Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет268/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   364
Зертханалық тəжірибе

Тақырып: «Əмбебап программалық құралдарды тереңдетіп 

оқыту əдістемесі»

Дидактикалық мақсаты: зерттеу.

Оқытуды ұйымдастыру формалары: тəжрибе.

Оқыту технологиялары мен əдістері: оқу-əдістемелік жоба.

Студенттердің  алдын-ала  дайындығы:  оқу-əдістемелік  жоба-

ның  зерттеу  міндеттерімен  танысуы  жəне    1  тапсырманың 1.1-1.2 

тармақшаларын орындап келулері керек.

Теориялық мəліметтер

Тезаурус құруға қажетті ұғымдар:

1. ақпараттық технологиялар (АТ),

2. аспаптық жəне қолданбалы АТ,

3. кəсіби бағытталған программалық құралдар (ПҚ),

4. əмбебап ПҚ.




462

Тақырыпты мазмұндық əдістемелік талдау

Ақпараттық 

технологияларды 

əртүрлі 


қолданушылар 

əзірлеушілер  де,  компьютерлік  аумақта  кəсіпкер  емес  тұлғалар  да 

пайдаланады,  сондықтан  АТ  екі  класқа  бөлінеді:  аспаптық  жəне 

қолданбалы  технологиялар.  Аспаптық  АТ  программалық  қолдауы 

ретінде  көбінесе  əмбебап  программалық  құралдар  қарастырылады 

(мəтіндік  жəне  графикалық  редакторлар,  МҚБЖ,  кестелік  процес-

сорлар жəне т.б.). Информатиканың базалық курсында оқушыларды 

осы  құралдардың  мазмұндық  толықтыруларымен  таныстырса, 

бейіндік сыныптарда əмбебап ПҚ тереңдетіп оқыту керек.

Жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  жоғары  сыныптар-

да информатиканы оқыту міндеттерінің бірі оқушыларды болашақ 

кəсіби қызметіне дайындау болғандықтан:

 

– оқушыларды  кəсіби  бағдарланған  ПҚ  функционалдық 



толықтырылымдарымен таныстыру керек;

 

– қолданбалы АТ ұғымы аспаптық ақпараттық технологиялардың 



арнайы модификациялары ретінде анықтау керек;

 

– аспаптық  жəне  пəндік  ЖАТ  өзара  əсерін  түсіндіру  керек, 



өйткені  жаңа  АТ  пайда  болуы  пəндік  оқытудың  технологиясын 

түбегейлі өзгертеді. 

Пəндік  оқытудың  технологиялары  белгілі  бір  қызметтерді 

орындауға  бағытталады.  Мұндай  технологиялар  үлгілік  неме-

се  уникалды  сипатта  болады.  Бірінші  жағдайда,  олар  əмбебап  ПҚ 

функционалдық  толықтырылымы  ретінде  жүзеге  асса,  екінші 

жағдайда қолданбалы АТ көмегімен автоматтандырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет