Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Төзімділіктің физиологиялық механизмдері



Pdf көрінісі
бет92/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   258
Төзімділіктің физиологиялық механизмдері.
Төзімділік туралы түсінік
«Төзімділік» түсінігі адамдардың дене (бұлшық ет) жəне ой 
еңбегі түрлерінің ұзақ орындалу қабілетін сипаттай отырып, ауызекі 
тілде өте кең мағынада қолданылады. Адамның қозғалыс дене са-
пасы (қабілеті) ретінде төзімділікке сипаттама беру салыстырмалы
яғни ол əрекеттің тек белгілі бір түріне қатысты. Басқаша айтқанда, 


181
төзімділік арнайы, демек, əр адамда əрекеттің белгілі, арнайы түрін 
орындау кезінде көрінеді. 
Орындалатын дене (бұлшық ет) жұмысы типі мен сипатына бай-
ланысты төзімділік:
1. Статикалық жəне динамикалық төзімділік, яғни сəйкесінше 
статикалық немесе динамикалық жұмысты ұзақ орындау қабілеті;
2. Жергілікті (локалды) жəне ауқымды (глобалды) төзімділік
яғни сəйкесінше жергілікті (бұлшық еттің аз санының қатысуымен) 
немесе ауқымды (бұлшық ет массасының жартысынан көбірек 
бұлшық еттер тобының қатысуы кезінде) жұмысты ұзақ жүзеге асы-
ру қабілеті;
3. Күштік төзімділік, яғни көп бұлшық ет күшінің көрінуімен 
қатар жүретін жаттығуды бірнеше рет қайталау қабілеті;
4. Анаэробтық жəне аэробтық төзімділік, яғни энергиямен 
қамтамасыз етілудің анаэробтық немесе аэробтық типтерінің ба-
сым келуімен ауқымды жұмысты ұзақ орындау қабілеті деп 4-топқа 
жіктеледі; 
Спорт физиологиясында төзімділікті көбіне, бұлшық ет 
массасының көп (дененің барлық бұлшық ет массасының жарты-
сына жуық жəне одан асатын) бөлімінің қатысуымен орындалатын 
жəне көбірек немесе толығымен аэробтық жолмен жұмыс істейтін 
бұлшық еттерде энергия өндірілуін қамтамасыз ететін организмнің 
оттегіні үнемі пайдалануы арқасында үздіксіз 2-3 минут созылатын 
осындай спорттық жаттығулардың орындалуымен байланыстырады. 
Басқаша айтқанда, спорт физиологиясында төзімділікті аэробтық си-
патты ауқымды бұлшық ет жұмысын ұзақ орындау қабілеті ретінде 
анықтайды.
Төзімділікті қажет ететін спорттық жаттығуларға барлық 
циклдік сипаттағы аэробтық жаттығулар, атап айтқанда, 1500 м 
арақашықтыққа жеңіл атлетикалық жүгіру, спорттық жүріс, тас жол 
веложарыстары, барлық арақашықтықтағы шаңғы жарыс, 3000 м 
арақашықтыққа конькимен жүгіру, 400 м арақашықтыққа жүзу жəне 
т.б. жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет