араласа алмайды. Соның кесірінен тығырықтан шығу жолын таба
алмайды. Осыдан кейін ол өзін жайсыз сезінеді. Сабақ үлгерімі де
нашар болады. 8 жастан бастап балалар өзіне-өзі баға бере бас-
тайды. Олардың мектептегі үлгерімдері сырт пішіндерінен жəне
физикалық мүмкіндіктерінен байқалады.
Өзін-өзі бағалау динамикасы. Жасөспірімдердің өзін бағалай
білуі өздерінің мінездерінің қалыптасуына алып келеді. Кіші
оқушыларға қарағанда жеткіншектер өздеріне үлкен сын көзбен
қарайтындары жақсы көрінеді. Олар өздерін басқалармен салыс-
тыру арқылы өздерін бағалай бастайды. Олардың өзіне баға беру
кезінде өзге еліктеушіліктер болады. Басқа құрбыларымен са-
лыстыра отырып, олар оның мінез-құлқына, киім киюіне, жүріс-
тұрысына үлкен көңіл бөледі. Жасөспірімдер басқалардың өздері
туралы не ойлайтынын білуге құштар болады. Олар өзгелер тура-
лы ойларында жақсы жағы көп пе, əлде, нашар жағы көп пе сол
қызықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: