Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет169/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   258
62-сурет. Тəулік барысындағы жұмысқа қабілеттілік ырғағының қисық 
сызығы (В. М. Смирнов бойынша)
Қазіргі кезде апталық ырғақтың жасанды өндірілгені анықталған: 
адамда туа пайда болған жеті күндік ырғақтардың болуы туралы 
нақты мəліметтер жоқ. Бұл эволюция барысында қалыптасқан əдет 
екені күмəнсіз. Жеті күндік апта тіпті, ежелгі Вавилонда ырғақ пен 
тынығудың негізі болған. Мыңдаған жылдар барысында апталық 
əлеуметтік ырғақ қалыптасқан, яғни адам аптаның ортасында оның 
басына немесе соңына қарағанда өнімді еңбек етеді. 
Адамның биологиялық сағаттары тек тəуліктік табиғи ырғақтар-
ды ғана емес жəне ұзақтығы көп болатын маусымдық ырғақтарды да 
бейнелейді. Ол көктемде зат алмасудың жоғарылауымен жəне күзде, 
қыста оның төмендеуімен, қандағы гемоглобин концентрациясы-
ның артуымен жəне көктемгі, жазғы уақыттарда тыныс орталығы 
қозғыштығының өзгерістерімен көрінеді. Жазғы жəне қысқы 
уақыттардағы организм күйі қандай бір дəрежеде оның күндізгі жəне 
түнгі күйіне сəйкес келеді. Мəселен, қыста жазбен салыстырғанда 
қандағы қант мөлшері төмендейді (балама құбылыс түнде де жүреді), 
АТФ жəне холестерин мөлшері артады.


334
Биоырғақ жəне жұмысқа қабілеттілік
Жұмысқа қабілеттілік ырғақтары физиологиялық үдерістер 
ырғақтары іспеттес өзінің табиғаты бойынша эндогендік бо-
лып келеді. Дене температурасы, алмасу реакциялары, ұйқы 
жəне сергектік сияқты физиологиялық үдерістер тəуліктік 
ырғақтары жеткілікті тұрақты келеді. Дене жұмыс қабілеттілігі 
ырғағы тəуліктің түрлі кезеңінде айқын емес жəне жарыс немесе 
төтенше күш сала орындалатын жаттығу жүктемелері ықпалынан 
айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Бұл өзгерістердің ырғағы көбіне, өмір 
салтының стереотиптілігіне сəйкес келеді. Жұмыс қабілеттілік 
күндізгі сағаттарда жоғары, таңғы жəне түнгі уақытта төмен бола-
тыны белгілі. Мұнда жылдамдықты-күштік сипаттағы жаттығулар 
(жеңіл атлетикалық секіру, лақтыру, т.б.) көрсеткіштері барын-
ша өзгерістерге (7-10%-ға дейін) душар келеді. Айтарлықтай емес 
өзгерістер төзімділік жаттығулары нəтижелерінде байқалады. Ресми 
жарыстарда спортшылардың жоғары нəтижелерді көрсетуі көпшілік 
жағдайларда ерте кешкілік сағаттарда орын алады. 
Жұмысқа қабілеттілік жеке немесе бірлесе əсер ететін көптеген 
факторларға байланысты. Бұл факторларға мотивация деңгейі, 
ас қабылдау, сыртқы орта факторлары, физикалық дайындық, 
денсаулық күйі, жас, т.б. жатады. Жұмысқа қабілеттілік динамикасы-
на дегенмен, қалай ықпал ететіні толық түсініксіз болғанмен, қажу 
(таңдаулы спортшыларды – созылмалы қажу) да əсер етуі мүмкін. 
Жаттығуды (жаттықтыру жүктемелерін) орындау кезінде туындаған 
қажуға жеткілікті мотивацияланған спортшының өзінің мойынсын-
бауы қиынға соғады. Қажу жұмысқа қабілеттілікті төмендетеді, 
ал қайталап жаттығу (біріншіден кейін 2-4 сағат интервалдан соң) 
спортшының функциялық күйін жақсартады. 
Биологиялық ырғақтарды қалпына келтіру қарқынды дене 
жүктемелерін орындауға мүмкіндік береді, ал бұзылған биологиялық 
ырғақтар кезіндегі жаттықтыру түрлі функциялық бұзылуларға, кей-
де сырқаттануға да əкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет