Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


«Өлі нүкте» жəне «екінші тыныс алу» күйінің кейбір



Pdf көрінісі
бет46/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   258
«Өлі нүкте» жəне «екінші тыныс алу» күйінің кейбір 
объективті белгілері
Объективті белгілері
«Өлі нүкте»
«Екінші тыныс алу»
Тыныс алу
ТЖ жиі жəне
салыстырмалы беткі 
тыныс алу
тыныс жиілігі баяулайды 
жəне тыныс тереңдігі 
артады
О
2
пайдалану
жоғарылайды
төмендейді
Дем шығарған
ауадағы СО
2
бөліну
жоғарылайды
төмендейді
О
2
вентиляциялық 
эквиваленті
жоғарылайды
төмендейді
ЖЖЖ
жоғарылайды
төмендейді
Қандағы альвеолалық
ауадағы СО
2
мөлшері
жоғарылайды
төмендейді
Қанның рН деңгейі
төмен
жоғарылайды
Тер бөліну
жоғарылайды
жоғарылайды
Тұрақты жұмыс қабілеттілік күйі
Үнемі аэробтық қуаттылықты жаттығуларды орындау 
кезінде организм қызметінің тез өзгерістері жүретін кезеңнен (ба-
бына келу) соң А. Хилл тұрақты күй деп атаған кезең басталады. 
Ол аз аэробтық қуаттылықты жаттығуларды орындау кезіндегі О
2
пайдалану жылдамдығын анықтай отырып, жаттығудың басында 
тез өсе бастаған О
2
пайдалану жылдамдығының əрі қарай белгілі 
бір деңгейде қалатынын жəне көптеген ондаған минуттар бойы 
өзгеріссіз сақталатынын аңғарды. Аз қуаттылықты жаттығуларды 
орындау кезінде тұрақты күй кезеңі барысында организмнің оттегіні 
пайдалануы (оттектік сұраныс) жəне онымен қанағаттануы арасын-
да сандық сəйкестік бар. Сондықтан А. Хилл мұндай жаттығуларды 
«шынайы» тұрақты күй жаттығуларына жатқызды. Оларды ұзақ 
емес орындаудан кейінгі оттектік қарыздылық жұмыс басында пай-
да болған оттектік тапшылыққа ғана тең болады. 
Неғұрлым қарқынды жүктемелерді, яғни орташа, субмаксималды 
жəне максималдыға жуық аэробтық қуаттылықты жаттығулар орын-


97
дау барысында оттегі пайдалану жылдамдығының тез артуымен си-
патталатын бабына келу кезеңінен кейін ұзақтығы өте аз болса да, 
бірақ біртіндеп жоғарылайтын келесі кезең басталады. Сондықтан 
бұл жаттығулардағы екінші жұмыс кезеңін «шартты» тұрақты 
күй ретінде белгілеуге болады. Жоғары қуаттылықты аэробтық 
жаттығуларда сол жұмыс уақытындағы оттектік сұраныс пен оның 
қанағаттануы арасында толық тепе-теңдік болмайды. Сондықтан 
олардан кейін неғұрлым жұмыс қуаттылығы мен ұзақтығы жоғары 
болған сайын, соғұрлым көп оттектік қарыз тіркеледі.
Максималды аэробтық қуаттылықты жаттығуларда бабына 
келудің қысқа кезеңінен соң оттегі пайдалану ОМП (оттектік төбе) 
деңгейіне жетеді жəне сондықтан оның одан əрі артуы мүмкін бол-
майды. Кейде тек жаттығудың соңына таман төмендейтін ол əрі 
қарай осы деңгейде қалады. Сондықтан максималды аэробтық 
қуаттылықты жаттығулардағы екінші жұмыс кезеңін «жалған» 
тұрақты күй кезеңі деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет