Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Оттегі тасымалдау жүйесі жəне төзімділік



Pdf көрінісі
бет95/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Оттегі тасымалдау жүйесі жəне төзімділік
Оттегі тасымалдау жүйесіне сыртқы тыныс алу, қан жəне жүрек-
тамыр жүйесі кіреді. Осы жүйелердің əрқайсысының функциялық 
қасиеттері біріге спортшы организмінің оттегі тасымалдау 
мүмкіндіктерін анықтайды.


184
Сыртқы тыныс алу жүйесі. Сыртқы тыныс алу оттегі тасымал-
дау жүйесінің бірінші буыны болып табылады. Ол организмді өкпе 
вентиляциясы (желденуі) мен қанға өкпе (альвеолалық-капиллярлық) 
мембранасы арқылы оттегі диффузиясы есебінен сыртқы ауадан ала-
тын оттегімен қамтамасыз етеді.
Өкпе көлемі мен сыйымдылығы. Төзімділікке жаттыққан 
спортшыларда жаттықпаған адамдарға қарағанда өкпе көлемі мен 
сыйымдылығы (тыныс көлемін қоспағанда) тыныштық күйде орта 
есеппен, 10-20%-дан көбірек. Алайда, əсіресе, өкпенің тіршілік 
сыйымдылығы (ӨТС), жалпы жəне қалдық көлем дене өлшеміне 
пропорциялы болғандықтан, дене өлшемін ескеру кезінде бұл 
айырмашылықтар азаяды.
Дене өлшеміне қатысты алып қарағанда, өкпе көлемі мен 
сыйымдылығы ОМП мен спорттық нəтижелермен əлсіз үйлеседі 
(корреляция) немесе мүлдем үйлеспейді. ӨТС салыстырмалы аз 
спортшыларда ОМП көп немесе керісінше болуы мүмкін, жоғары 
білікті спортшыларда ӨТС жəне ОМП арасында жоғары емес 
үйлесімдік тəн. Дегенмен, жаттықпаған адамдардағы сияқты спорт-
шыларда да максималды аэробтық жұмыс кезінде тыныс көлемі 
(тыныс тереңдігі) ӨТС-ның 50-55%-ына жетеді. Сондықтан ӨТС 
аз спортшыларда өкпе вентиляциясының жоғары болуы мүмкін 
емес. Оттегіні пайдалану жылдамдығы 4 л/мин жəне одан жоғары 
болғанда ӨТС 4,5 л-ден кем болмау керек. Ең жоғары ӨТС мөлшері 
ескек есушілерде 9 л болып тіркелген.
Өкпе вентиляциясы. Оттегі пайдалану жылдамдығының 
жоғары болуына орай өкпе вентиляциясы төзімділік жаттығуларын 
орындаудың барлық уақытында да жоғары. Мəселен, ұзақтығы 30 
минутқа жуық жəне жылдамдығы 10 000 м-ге сəйкес келетін тред-
банда жүгіру кезінде ұзақ қашықтыққа (стайер) жүгірушілерде өкпе 
вентиляциясы 120-145 л/мин. аралығында болады. Жаттықпаған 
адамдарда мұндай ӨВ шекті əрі өте қысқа уақыт бойында ғана ұстап 
тұра алынады.
Тіпті, максималды аэробтық жүктеме кезінде де жұмыс ӨВ
максималды ерікті вентиляциямен (МЕВ) өлшенетін тыныс 
аппаратының шекті мүмкіндігінен төмен болатыны белгілі. МЕВ 
төзімділікке жаттығуларды орындау кезінде спортшы көптеген ми-
нуттар жəне тіпті, сағаттар бойы өте жоғары жұмыс өкпе вентиля-
циясын ұстап тұрғандағы қысқа уақытта (көбіне, 12 с) анықталады. 


185
Жаттықпаған жас ер адамдарда МЕВ орта есеппен 120 л/мин. болса, 
ал жақсы жаттыққан спортшыларда бұл көрсеткіштер жоғары келеді.
Əсіресе, тыныс аппараты төзімділігі көрсеткіштерінде 
елеулі айырмашылықтар байқалады. Мəселен, ұзақ қашықтыққа 
жүгірушілер МЕВ 80% деңгейінде өкпе вентиляциясын орташа 
11 мин. ұстаса, ал жаттықпаған адамдарда 3 мин. болады. Тыныс 
бұлшық еттерінің жақсы дамуы (тыныс бұлшық еттерінің күші 
мен төзімділігі), сонымен қатар тыныс жолдарында ауа қозғалысы 
кедергісінің төмендеуі бұлшық ет жұмысы кезінде жоғары өкпе вен-
тиляциясын ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Сол бірдей жұмыс өкпе вентиляциясы кезінде спортшыларда ты-
ныс жиілігі жаттықпаған адамдарға қарағанда төмен. Сəйкесінше, 
спортшыларда өкпе вентиляциясының өсуі тыныс жиілігіне 
қарағанда көп мөлшерде тыныс көлемінің (тыныс тереңдігі) артуы 
есебінен қамтамасыз етіледі. Бұған:
1) ұлғайған өкпе көлемі;
2) тыныс бұлшық еттері жоғары күші мен төзімділігі; 
3) кеуде қуысы мен өкпенің жоғары созылғыштығы;
4) ауа жолдарында ауа ағымына кедергінің төмендеуі мүмкіндік 
береді. Тыныс көлемі артқан кезде «өлі» кеңістік көлемі салыстыр-
малы төмендейді. Осының арқасында ӨВ тиімдірек болады, өйткені 
оның неғұрлым айтарлықтай бөлімін бұл жағдайда альвеолалық 
вентиляция құрайды.
Өкпе вентиляциясы тиімділігінің жоғарылауы сыртқы тыныс 
қызметіне қатысты төзімділік жаттығуының басты нəтижесі. Бұл 
туралы, атап айтқанда, оттегі вентиляциялық эквиваленті, яғни 
өкпе вентиляциясы көлемінің пайдаланған оттегі литріне (V
Е
/V
О2

қатынасы бойынша бағалауға болады. Тыныштық күйдегі оттегі 
вентиляциялық эквиваленті төзімділікке жаттықтыру нəтижесінде 
мүлдем өзгермейді. Дегенмен, бұлшық ет жұмысы мезгілінде 
оттегіні бірдей пайдалану кезінде желдетілген ауа мөлшері спорт-
шыларда жаттықпаған адамдарға қарағанда аз болады. Мұнда бұл 
айырмашылық неғұрлым орындалған жұмыс қуаттылығы көп, яғни 
оттегі пайдалану жылдамдығы жоғарылаған сайын соғұрлым көп 
болады. 
Жаттықтыру 
нəтижесінде 
вентиляциялық 
анаэробтық 
табалдырықтың, яғни жұмыс қуаттылығына қарағанда өкпе 
вентиляциясының тез өсуінен басталатын критикалық жұмыс 


186
қуаттылығы жоғарылауының аса маңызы зор. Жаттықпаған адам-
дарда вентиляциялық анаэробтық табалдырық ОМП 50-60%-ға 
тең жүктеме қуаттылығына сəйкес келеді, ал төзімділікке жақсы 
жаттыққан спортшыларда ОМП 80-85%-ға сəйкес келеді. 
Осыған орай спортшыларда жоғары аэробтық қуаттылықты 
жаттығуларды орындау кезінде қажетті өкпе вентиляциясы көлемі 
спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда айтарлықтай төмен 
болады. Тіпті, айтулы спортшылар көп жағдайларда 5 л/мин. жəне 
одан да жоғары ОМП-дың ең жоғары деңгейіне, жаттықпаған адам-
дар үшін ОМП-дың барынша төмен деңгейіне жетуіне қажетті өкпе 
вентиляциясы кезінде-ақ жете алады.
Тыныс алудың оттектік құндылығының əсіресе, критикалық, 
яғни анаэробтық табалдырықтан жоғары қуаттылық кезінде 
өкпе вентиляциясының артуымен тез өсетіні белгілі. Желде-
ну тиімділігінің артуы арқасында əсіресе, ұзақ жұмыс мысалы
марафондық жүгіру кезінде жаттықпаған адамдарға қарағанда 
спортшылардың тыныс бұлшық еттеріне оттегі азырақ жұмсалса, ал 
оның жұмыс атқаратын қаңқа бұлшық еттеріне көп барады. Деген-
мен, өкпе вентиляциясының бірдей деңгейі кезінде тыныс алудың 
механикалық жұмысы, сəйкесінше жəне оның оттектік құндылығы 
жаттыққан мен жаттықпаған адамдарда ұқсас екенін атап өткен жөн. 
Төзімділікке жаттықтыру нəтижесінде қандағы лактат кон-
центрациясы максималды емес аэробтық жұмысты орындау 
кезінде төмендейді. Осыған байланысты жұмыс гипервентиля-
циясы химиялық стимулдарының бірі əлсірейді. Бұдан басқа 
жаттыққан төзімді спортшыларда СО
2
əсеріне тыныс орталығының 
сезімталдығы төмен.
Сонымен, төзімділікке жаттықтыру бір жағынан стандартты 
максималды емес аэробтық жұмыс кезінде өкпе вентиляциясын 
төмендетеді, ал екінші жағынан максималды аэробтық жұмысты 
орындау кезінде максималды жұмыс гипервентиляциясын 
жоғарылатады. Ол спортшыларда көбіне, 180 л/мин, ал жаттықпаған 
адамдарда 120 л/мин. жуыққа тең болады. Спортшыларда 
жоғары максималды жұмыс гипервентиляциясының «химиялық» 
механизміне (өте жоғары оттегі пайдалану жылдамдығына жуық 
немесе оған тең) СО
2
түзілуінің күшеюі, сонымен қатар макси-
малды аэробтық қуаттылықты жүктемені орындау кезінде артерия 
қанындағы лактат пен сутек иондарының жоғары концентрациясы 
жатады.


187


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет