92
(жаттықтырылу дəрежесімен) жəне эмоциялық күйімен, сыртқы
жағдайлармен (ауа температурасы, ылғалдылығы жəне т.б.), жасы,
жынысы жəне жарыс масштабымен (облыс біріншілігі, Қазақстан
чемпионаты, құрлық (Азия, Еуропа) біріншілігі, Əлем немесе
Олимпиадалық ойындар) анықталады. Бой жазудың ұзақтығы жеке
түрге тəн болады.
Бой жазу мен жарыс арасындағы үзіліс 15 ми-
нуттан аспау керек. Үзілістің неғұрлым ұзақ интервалы барлық
физиологиялық жүйелердің, əсіресе, кардиореспираторлық жəне
жылу реттелу жүйелерінің қалпына келуіне əкеледі. Мысалы, 45
мин. үзілістен кейін бой жазудың əсері жоғалатыны, бұлшық ет
температурасының бастапқы, бой жазу алдыңғы деңгейге оралаты-
ны байқалған.
Бой жазудың əр спорт түрінде жəне түрлі сыртқы орта
жағдайларында рөлі бірдей емес. Əсіресе, ұзақтығы салыстыр-
малы аз жылдамдықты-күштік жаттығулар алдында бой жазудың
жағымды ықпалы байқалады. Бой жазу бұлшық ет күшіне қандай
да бір нақтылы жағымды ықпал етпесе де, бірақ жеңіл атлетикалық
лақтыру сияқты жылдамдықты-күштік күрделі координациялық
жаттығулардың нəтижесін арттырады. Орташа жəне қысқа
арақашықтыққа жүгіруге қарағанда, ұзақ қашықтыққа жүгіру ал-
дында бой жазудың жағымды ықпалы айтарлықтай азырақ көрінеді.
Осымен қатар жоғары ауа температурасында ұзақ арақашықтыққа
жүгіру кезінде бой жазудың жылудың реттелуіне теріс ықпалы
байқалған.
Адамның кез келген дене жүктемесін орындауға, соның ішінде
бой жазу кезінде де энергия жұмсайтыны белгілі, сондықтан оның
қажытпайтындай болуын ескеру қажет. Осыған орай бой жазудың
жалпы бөлімінде спортшы жаттықтыру (жүн киім жақсырақ) киімін,
ал желді салқын күні желден қорғайтын костюм қоса кию керек.
Достарыңызбен бөлісу: