Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет208/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   258
74-сурет. Дене белсенділігі жағдайында бола тұра жасқа байланысты 
жұмыс өнімділігінің өзгерістері (D. H. Moore (1975) Nature 253:264-265. 
NBA Register, 1992-1993 Edition)
Жас артқан сайын қозғалыс темпін дифференциалдау қабілеті 
өзгеріп отырады. 7-8 жаста велосипед педалын айналдыру жиілігінің 
айтарлықтай вариациялары байқалған. 13-14 жаста қозғалыстың 
қажетті темпін жаңадан өндіру қабілеті жақсарады да, ол ересектер-
ге тəн көрсеткіштерге жуықтайды. 
Ептіліктің жасқа сай жетіле түсуі бұлшық еттің күш салуын диф-
ференциациялау қабілетін көрсетеді. 5-10 жастағы балаларда келесі 
жас кезеңдеріне қарағанда қажетті күшті жаңадан өндіру дəл бол-
майды. Бұлшық еттік ширығу деңгейін ең нақты дифференциация-
лау 15-17 жастағы жасөспірімдер мен бозбалаларға тəн. 
Спорттық жаттығу ықпалынан қозғалыстарды басқару қабілеті 
артады. Қозғалыс координациясы дамуының жоғары дəрежесі басқа 
қимыл сапаларының барынша жақсы қалыптасуына негіздейді. 
Иілгіштік. Организмнің дамуы барысында иілгіштік біркелкі 
өзгермейді. Мəселен, арқа жазғанда омыртқа жотасының 
қозғалғыштығы ұлдарда 7-ден 14 жасқа дейін, ал қыздарда 7-ден 
12 жасқа дейін едəуір жоғарылайды. Неғұрлым үлкен жаста оның 
өсімі төмендейді. Арқаны бүккен кездегі омыртқа жотасының 


407
қозғалғыштығы ұлдарда 7-10 жаста елеулі жоғарыласа, ал 11-13 
жаста төмендейді. Иілгіштіктің жоғары көрсеткіштері ұлдарда 
15 жаста, ал қыздарда 14 жаста байқалған. Пассивті қозалыстарға 
қарағанда активті қозғалыстар кезінде иілгіштік біраз азырақ бола-
ды. 
Жас спортшылардың физиологиялық сипаттамасы
Балалар мен жасөспірімдердің спорттық толық жетілуінің бас-
ты ерекшелігі оларда қимыл мен вегетативтік қызметтердің дамуы, 
жұмысқа қабілеттіліктің артуы организмдегі өсу мен қалыптасу 
үдерістері əлі аяқталмаған кезде жүріп жатуы болып табылады.
Сондықтан да жас спортшы үшін жылдамдатылған даярлық, аясы 
тар дене жаттығуларын қолдану, жаттықтыру жүктемелерін шектен 
тыс жəне мезгіліне сай емес арттыру аса зор қауіп тудыратынын 
атап өткен жөн. 
Спорттық жұмысқа қабілеттіліктің жасқа сай ерекшеліктері
Организмнің дамуы барысында оның дене жұмыс қабілеттілігі 
жоғарылайды. Спортта бұл тіптен, салыстырмалы кішкене жас 
диапазонының өзінде жүгіру, жүзу, ескек есу, т.б. ұзақтығы мен 
қарқындылығын арттыру, қозғалыс жылдамдығының жоғарылауы-
мен көрінеді (28-кесте). А. З. Колчинская кестесі бойынша велоэр-
гометрмен жұмыс кезінде жастан жасқа жұмыс қуаттылығының ар-
татыны жоғарыда айтып өтілген болатын.
28-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет