94
Жұмыс атқарушы бұлшық еттерге оттегі жеткізілуін қамтамасыз
ететін тыныс алу жəне жүрек-тамыр жүйесінің қызметі біртіндеп
күшейеді. Кез келген жұмыстың басында бұлшық ет жиырылуы
негізінен анаэробтық механизмдер энергиясы есебінен, яғни сүт
қышқылының түзілуімен анаэробтық гликолиз, АТФ, КрФ ыдыра-
уы есебінен жүзеге асырылады. Жұмыс басындағы организмнің
(жұмыс атқарушы бұлшық еттердің) оттегіге қажеттілігі мен бабы-
на келу кезеңіндегі олардың арасындағы шынайы қанағаттануының
сəйкес келмеуі
оттектік тапшылыққа əкеледі.
Ауыр емес аэробтық жаттығуларды (тіпті, субмаксимал-
ды аэробтық қуаттылықты жұмыстарға дейін) орындау кезінде
оттектік тапшылық «тұрақты» күйдің бастапқы кезеңінде оттегі
пайдаланудың біраз артық мөлшері есебінен сол жаттығу кезінде-ақ
жабылады («төленеді»). Максималдыға жуық аэробтық қуаттылық-
ты жаттығуларды орындау кезінде оттектік тапшылықтың тек біразы
сол жұмыс кезінде-ақ жабылуы мүмкін, ал оның көп дəрежеде
қалпына келу кезеңіндегі оттектік қарыздың айтарлықтай бөлігін
құрай отырып, жұмысты тоқтатқаннан соң жабылуы орын алады.
Максималды аэробтық қуаттылықты жаттығуларды орындау кезінде
оттектік тапшылық оттектік қарыздылықтың өте елеулі бөлігін
құрай отырып, қалпына келу кезеңінде тұтасымен жабылады.
Оттегі тапшылығы түзілуіне əкелетін жұмыс басында оттегі
пайдаланудың баяулап артуы ең алдымен, тыныс алу жəне қан
айналу жүйелері қызметінің инертті күшеюімен, яғни бұлшық
ет əрекетіне оттегі тасымалдау жүйесінің баяу бейімделуімен
түсіндіріледі. Бірақ оттектік тапшылық туындауының жұмыс
атқарушы бұлшық еттердегі энергиялық метаболизмінің өзінің ки-
нетикасы ерекшеліктерімен байланысты басқа да себептері бар.
Бабына келу үдерістері неғұрлым тезірек (қысқарақ) болған
сайын соғұрлым оттектік тапшылық азырақ болады. Сондықтан
бірдей аэробтық жаттығуларды орындау кезінде оттектік тапшылық
жаттықпаған адамдарға қарағанда, жаттыққан спортшыларда азырақ
болады.
Достарыңызбен бөлісу: