Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Оқытудың технологиялық компоненті



Pdf көрінісі
бет162/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   364
Оқытудың технологиялық компоненті

І. Оқу ақпаратын құрылымдау.

1-тапсырма.    Мектеп  оқулықтарында  «ақпарат»  ұғымының 

анықтамасын  беруде  қандай  тəсілдер  қарастырылған  жəне  ол 

мысалдар  арқылы  қалай  көрнекіліктер  көрсетілген?  Нəтижелерді 

кестеде жалпылаңыз.

2-тапсырма.  Оқу  əдебиеттерін  талдау  негізінде  табиғаттағы, 

қоғамдағы  жəне  техникадағы  ақпараттық  үдерістердің  жүру 

ерекшеліктерін  келтіріңіз.  Мысалдар  келтіріңіз,  бұл  үдерістердің 

өзара байланысын көрнекі көрсетіңіз.

ІІ. Жағдаяттық есептер

1-жағдаят. Информатика сабағы өтіп жатыр.

Дəулет («Қатты су ішкісі келіп тұр» деп ойлайды да): «Айнагүл 

Дəлелқызы, тысқа шығып келуге бола ма?», – деп сұранды.

Айнагүл  Дəлелқызы: (Ол  сабақты  оқымағандықтан,  сабақтың 

қалған 5 минутында оны сұрап үлгермеймін деп ойлайды да) «Дəулет 

тақтаға!» дейді.

Əрі қарай мұғалім оқушылардан ақпарат көзін, кодтау жəне қайта 

кодтау, байланыс арналары, ақпаратты қабылдағыш, кедергілер жəне 

кедергінің туындау себебін сұрады.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Аталған  жағдайда  мұғалім  қандай  жалпы  білімділік  жəне 

тəрбиелік мақсаттарға қол жеткізгісі келіп тұр?

2. Оқушылар рөліне өзіңізді қойып көріңіз жəне сабақта күтпеген 

қандай  оқыс  жағдайлар  болуы  мүмкін  екендігін  ойланыңыз,  егер 

оқушының  реакциясы  адекватты  болмаса.  Қолайсыз  жағдайларды 

қалай болғызбау қажет?  Мұғалімнің дұрыс əрекетін негіздеңіз.

2-жағдаят.  Сабақта  кейде  қабілетті  оқушының  жалқау,  енжар 

болуы,  сондай-ақ  көңілі  бір  нəрселерге  алаңдап  жəне  мұғалімді 

естімейтін жағдайлары кей кездері кездеседі. Оның себептері əртүрлі 

болуы  мүмкін.  Мысалы,  бала  көбінесе  анализаторлардың  біреуін 

(тыңдау, көру, сипап-сезу, кинестетикалық) қолдануы жəне қоршаған 



333

ортамен жақсы жұмыс істейтін «байланыс арнасы» арқылы түсетін 

ақпаратты  қабылдауы  мүмкін.  Сабаққа  деген  қызығушылықтың 

жоғалу  себебі  бір  өзі  жұмыс  істеуі,  немесе  керісінше  топпен, 

серіктеспен жұмыс істеуі болуы мүмкін.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Оқушымен ақпаратты қайта өңдеу тəсілін есепке ала отырып, 

оқытудағы педагогикалық техниканы жүзеге асыратын жеке тапсыр-

малар кешенін дайындаңыз.

2. Бала өзіне маңызды нəрселер қайда болса, соны оқиды жəне 

оған қызықсыз формада берілген материалды жақсы меңгере алмай-

ды. Бұл жағдайды жаңа материалды түсіндіруде қалай қолдануға бо-

лады? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет