391
Балаларға жүрек қызметінің тұрақты емес ырғағы тəн. Ол
ішкі жəне сыртқы тітіркендіргіштердің
ықпалынан айтарлықтай
өзгерістерге ұшырап отырады. Мысалы, қоршаған орта температу-
расы жоғары болса, ЖЖЖ-нің артуына, ал төмен болса, керісінше,
азаюына əкеледі.
Спорттық жаттықтыру ЖЖЖ мəнді ықпал етеді. Жас спортшы-
ларда, əсіресе, төзімділік жаттығуларымен айналысатындарда са-
лыстырмалы тыныштық күйінде ересектердегі іспеттес брадикардия
байқалады. Алайда, ол азырақ көрінеді.
72-сурет. Түрлі жас кезеңдеріндегі (абсцисса осі бойынша) оқушылардың
бірдей жүктеме кезіндегі жүректің жиырылу сомасы (ордината осі
бойынша) (В. М. Волков бойынша)
ЖЖЖ жасқа байланысты барынша өзгерістері бұлшық ет əрекеті
кезінде аңғарылады. Бірдей аэробты жүктеме кезінде ЖЖЖ жасқа
сай төмендеп отырады. Жүктемесі бірдей сол жұмыс жүрек қызметін
азырақ интенсивтендіру арқасында неғұрлым үнемді жүзеге асы-
рылады
(72-сурет). Мысалы, 12-14 жастағы ұл балалар ЖЖЖ 130
екп/мин. болып 70 ваттан аспайтын жұмысты орындай алса, ал 18
жастағылар 122 ваттан аспайтын жұмысты орындай алады.
Балалар мен жасөспірімдер организмі үшін жүктеме мөлшерінің
жоғарылауы (жаттығулар қуаттылығының,
ұзақтығы мен қайталау
392
жаттығулары санының артуы, демалыс интервалының азаюы) ере-
сек организмге қарағанда қымбатқа түседі. Мысалы, 9-11 жастағы
балаларда жүктемені 1 кгм арттыру кезінде жүректің соғуы жиілеп,
1 с-та 8,2-9,4 екп/мин. болса, 12-13 жастағыларда – 6,4-9,5 екп/мин,
ал ересектерде – 3,6-5,3 екп/мин. болады.
Балаларда қызу дене жаттығулары
кезінде максималды ЖЖЖ
олардың жасымен кері тəуелділікте болады, яғни бала кіші болған
сайын соғұрлым оның мəні жоғары. Мектеп жасында максимал-
ды ЖЖЖ анықтаудың қарапайым ережесі
ретінде мына формула
қолданылады: ЖЖЖ
макс
= 220-жас (жылмен) (
8-тарауда ЖЖЖ
макс
анықтау қарастырылған болатын). Мысалы, 10 жастағы балалар-
да максималды ЖЖЖ орта есеппен 210 екп/мин. (220-10 (жас))
құрайды. Түйіндей келе, тыныштық күйдегі
ЖЖЖ сияқты кез
келген жұмыс кезіндегі ЖЖЖ бірдей максималды емес аэробты
жүктемелерде жəне максималды ЖЖЖ ересектерге қарағанда бала-
ларда жоғары болады.
Əртүрлі жастағы тұлғаларда дене жаттығуларын орындағаннан
кейін ЖЖЖ қалпына келуі жүктеменің мөлшеріне де тəуелді болып
келеді. Максималды қуаттылықты ұзақ емес жүктемелерден
кейін
ЖЖЖ қалпына келуі ересектерге қарағанда 11-14 жастағы балалар-
да тезірек жүреді. Қызу жəне ұзақ уақыттық жаттығулардан кейін
ЖЖЖ қалпына келу кезеңі жас артқан сайын қысқара түседі. Бұл
жұмысқа қабілеттіліктің жоғарылауымен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: