Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет13/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   364
8. Алгоритмді орындау (негіздеу). Алгоритмдеу үдерісінде ұдайы 

қолданылатын  алгоритмдi  сипаттау  үшiн  құрылған  үзiндiлерді 

жоспарланған  нəтижелерден  басқаша,  қандай  да  бір  мезетте 

автордың өзі не орындаушы қалай жасағысы келсе, солай емес, олар 

қалай  сипатталса  солай  қабылдап,  орындау  біліктілігі  алгоритмдік 

сауаттылықтың маңызды компоненті болып табылады. Басқа сөзбен 

айтқанда,  автордың  ойлағаны  мен  нақты  жазылған  нəрсе  неге 

келтіретіндігін айқын салыстыра (бөле де) білудің дамыған біліктілігі 

талап етiледі. Алгоритмдеудің осы құрамды бөлігі алгоритмнiң ав-

торын  ұдайы  суыққанды  жəне  тақуа  орындаушы  болуға  мəжбүр 

етеді  жəне,  шын  мəнінде,  алгоритмнің  дұрыстығына  бақылау  жа-

сап,  алгоритмді  негiздеу  бойынша  алгоритмдік  сипаттама  жасау 

үдерісіндегі жалғыз жұмыс iстейтін (оны шын орындаушыға берген-

ге дейін) құрал болып табылады.



9. Мəліметтерді ұйымдастыру. Алгоритм үшiн бастапқы мате-

риал өңдеуге жататын ақпарат немесе бастапқы берілгендер болып 

табылады. Алгоритмді құрушы өңдеуді қандай ретпен жүргізуді ғана 

емес,  сонымен  қатар,  алгоритмнің  орындалуында  алынған  соңғы 

жəне аралық нəтижелерді қай жерге, қалай тиянақтап алуды ойлауы 

керек.


Жоғарыда  көрсетілген  алгоритмдік  мəдениеттің  құрамды 

бөліктерін  меңгеру  алгоритмдер  құру – алгоритмдеу,  демек, 

ЭЕМ  үшін  программалау  дағдыларын  қалыптастырудың  негізiн 

қалайды.  Дегенмен,  алгоритмдік  мəдениетті  құрайтын  құрамды 

бөліктердің  ерекшелігі  олардың  тек  оқушының  ЭЕМ-мен  қарым-

қатынасына ғана бағытталғандығынан ғана емес, жалпы айтқанда, 

программалаудан  тəуелсіз  кең  мағынасы  бар  екендігінен  тұрады. 

Басқа  сөзбен  айтқанда,  оқушының  алгоритмдік  мəдениеті  жалпы 

«программалауға дейінгі» түсініктер, біліктілiктер мен дағдылардың 

жиынтығы  ретiнде  оқушының  алғашқы  бір  сауаттылық  деңгейiн 

қамтамасыз етеді. Бұл тек «оқушы-компьютер» жүйесінде ғана емес, 

сонымен бірге формальды емес «оқушы-мұғалім», «оқушы-оқушы» 

т.с.с.  машинасыз  жүйелерде  де  жемісті  жұмыс  істеуді  қамтамасыз 



21

етеді,  яғни,  жеке  алғанда, «компьютерлік»  жағдайдан  тыс  оқу 

пəндері  шеңберінде  оқушылардың  іс-əрекетіне  қызмет  жасайтын 

операциялық толықтыру жасайды деуге болады.

ИЕТН  пəнін  мектепке  енгізуге  байланысты  академик  Е.  П.  Ве-

лихов  атап  өткендей, «информатика  компьютерлерді  пайдалануға 

келтірілмейтін,  көшеде  жолаушыға  жол  бағытын  түсiндiре  алу 

икемділігі сияқты жалпы адамзат мəдениетінің бір бөлігі болып та-

былады» [46].

Орта мектептің программалау курсына жалпы білім беру материа-

лын айқындауға бағытталған зерттеулердің нəтижесі мектептiң оқу 

жоспарына  жаппай енгізу мақсатында программалау курсынан жал-

пы  білім  беретiн  пəндi (бөлімді)  қалыптастырудың  педагогикалық 

мəселесіне əкеп тіреді. Осындай əрекет 1970 жылдардың ортасын-

да  ең  алғаш  рет  жүзеге  асырылды: 8-сыныптың  алгебра  курсында 

«Есептеу  жəне  алгоритмдер»  тақырыбы  бойынша  əңгімелесуге 

арналған  материал,  ал  кейінірек 11 сағаттық  «Алгоритмдер  жəне 

программалау элементтері» бөлiмi пайда болды [47].

Мектептiң  бiлiм  берудiң  жүйелі  мазмұнына  ЭЕМ-ге  арналған 

программалау  туралы  мəліметтердің  кенеттен  «бұзып  өтуінің» 

мəнін бағалау қиын, бұған қарамастан бұл əрекет бүтіндей алғанда 

сəтсіз  болып  шықты  жəне  бұл  жаңа  бөлiм  көп  кешікпей  алгеб-

ра  оқулығынан  алынып  тасталынды.  Себебi  сол  уақытқа  дейiн 

жасалынған  алгоритмдеуді  көрнекі  оқытуға  арналған  аз  да  болса 

оқу-əдістемелік  құралдарды  ендiрудiң  орнына  оқулыққа  Алгол-60 

тілінің  формальді  ағылшын  тіліндегі  нұсқасы  енгізілді,  ал  бұл  өз 

кезегiнде  дайындықсыз  математика  мұғалімдерін  естен  тандыр-

ды.  Нəтижесінде  оқушыларға  алгоритмдік  мəдениеттің  құрамды 

бөліктерін қалыптастыру үшiн оқу машинасы (гипотетикалық)  жəне 

алгоритмдеу  тілдерін  пайдалану  идеяларының  дамуы  жанданды-

рылды (И. Н. Антипов [48, 49], М. П. Лапчик [9] жəне т.б.). Мерзімді 

əдiстемелiк  басылымдарда  мектепке  кибернетика  элементтерін, 

ЭЕМ  мен  программалауды  оқытуға  арналған  жалпы  білім  беретін 

курстарды табанды түрде енгізу керектігі жайында мəселе қойылып, 

оны талқылауға əдіскерлермен бірге атақты математиктер де [50-55 

жəне т.б.] қатысты. Сол кезде алгоритмдеудiң мазмұндық-əдiстемелiк 

аспектілерiнiң  дəстүрлі  мектеп  пəндеріне  пəнаралық  ықпалы,  ең 

алдымен,  математикаға  тіл  арқылы,  мазмұнының  алгоритмдік 

бағыттылығы, білімнің қолданбалы жағына назардың күшеюі жəне 



22

т.с.с. [56, 9, 55, 20, 57] арқылы ықпалы зерттелді. Осы жұмыстардың 

болашақтағы маңыздылығы – олардың программалау идеялары мен 

əдістерінiң оқыту мазмұны мен үдерісіне терең ықпал етуі қырларын 

қарастырғандығында. Олардың кемшiлiктері он жыл өткеннен кейін 

мектептерді батыл түрде компьютерлендiру етек алғанда толығымен 

біліне бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет