Теориялық мəліметтер
Информатика пəні бойынша жаңа білім, біліктіліктер
мен дағдыларды меңгеру сабағы келесідей құрылымға ие:
1) ұйымдастыру кезеңі; 2) жаңа білімді беру-меңгеру; 3) бекіту –
білім, біліктілік жəне дағдыларды болжау; 4) тақырып бойынша
əрі қарай жұмысқа нұсқау жəне үйде, кітапханада өзіндік жұмысқа
арналған нақты тапсырмалар.
«Информатика» курсының жеке тақырыбын оқып-үйренуді
аяқтау білімді бекіту, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру
сабағын өткізуді талап етеді. Ол келесі құрылымды қамтиды:
1) ұйымдастыру кезеңі; 2) өткен материал бойынша күрделілігі əртүрлі
жаттығулар; 3) оқушылардың жасалынған жұмыстарының нəтижесін
демонстрациялау; 4) мұғаліммен жұмыс қорытындысын шығару.
Бұл мағынада жаттығуларды жоспарланған ұйымдастырылған
қайталанған əрекетті орындау арқылы білімді меңгеру мен оның са-
пасын арттыру мақсатындағы оқыту əдісі ретінде қарастыру керек.
Жаттығулар келесідей талаптарға жауап беруі тиіс: оқушылардың
іс-əрекет сапасын арттыру мақсатындағы саналы бағытталғандығы;
саналы есеп жəне орындалуы қажет шарттарының бақылануы;
алынған нəтижелерге есеп; қайталауға уақыт бөлінуі. Оқушыларға
берілетін жаттығулардың дидактикалық тізбектілігі: 1) білімді
меңгеруге арналған, оқу материалын есте сақтауға бағытталған
жаттығу; 2) білім сапасын тексеруге арналған жаттығу – меңгерілген
332
материалды көрсетуді ұсынады; 3) практикалық іс-əрекетінде білімді
қолдану арқылы біліктілікті қалыптастыруға арналған жаттығу; 4)
іздеу іс-əрекетінде бұрыннан бар білімді өз бетімен қолдануды талап
ететін шығармашылық типтегі жаттығу.
Достарыңызбен бөлісу: |