Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет97/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

«Мен – тұжырымдамасының» дамуына төмендегі жағдай-
лар маңызды əсер етеді:
1. Еркіндік беру немесе тыйым салу. Кейбір ата-аналар 
баланың іс-əрекетіне қатаң бақылау стратегиясын ұстанады; ал 
кейбіреулері балаларына шектеусіз еркіндік береді. Үшіншілері, 
осы екеуінің дəл алтын ортасын табады.
2. Қарым-қатынастарындағы жылулық немесе суықтық. 
Барлық ата-аналар өз балаларын жақсы көреді. Бірақ барлығы 
бірдей емес. Бір ата-ана өз сезімін жасырмай, ашық түрде сездіріп, 
білдіріп жатса, біреулерге салқындық пен жауыздық тəн. (Балала-
рына деген сезімді жоюға қабілетті).
3. Қызығушылық немесе парықсыздық. Көптеген ата-
аналардың өз баласына қызығушылығы шексіз болып келеді. Ол 
дұрыс емес, өйткені ол «Мен – тұжырымдамасының» дамуына 
кері əсер етеді екен. Балаларға парықсыз қарамау керек. Бала
керексіз зат сияқты қалып қалмау керек. 
4. Жанұяда пайда болу реттілігі. Бұл жағдай, өзіне-өзі
баға беруге аса əсер етпейді. Ата-аналардың, балалардың 
арасындағы қарым-қатынаста жоғары деңгейлі өктемдік «Мен –
тұжырымдамасының» дамуына кедергі болмақ.


265
Өзін-өзі бағалауы мен қоғамдық психологиялық мəртебенің
өзара байланысы
Жасөспірімнің топтасып жататын белгілі бір іс-əрекеті 
бар жəне де бұл тек бейресми топтарға тəн емес, мектептегі 
сыныптарға лайық екен. Міне, осы жағдайды біле отырып, біз 
өзін-өзі бағалаумен оның əлеуметтік-психологиялық мəртебесінің 
өзара байланысын бақылайық дедік. Отандық психологтардың 
бірқатар зерттеулері осындай өзара байланыстың бар екенін 
көрсетеді.
Осы саладағы келесі зерттеу жұмыстары жасөспірімнің өз-
өзіне баға беру ерекшеліктері, оның əлеуметтік-психологиялық 
мəртебесіне ықпал ететінін дəлелдеп отыр: қаншалықты өз-өзін 
сынаса, өзін жоғары бағаласа, соншалықты оның мəртебесі биік 
болмақ. Ары қарай, бағалау жоғары жəне талаптану деңгейі 
жоғары болса, онда оңды мəртебесі төмен болмақ немесе кері 
мəртебесі жоғары болады. Бұл топ іс-əрекеттеріне қатысты 
ерекшеленеді. 
Бұл байланыстың себебін кейбір авторлар жасөспірімнің 
шынайылық деңгейінің өсуінен деп отыр. Егер жасөспірім 
ұжымда өзінің орнын, жағдайын дұрыс түсіне алмаса, даудың 
басталып кетуіне себеп болмақ дейді ғалымдар. Өзін басқаларға 
қарағанда, жоғары ұстап немесе, керісінше, төмен ұстаса, бұл 
күтпеген жағдайға əкеліп соғады. Егер өзінің жағдайын жоғары 
бағаласа, ол достарын, жолдастарын менсінбейді, жек көреді. 
Соңында жасөспірімде өз-өзіне сенбеушілік сезімі басым түседі.
Өзін-өзі бағалау жəне педагогикалық бағалау. Педагогикалық 
бағаның жасөспірімнің өзін-өзі бағалауына əсерлілігін анықтауы 
– өте қызықты мəселе. Отандық психологияда бұл мəселені 
жан-жақты зерттеген Б. Г. Ананьев болатын. Б. Г. Ананьнев 
педагогикалық бағалаудың екі негізгі функциясын ерекшеледі: 
бағыттаушы (интеллектуалдық өрісіне əсер ету) жəне қуат беруші. 
Екі функцияның қосындысы баланың өзі туралы жəне өзінің 
қасиеттерін анықтайтын білімін қалыптастырады.
Тəрбиешінің бағалауы сыныптарға балалардың өзара қарым-
қатынасына, бір-біріне баға беруіне əсер етеді. Бір-біріне баға беру 
арқылы, əр оқушының танымалдылығын жеке-жеке анықтайды. 
Жоғарыда жасөспірімнің жағымды немесе жағымсыз «Мен – 
тұжырымдамасының» дамуына ықпал ететін бірнеше факторлар-


266
мен таныс болдық. Ол факторларға: ата-ананың іс-əрекеті (жанұя 
тəрбие стилі), басқалардың рөлінің маңызы, өзін-өзі бағалаудың 
əлеуметтік-психологиялық статусы мен өзара байланысы, өз-
өзіне баға беру мен педагогикалық бағалаудың байланысы жата-
ды. Жоғарыда айтылғанды қорыта келе, біз жасөспірімнің «Мен 
– тұжырымдамасына» тəн болатын кейбір ерекшеліктерді бөліп 
қарастырамыз. 
Жан-жақты араласудың өзін бағалауға қосатын ықпалы зор 
болмақ. Жасөспірімнің өзін бағалауында 4 түрлі ықпал болады, 
олар: 1) ата-ананың ықпалы; 2) оқытушының ықпалы; 3) сы-
ныптастарының ықпалы; 4) жақын достарының ықпалы;
Жасөспірімнің өзін-өзі бағалауда оқытушылардың ықпалы 
орасан зор. Б. Г. Ананьев осының екі жағын ұсынып отыр: бол-
жамалы жəне қайталамалы. Болжамалы түрі жеткіншектің 
келешегін болжау оған дұрыс бағдар беру. Жасөспірімдердің 
өзін-өзі бағалауына сыныптасы мен қарым-қатынасы жəне 
тəрбиешілердің тəрбиесі ықпал етеді. Қайталамалы басқалардың 
істеген істеріне еліктеушілік туғызу, сөйтіп бұрынғыны қайталау. 
Э. Л. Носенконың зерттеуі жастардың оқу үлгеріммен 
өзін-өзі бағалай білуіне арналған. Зерттеулерге қарағанда 
жасөспірімдердің 
өзін-өзі 
бағалауы 
мінез-құлықтың 
қалыптасуына, оқу үлгеріміне, болашақта істейтін істеріне үлкен 
үлес қосады. Өзін-өзі бағалайтын жасөспірім жан-жақты ой-өрісі 
жақсы дамыған, жақсы болып өседі. Ал өзін-өзі бағаламайтын 
балалардың ой-өрісі таяздау, оқу үлгерімі нашар, ынжық болып 
өседі. Олар өздерін өзгеден əлсізбіз деп ойлағандықтан, тəуекелге 
тез бара бермейді. Сондықтан мінез-құлқы тұрақсыз болады. 
Жасөспірімдердің өзін-өзі бағалаудың 1-стадиясы 10-11 жаста 
өзіне тəн, яғни өзіне-өзі қарым-қатынасы. 2-стадиясы 12-13 жас-
та, ең алдымен құрбыларының, қоршаған ортаның бағалауына 
тəуелді. 3-стадия 14-15 жаста, «оперативті өзін-өзі бағалауы» пай-
да болады. Нақ осы уақытта жасөспірім өзіне қарым-қатынасы 
анықталады. Бұл өзіндік бағалау жасөспірімнің өзінің тұлғалық 
ерекшелігін, анықталған нормалармен мінез-құлықтың формала-
рына негізделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет