Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


“Информатика жəне есептеуіш техника негiздерi”



Pdf көрінісі
бет14/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   364
1.7 “Информатика жəне есептеуіш техника негiздерi” 

пəнін  мектепке енгізу

Сонымен,  мектептерді  компьютерлендіру  саласындағы  нақты 

ұйымдастыру-əдістемелік  шараларды  талқылауға  «жалпы  білім 

беретін жəне кəсіби мектептердің реформасының негізгі бағыттары» 

түрткі болды (1984 ж.) [58]. Сол уақыттағы мектеп реформасының бас-

ты қағидаларының бірі ол алғашқы рет ашық декларацияланған ин-

форматика жəне есептеу техникасын мектептің оқу-тəрбие үдерісіне 

енгізіп, жастарды жалпы компьютерлік сауаттылықпен қамтамасыз 

ету мəселесi болды. 1984 жылдың соңында КСРО Ғылым Академия-

сы Сібір бөлімінің Есептеу орталығы (А. П. Ершов) жəне КСРО ПҒА 

оқытудың  мазмұны  мен  əдістері  ғылыми-зерттеу  институтының 

(В. М. Монахов) біріккен жетекшілігімен еліміздің түкпір-түкпіріндегі 

педагог-информатиктер  тобын  жұмылдыра  отырып,  жалпы  білім 

беретін мектепте «Информатика жəне есептеуіш техника негiздерi» 

деп  аталатын  жаңа  жалпы  білім  беру  пəнінің  бағдарламасын  жа-

сау  жұмысы  өріс  алды. 1985 жылдың  ортасында  осындай  жұмыс 

орындалып,  КСРО  оқу-ағарту  министрлігімен  мақұлданды 

[59].  Үкіметтің  келесi  шешімдерімен  жастардың  компьютерлік 

сауаттылығын  қалыптастыру  мəселесін  тез  шешуге  мүмкіндік 

беретін негізгі стратегиялық жол ретiнде орта мектепке «Информати-

ка жəне есептеуіш техника негiздерi» пəнін міндетті түрде енгізудің 

нақты  мерзімі – 1985 жылдың 1 қыркүйегі  болып  қабылданды. 

Бағдарламадан  кейін  қысқа  мерзім  ішінде  оқушыларға  арналған 

оқулықтар [60, 61], мұғалімдерге арналған көмекшi құралдар дайын-

далды [62, 63]. Мемлекеттің мектепті компьютерлендіру мəселесiне 

үлкен көңіл аударғанына «Информатика и образование (ИНФО)» деп 

аталатын жаңа ғылыми-əдістемелік журналдың құрылуы куə бола-

ды, бұл журналдың бірінші нөмірі 1986-1987 оқу жылында шықты. 




23

Қазiргi  кездегі  Ресейдегі  экономикалық  қиындықтарға  қарамастан 

ИНФО  журналының  бүгiнгi  күнге  дейін  қазiргi  бiлiм  беру  жүйесi 

үшiн маңызы ерекше, информатика мен ақпараттық технологияларды 

бiлiм беру ауқымына ендiру үшiн қажеттi əдістемелік, дидактикалық, 

техникалық, 

ұйымдастырушылық, 

əлеуметтік-экономикалық, 

психологиялық-педагогикалық  мəселелердi  қарастыратын  арнайы 

ғылыми-əдiстемелiк журнал болып отыр.

Ал,  Қазақстанда 1992 жылы  Қазақстан  Білім  Министрлігінің 

ғылыми-əдістемелік  педагогтік  «Қазақстан  мектебі»  журналының 

«Информатика, Физика, Математика» атты қосымшасы жарық көре 

бастады.


Жаңа  пəнді  оқыту  үшін 1985 жəне 1986 жылдардың  жаз  айла-

рында  мұғалімдерді  жедел  дайындау  курстары  өткізілді,  олардың 

қатарында  негізінен  физика,  математика  мұғалімдері  мен  білім 

беруді  ұйымдастырушылар  болды.  Бұл  құрам  информатика  жəне 

есептеу техникасы саласы бойынша тездете тереңдетіп дайындау жо-

лымен физика-математика факультеттерінің 1985-1986  жылдардағы  

түлектерімен – болашақ жас мұғалімдермен толықтырылды. Сол кезде 

КСРО оқу министрлігінің шешімімен педагогикалық институттардың 

физика-математика  факультеттерінің  негiзiнде  информатика  жəне 

есептеуіш техникасы пəнінен жүйелі түрде мұғалімдер дайындауды 

ұйымдастыру бойынша  жедел ұйымдастыру-əдістемелік шаралары 

қабылданды [10,11].

1985  жылдан  бастап  педагогикалық  жоғарғы  оқу  орындарында 

физика-математика  факультеттерінің  қызметі  халыққа  білім  беру 

мен  халық  шаруашылығына  жоғары  мамандандандырылған  ма-

мандар:  математика  мен  информатика  мұғалімдерін;  физика-мате-

матика ғылымы жəне орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы 

математика  мен  информатиканың  кейбір  тарауларынан  сабақ 

беру  əдістемесі  салаларынан  ғылыми  қызметкерлер  дайындауға 

бағытталды. Осыған орай, 1985-1987 жылдары Абай атындағы Ал-

маты  мемлекеттік  университетінің  «Информатика  жəне  есептеуіш 

техника»  кафедрасының  қызметкерлері  республикадағы  «Инфор-

матика  жəне  есептеуіш  техника  негіздері»  атты  мектеп  курсының 

мазмұны мен оны оқыту əдістемесін қалыптастыруға ат салысты.

1985  жылдан  бастап  Қазақстандағы  мұғалімдер  дайындайтын 

қара шаңырақ Абай атындағы АлМУ-да «Математика жəне инфор-

матика», «Физика жəне информатика» мамандықтарының оқу жос-



24

парлары  жасалып,  сол  бойынша  орта  білім  беретін  оқу  орындары 

үшін «Информатика жəне есептеуіш техника негіздері» пəні бойын-

ша мектеп мұғалімдерін дайындау жүзеге асырыла бастады.

Мектепке  ИЕТН  пəнін  енгізуді  мамандармен  қамтасыз  ету 

ауқымында, егер кеңiрек айтсақ, бүтіндей мектепті компьютерлендіру 

ауқымында  қысқа  мерзiм  ішінде  шешілуi  қажеттi  мəселелердiң 

қиындық деңгейі мен сипатын нақтырақ түсіну үшін 1980 жылдардың 

ортасында КСРО мектептерінде информатика жəне ЭЕМ саласында 

жұмыс  істеген  мұғалімдердің  нақты  дайындық  деңгейінің  қандай 

болғанын еске түсіре кеткен абзал.

Алғаш  ЭЕМ-ге  программалаудың  қысқа  таныстыру  курсы – 

«Математикалық машиналар жəне есептеу практикумы бар програм-

малау» деген оғаш аты бар 1964 жылы педагогикалық жоғары оқу 

орындары физика-математика факультетінің оқу жоспарында пайда 

болды. 1970 жылы  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  физика-

математика  факультетінің  оқу  жоспарына  жаңартылған  «Есептеу 

машиналары жəне программалау» (50 сағат) курсы енгізіледі, бірақ 

бұл  курс  бағдарламасының  мазмұны  программалаудың  болашақ 

даму бағытына сəйкес келмеді. Келесі «Есептеу математикасы жəне 

программалау»  жалпылама  курсының  ресми  түрдегі  бағдарламасы 

программалауға 70 сағатқа  жуық  бөліп,  дербес  жағдайда,  жоғарғы 

деңгейдегі  Алгол-60  тілімен  танысуды  ұйғарды [8]. Сол  кездегі 

санаулы  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында,  техникалық 

қамтамасыз етудің жоғары деңгейі болып саналатын, бір-екі «Най-

ри», «Промин», «Мир» жəне т.с.с. кiшiгірім ЭЕМ-дің болғандығын 

айта  кеткен  жөн. 1970 жылдардың  соңына  қарай  педагогикалық 

жоғары оқу орындарында программалау мене есептеу математика-

сы  бойынша  бар  болғаны  төрт  кафедра  ашылды  (Мəскеу,  Ленин-

град,  Свердловск,  Омбы),  ал  алғашқы  дербес  ЭЕМ-дер  (отандық 

ДЭЕМ-дер «Искра», «ДВК», «Электроника») тек, 1980 жылдардың 

ортасында ғана санаулы жоғары оқу орындарында өте аз мөлшерде 

пайда бола бастады.

Жоғарыда  айтылғандардан,  информатиканы  орта  мектеп-

ке  енгізу  кезеңінде (1985 жылы),  сол  кезде  мектепте  жұмыс  істеп 

жүрген  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарының  физика-матема-

тика  факультеттері  түлектерінің  компьютерлік  дайындық  деңгейі 

жаңа  ИЕТН  курсын  оқытудың  талаптарына  еш  сəйкес  келмегенін 

байқауға болады.



25

Оның себептерi айқын:

 

– педагогикалық жоғары оқу орнында білім беру информатика са-



ласын оқытпады, ол тек программалаудың алғашқы элементтерiмен, 

информатика курсын мектепке енгізу кезiндегі деңгейге қарағанда, 

едəуір, одан қалды идеялық деңгейде, танысуға бағытталған болды;

 

– педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  программалауға 



дайындау тек білім беру сипатында ғана болды, ал ол осы  пəннен 

оқушыларға сабақ беруге бағытталмады (мұндай мəселе болған жоқ 

едi).

Əлбетте, 1980 жылдардың  екiншi  жартысында  мемлекеттік 



жəне  аймақтық  білім  беруді  басқаратын  ұйымдармен  қабылданған 

ең  батыл  жəне  жедел  түрде  информатика  жəне  есептеу  техника-

сын оқытатын физика, математика мұғалімдерін қайта дайындауды 

қамтамасыз  ететiн  ұйымдастыру-əдістемелік  шаралары,  тек  ИЕТН 

мектепке енгізудің бірінші кезеңінің шұғыл шаралары ретiнде ғана 

жарамды болды. Ал, педагогикалық жоғары оқу орындары физика-

математика факультетінің негiзiнде информатика мұғалімдерін жəне 

мектептерді  компьютерлендіруді  ұйымдастырушыларды  жүйелі 

түрде дайындауды қалыпқа келтіру, сол сияқты  басқа мектеп пəндері 

мұғалімдерінің  компьютерлік  білімін  лайықты  жағдайға  келтіру 

шараларын  ары  қарай  жүзеге  асыру  түбегейлі  ғылыми-əдістемелік 

негіздемелер мен  талқылауларға сүйенуі керек.

Сол  кездерде  оқу  орындарының,  мектептерден  бастап  жоғары 

оқу орындарына дейін Қазақстан Республикасы халық шаруашылы-

ғының  даму  ерекшеліктері  (менеджмент,  ақпарат  қажеттілігі  жəне 

т.б.)  нарықтық  экономика  жағдайында  «информатика»  мамандығы 

бойынша  «информатика  (оқытушысы)  жəне  компьютерлендіру 

менеджері»  мамандандыруы,  сол  сияқты  «информатика  жəне 

ағылшын  тілі», «информатика  жəне  экономика»,  тағы  сол  сияқты 

қосалқы  мамандықтағы  мамандар  даярлауды  талап  етті.  Мұндай 

мамандар  дайындауды  физика-математика  факультеті  базасында 

көп  сатылы  құрылымы  бар  оқу  жоспарларына  көшу  арқылы  іске 

асырылды. Осындай мамандарды дайындауға республикаға белгілі 

ғалымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының 

академигі Ұ. М. Сұлтанғазин, Қазақстан Республикасы Инженерлік 

академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының док-

торы Ш. С. Смағұлов, ғылым докторлары Н. Т. Данаев, Т. Н. Бияров, 

С. С. Оспанов, С. Я. Серовайский, А. Дүйсембаев жəне т.б. ғалымдар 




26

физика-математика факультеті информатика жəне қолданбалы мате-

матика кафедрасында қосымша оқытушылық қызмет атқара отырып 

ат салысты.

«Информатика  жəне  есептеуіш  техника  негiздерi»  курсын 

программалық  қамтамасыз  ету  негізгі  мəселелердің  бірі  болып  та-

былады. Мұндай жағдай 1985 жылы қалыптасты, яғни информати-

ка жəне есептеуiш техника негiздерi курсын сүйемелдеуге арналған 

алғашқы кешенді программалар сол жылдары пайда бола бастады. 

Бұл  жұмыстар  оқулықтар  мен  оқу  құралдарының  авторларымен 

тығыз  байланыста  болды [64]. Кейiннен  компьютерлердiң  əрбiр 

түрлерi үшiн программалық-əдiстемелiк кешендердi жасау мəселесi 

алдыңғы орынға шықты. Бұл оқу жоспарында қойылған мiндеттердi 

шешудi  қамтамасыз  ету  үшiн  онсыз  да  мүмкiндiгi  шектеулi  оқу 

есептеу машиналарын мейлiнше кеңiнен пайдалануды қажет етедi. 

Дегенмен, 1990 жылдардың  басында  ТМД-ның  республикаларын-

да,  соның  iшiнде  Қазақстанда  да  есептеу  техникаларын  таңдауда, 

IBM-PC  тектес  компьютерлердi  таңдау  арқылы  соңғы  нақты 

шешімдері    қабылданды.  Сол  жылдары  отандық  мұғалiмдер  мен 

оқушылардың  қолында  А.  П.  Ершов  пен  В.  М.  Монаховтың  жəне 

А.  Г.  Кушниренконың  редакциялауымен  дайындалған  оқу  құралы 

мен мұғалімдерге арналған əдістемелік құрал болды. 

1985-1987  жылдары  Қазақстанда  Абай  атындағы  АлМУ-дың 

«Информатика жəне есептеуіш техника» кафедрасының меңгерушісі 

Е. Ы. Бидайбеков «Информатика жəне есептеуіш техника негіздері» 

курсын  оқыту  əдістемесі  мен  мазмұнын  қалыптастыруға  тікелей 

ат  салысты.  Ол  А.  П.  Ершов,  М.  В.  Монаховтың  редакциясын 

басқарумен  дайындалған 2-бөлімнен  тұратын  «Информатика  жəне 

есептеуіш техника негіздері» деп аталатын оқушылар үшін байқау 

оқу құралын жəне мұғалімдер үшін «Информатика жəне есептеуіш 

техника  негіздерін  оқыту»  əдістемелік  құралының  қазақша 

аудармасының арнайы редакторы болды [35-38]. Сонымен қатар, ар-

найы редактор ретінде аударудың ғылыми-əдістемелік деңгейінің тек 

дұрыстығын ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының 

орта мектептеріне жаңа пəнді енгізуді қамтамасыз ететін информа-

тика бойынша қазақ тілінің терминологиясын енгізіп, тағайындады.

Бұл  оқулықтардың  екi  нұсқасы  үшiн  де  қажеттi  қазақ  тiлiндегi 

педагогикалық  программалық  құралдар  жоқ  болды.  Тек  Абай 

атындағы АлМУ-дың есептеу зертханасында университеттің барлық 



27

факультеттерінің  информатика  жəне  басқа  пəндері  бойынша  оқу 

үдерісін  сүйемелдеуден  ғана  емес,  сонымен  қатар  əр  түрлі  қазақ, 

орыс  тілдерінде  педагогикалық  программалар  пакеттері  (ППП) 

жасала  бастады.  Атап  айтқанда,  қазақ  жəне  орыс  тілінде  мынадай 

программалық  өнiмдер:  Е-практикум,  ПРОЛОГ-Д,  ПРОЛОГ-Б, 

ТІЛДІК  ОРТА,  ИЕРАРХИЯ, «Информатиканы  оқыту  əдiстемесi», 

«Есептеуіш  техниканы  оқу  үдерісінде  қолдану»  пəндерiнде 

қолданылатын  программалық  құралдар  пакетi  жасалынып,  ал 

кейбiреулерiнiң аудармасы, оқу үдерісіне енгізу масатында тараты-

лып  отырды.  Кафедрада  жасалған  «ТІЛДІК  ОРТА»  программалық 

құралдар пакетi 1994 жылы Республикалық көрме-жəрмеңкеде бірін-

ші дəрежелі дипломмен марапатталып, Қазақстан Республикасының 

білім  беру  жүйесінде  пайдаланылуға  ұсынылды.  Сонымен  қатар, 

бүкілодақтық  компьютерлендіру  бағдарламасына  сəйкес  аталған 

университеттің  физика-математика  жəне  басқа  факультеттерінде 

компьютерлендіру (ДЕКАНАТ-автоматтандырылған басқару жүйесі, 

ректораттың  оқу-тəрбие  жұмысын  автоматтандыру  (кадрлар,  аспи-

рантура), кафедра мұғалімдерінің оқу жүктемесін есептеу жəне т.б. 

автоматтандырылған басқару жүйелері) жұмыстары жүргізілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет