Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет267/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   364
Тапсырма:  Кез-келген  натурал  санды 16-лық  санау  жүйесіне 

көшіретін программа құрыңыз.




460

Тапсырманы орындаудың бір мысалы:

program 16; {Ондық жүйеден кезкелген жүйеге (32-лік жүйеге де) 

көшіру программасы. Мұның алгоритмі [3]-тен алынды}

var n,k,r,x,x1:integer; as,bs:string;

begin

       writeln; write(‘ондық сан енгізіңіз:’); read(x); x1:=x;



       as:=’’;  write(‘санау жүйесінің негізін енгізіңіз:’); read(n);

       while x>0 do begin

            k:=x mod n; x:=x div n;

            if k<10 then str(k,bs) else bs:=chr(ord(‘a’)+k-10);

            as:=bs+as;

        end;

        write(‘негізі ’,n,’ болатын’,x1,’ саны = ’,as)

end.


Жалпы, информатиканы саралап оқытуда:

 

– тақырыптың  бастапқы  кезеңінде,  тапсырманы  бағдарлағанда 



мұғалім бақылап, көмек беру керек;

 

– мектептегі  информатика  курсында  мұғалімдер  оқушыларды 



бағалай (оқу қабілеттілігі, интеллектуалдық қабілеті жəне т.б.) ала-

ды;


 

– оқушылардың  өзіндік  əрекетінің  үлестік  көрсеткіші  арта-

ды,  информатика  мұғалімі  оқушылардың  пəнге  қызығушылығын, 

шығармашылық деңгейін арттыратын тапсырмалар ұсынып отыруы 

керек;

 

– интербелсенді  оқыту  əдістерін,  заманауи  оқу  құралдарын 



тиімді қолдануды талап етеді.

Əдіснамалық  тұрғысынан  қарастырғанда  жаратылыстану-

математикалық  бағыттағы  жоғары  сыныптарда  информатиканы 

оқыту үдерісінде келесі сəттерге көңіл аудару керек.

Алгоритмдер  мен  программалау  бөлімі  ең  маңызды  орын  ала-

ды.  Жоғары  сынып  оқушылары  əртүрлі  қиындықтағы  жобалар-

ды  орындауға,  программалар  əзірлеуге  үйренуі  керек.  Сондықтан 

объектілі-бағытталған  программалау  əдістерінің  компьютерлік 

программалау  əзірлеуде  қолдану  жолдарын  оқушылар  дұрыс 

қабылдауына  назар  аударылуы  керек.  Мұндай  бағыттағы 

тақырыптарды оқып үйренуде келесі міндеттерге қол жеткізіледі:

 

– объектілі-бағытталған программалау əдіснамасын меңгеру;




461

 

– объектілі-бағытталған  программалау  техникасын  қайсыбір 



программалау тілінде меңгеру;

 

– оқушының 



информатикадағы 

проблемаларға 

жалпы 

көзқарасын кеңейту.



Бұл ретте программалау тілін таңдау үлкен рөл атқарады. Визуал-

ды программалаудың тез танымал болғанын ескерсек, Delphi, Visual 

Basic, C++Builder типті программалау жүйелері сабақтарды жүргізу 

тəсілдерін тиімді етері сөзсіз. Алайда, педагогикалық əдебиеттерде 

əртүрлі көзқарастар айтылады. 

Мұндай проблемалардың бірі жоғары сыныпта бөлінген сағаттар 

визуалды-объектілі  тəсілдерді  меңгеруге  жеткіліксіздігі.  Екінші 

көзқарас Delphi (кей жағдайларда Visual Basic) программалау жүйесі 

Паскаль тілі негізінде құрылған объектілі программалау жүйесі бо-

лып табылады жəне оның кəсіби деңгейі өте жоғары. Borland фирма-

сы  Турбо Паскаль тілін программалауға оқытуға қолдану тілі ретінде 

танытса, Delphi жүйесін əзірлеушілерге Windows стиліндегі интер-

фейс  қолданушыларына    ыңғайлы  еткен.  Сонымен  қатар, Delphi 

«клиент-сервер»  архитектурасы  үшін, Internet үшін  қосымшалар 

əзірлеу  құралы  да  табылады.  Демек  аз  да  болса  бұл  туралы  білім 

оқушыларға таныс болуы керек. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет