Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Орта биіктік жағдайындағы жаттықтырудың теңіз



Pdf көрінісі
бет166/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Орта биіктік жағдайындағы жаттықтырудың теңіз 
деңгейіндегі аэробтық жұмыс қабілеттілікке ықпалы. Жоғарыда 
баяндалған мəліметтерден биіктік гипоксиясына акклиматизация 
теңіз деңгейіндегі төзімділікке жаттықтыру үдерісінде жүретін 
өзгерістермен көп жағынан ұқсас физиологиялық өзгерістер туды-
ратыны көрінеді. Аталмыш екі жағдайда да аэробтық энергия өндіру 
үшін ұлпалардың (жұмыс атқарушы бұлшық еттердің) оттегіні
утилдеу қабілетімен жəне организмнің оттегі тасымалдау 
мүмкіндіктерімен байланысты оның аэробтық мүмкіндіктері 
жоғарылайды. Биіктікте жаттықтыру жазықта спортшылардың 
аэробтық өнімділіктерін жəне физикалық аэробтық жұмыс 
қабілеттіліктерін 
(төзімділіктерін) 
күшейтетін 
қосымша 
физиологиялық өзгерістер тудыра ма, басқаша айтқанда биіктікте 
болғанан кейін теңіз деңгейіндегі жұмыс қабілеттілік жоғарылай ма, 
теңіз деңгейіндегі жаттықтыруға қарағанда биіктікте жаттықтыру 
неғұрлым тиімдірек пе деген сұрақтар туындайды. Жазық 
жағдайында төзімділікті жоғарылату мақсатында биіктікте мекен-


327
деу мен жаттықтырудың əсері туралы ғылыми мəліметтер қарама-
қайшылықтарға толы. 
Егер төзімділік жарыстары теңіз деңгейінің тұрғылықты спорт-
шылар жағдайында жүргізілген болса, тау жағдайында тұрақты 
мекендейтін адамдарда артықшылықтар бар екені күмəн келтірмейді. 
Орта биіктікте максималды аэробтық жұмыс кезінде таудың 
тұрғылықты тұрғындарында сол жаттықтыру деңгейіндегі жазық 
тұрғындарына қарағанда неғұрлым қанның оттектік сыйымдылығы, 
жүректің минуттық қан көлемі, жүйелі АВА-О
2
жəне сəйкесінше, 
ОМП жоғары болады.
Басқа жағынан алып қарағанда, жоғары биіктікте үнемі не-
месе ұзақ уақыт мекендеу жазықта көрінетін аэробтық төзімділік 
жағынан артықшылық əкелмейді. Жақсы жаттыққан спортшылар-
да орта биіктікте бірнеше апталап тұру жəне қарқынды жаттықтыру 
теңіз деңгейіндегі эквивалентті жаттықтырумен салыстырғанда 
əрқашан қосымша əсер бере бермейді. Тіпті, өте жоғары биіктікте 
ұзақ уақыт болудың өзі жазықтағы аэробтық жұмыс қабілеттілік 
көрсеткіштеріне нақты ықпал етпейді. 
Орта биіктікте дайындалудың жазық жағдайындағы орындалған 
нəтижелерге ықпалын сараптау кезінде айтарлықтай жеке-дара ва-
риацияларды ескеру қажет: бір спортшыларда мұндай дайындық 
жазықтағы нəтижелердің жоғарылауына, екіншілерінде, керісінше, 
төмендеуіне əкелсе, ал үшіншілерінде, мүлде елеулі өзгерістер ту-
дырмайды. Осымен қатар реакклиматизация кезеңінде функциялық 
күй мен спорттық жұмысқа қабілеттілігінің фазалық сипатта бо-
латынын, яғни спорттық жұмыс қабілеттіліктің жоғарылауы оның 
уақытша төмендеуімен кезектесіп отыратынын ескерген жөн (61-су-
рет).
Жазықтағы жұмысқа қабілеттілікті жоғарылату мақсатында тау 
жағдайында жаттықтыру үдерісін арнайы ұйымдастыру, сонымен 
қатар реакклиматизация кезеңі де маңызды рөл атқаруы ықтимал. 
Тау жағдайында ұзақ уақыт болу үдерісінде осы арнайы 
жағдайларда жұмыс қабілеттіліктің жоғарылауына əкелетін ор-
ганизмде адаптациялық өзгерістер туындайды. Осымен бірге бұл 
өзгерістер басқа арнайы жағдайларда, соның ішінде теңіз деңгейінде 
жұмыстарды орындау кезінде елеулі артықшылықтар бермейді. 
Осының барлығы спорттық жаттықтыру жарыс өткізілетін жағдайда 
жүргізілу қажеттілігін көрсетеді.


328
61-сурет. Орта биіктік жағдайынан оралғаннан кейінгі 2 ай барысында 
ОМП (А) жəне 1 ай барысында спорттық нəтижелердің (Ə) динамикасы 
(Ф. П. Суслов бойынша)
(Тауларда болғанға дейінгі жазықтағы көрсеткіштер 100% деп алынған)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет