Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет163/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   258
Ұлпалық бейімделу. Төмен О
2
парциалдық кернеуі жағдайында 
жүретін ұлпалардағы негізгі өзгерістер аэробтық жолмен энергия 
түзілу үшін оттегіні алу мен утилдеу тиімділігінің жоғарылауына 
бағытталған. 
Бұл адаптациялық өзгерістер:
– ұлпалардың капиллярлануының күшеюінен (капиллярлар 
(қылтамырлар) саны мен тығыздығының артуынан);
– қаңқа бұлшық еттерінде миоглобин концентрациясының 
жоғарылауынан;
– митохондрия мөлшерінің ұлғаюынан;
– тотығу ферменттерінің мөлшері мен белсенділігінің артуынан 
тұрады.
Сипатталынған бейімделудің физиологиялық механизмдерінен 
ерекшелігі бұл өзгерістер ұзақ уақыт барысында жүреді жəне 
сондықтан тек жоғары биіктікте ұзақ мекендеген адамдарда ғана 
байқалады. 
Неғұрлым тауда мекендеуші адамдардың жасы кіші болса, 
соғұрлым адаптациялық өзгерістер көп болады. Тауда ұзақ мекен-
деуге акклиматизацияланудың қолайлы уақыты баланың өсу жəне 
даму кезеңдері болып табылады.


324
ОМП өзгерістері. Акклиматизация барысында ОМП көбіне, 
біртіндеп артады, яғни биіктікте бірнеше апта болған соң ол 
алғашқы күндерге қарағанда жоғары болады. Осылай ОМП артуы 
жоғары биіктіктерге қарағанда орта биіктіктерде көбірек байқалады. 
Орта биіктікте 3-5 апта болған соң ОМП төмендеуі жазықтағы ОМП 
қарағанда тек 6-16% құрайды. Гипоксияның бірдей дəрежесі кезінде 
ОМП төмендеуі тауда уақытша мекендейтін жазық тұрғындарына 
қарағанда тау тұрғындарында азырақ болады. Биіктікте жүргізілген 
жаттықтыру биіктікке акклиматизация үдерісіне жағымды ықпал 
етеді: тауда жаттыққан адамдарда жаттықпағандарға қарағанда 
ОМП өсуі жоғары келеді. Дегенмен, тіпті ұзақ уақыт белсенді ак-
климатизациядан кейін де биіктікте ОМП жазықпен салыстырғанда 
төмен болады. 
Тіпті, тауды үнемі мекендейтін жаттыққан спортшыларда теңіз 
деңгейіне қарағанда өз биіктігінде ОМП көрсеткіші көбірек төмен 
болады. Мысалы, 3100 м биіктікте тұрақты мекендейтін спортшы-
ларда теңіз деңгейіне қарағанда ОМП 27%-ға төмен.
Биіктікте ОМП артуына (қалпына келуіне) гипоксиялық 
жағдайға компенсаторлық бейімделудің сан алуан механизмдері: 
өкпе вентиляциясының күшеюі, өкпенің диффузиялық қабілетінің 
жоғарылауы, қанның оттектік сыйымдылығының, жалпы қан 
айналымдағы қан көлемінің, жүректің минуттық қан көлемінің ар-
туы, қаңқа бұлшық еті мен миокард капиллярлануының күшеюі, 
қаңқа бұлшық еттеріндегі миоглобин мөлшерінің, бұлшық 
ет жасушаларындағы митохондрияның жоғарылауы, тотығу 
ферменттерінің белсенділігінің артуы жəне т.б. əкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет